ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ АТАНДЫ

Дүйсенбі, 30 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 102 рет

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, 16-қыркүйек пен 21-қыркүйек аралығында «Қаржан» жалпы орта білім беретін мектебінде «Тіл – халық пен мәдениеттің жарық жұлдызы» атты қазақ тілі апталығы өтті. Жоспарға сай, әр күні түрлі іс-шаралар орын алды. Апталықтың төртінші күні 8 «а», «ә» және «б» сыныптары аралығында «Тіл білгірі» атты сайыс өткізілді. Оған әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты. Әрбір топ өз аттарын қорғап, ұрандарымен, топ мүшелерімен таныстырды.
Сайыс 5 шарттан тұрды. Әр шарт бойынша қазылар алқасы ұпай сандарын қойып, топтарды бағалап отырды. Өте тартысты әрі қызықты өткен сайыстың нәтижесі бойынша 8 «б» сынып оқушыларынан құралған «Білгірлер» тобы үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды. Асхат Қанат, Альбина Сейтханова, Ақгүлім Жандарбек, Қарлығаш Орынбаева өздерінің білімді екендіктерін көрсете білді. Сайыс соңында әр топ мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жандаулет СҰЛТАНБАЙ.