«Достық айнасы – шынайылық»

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 37 рет

Өзін-өзі тану

                           

Жуырда Ө.Жамалов атындағы жалпы білім беретін жалпы орта мектебінде 8 «ә» сынып оқушыларымен «Достық айнасы» атты өзін-өзі тану мұғалімінің ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті. Еркін форматта өткен ашық сабаққа пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер, оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтар, психологтар қатысты.

Өзін-өзі тану сабағында алған әсерлерімен бөліскен оқушылар ойларын ашық та, айқын етіп жеткізе білді. Ең алдымен өзін-өзі тану бойынша 5 құндылыққа тоқталып өттік. Олар: дұрыс әрекет, қиянат жасамау, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, ақиқат. Осы бес құндылық жайлы оқушыларға бейнероликтер мен «Достық» тақырыбында слайдттар көрсетілді.

Ал, Смайлов Қалдарбек, Бейсебай Нурзия, Сарманова Анапия, Исақова Назира есімді ұстаздарымыз балалармен бірге мақал-мәтел жарысында бірлесе тапсырмалар орындауға атсалысты. Шәкірттердің ой-өрісін дамыту мақсатында арнайы құрастырма жұмыстары мен сөзжұмбақтар да, ребустар да достық нышанын айқындап тұрды.

Достар, бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!, – деп екі топқа бөлініп шаттық шеңберінде адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерге тоқталып өттік.

 

Базаркүл БЕКЕНБАЕВА,

Ө.Жамалов атындағы жалпы

орта мектебінің өзін-өзі

тану пәнінің мұғалімі.

Тағыда осы категорияда: « ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ АТАНДЫ