11 миллионыншы Мұхтармектепке келді

Дүйсенбі, 16 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 125 рет

 

Қазақ халқы үшін әрбір шаңырақтың сәулелі шырағы – сәбидің дүниеге келуі. Ол – отбасына қонған бағы. Артында қызы қалғаны – ісі қалғаны, ұлы қалғаны – өзі қалғаны деп түсінеді қазақ халқы. Отбасындағы ұлды ұрпағым деп қадірлей білген. Дүниеге ұл келсе, ұрпақ жалғасы санаған. Ал, тегінің жалғасы бақ-құт әкелер он бір милионыншы сәбидің дүниеге қатар келуі бақ үстіне бақ емес пе?! Міне, сол он бір миллионыншы Мұхтар Абдрахым жаңа оқу жылыныңалғашқы қоңырауы соғылғанда мектеп табалдырығын аттады. Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданды.

Талапты бала, талпынған құстай, Құмары қанбас биікке ұшпай, – демекші, Мұхтардың болашағынан үлкен үміт күтетін азамат екенін байқадық. Салтанатты жиында Мұхтар мектеп түлектеріне ізгі тілегін жыр-шумақтарымен жеткізе білді.

   2012-жылдың 28-желтоқсанында 11 миллионыншы болып туған қазақ Мұхтар Абдрахым Қазығұрт ауданы, Үшбұлақ елді мекенінде дүниеге келді. Бұл атаулы қуанышты ел ағалары елеусіз қалдырмай, жөн-жоралғысын жасап, құттықтап ізгі тілектерін айтқан-ды. Бұл қуаныш Үшбұлақ елдімекенінің тұрғындары үшін   керемет жағымды жаңалықтың бірі болған.

Мұхтардың ата-анасы жақсы тұрады. Осы отбасының өмірі   елге үлгі боларлықтай. Мұхтар – отбасында төртінші перзент. Анасы Шолпан Бақытжанқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, көптеген шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрін себе білген ұстаз. Қазір «Күншуақ» бала бақшасының меңгерушісі. Әкесі Мәлік Абдрахымұлы Бадамбаев ауыл шаруашылығы саласында.

Мұхтарға да, өзге де шәкірттерге айтарымыз, қадамдарына гүл бітсін! Тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол, Қазақстанның беделді азаматы болыңдар деп тілейміз!


Ақмарал ЖАМАЛОВА,

Қ.Өмірәлиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.