Көп тілді білу – заман талабы

Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 310 рет

Семинар

 

        Жуырда М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Көп тілді білу – заман талабы» атты аудандық семинар өтті.

       Оған ауданымыздағы білім ошағынан 40-қа жуық мұғалім қатысты. Аталмыш шараға қатысушыларды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Үрлайім Абубакирова мен мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Берік Каюпов, ұстаздарымыз Жанна Қадірова мен Оразкүл Кұдайбергенова мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

      Басқосуды мектеп директоры Манзура Тұрғымбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Құралбаева ашып, алдағы уақыттағы атқарылар жоспарларымен бөлісті.

   Семинарда мектебіміздің мұражай жетекшісі Балнұр Айтжан келген қонақтарға «Күн шуағы» тренингін өткізсе, мектебіміздегі музыка пәнінің мұғалімі Биназаров Мұхтар ағайымыз концерттік бағдарлама қойып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.

     Жоспар бойынша ағылшын тілі пән мұғалімдері ашық сабақтар өтті. Ж.Жақсылықова 3 «а» сыныпқа «Around the house» тақырыбында, ал, 1 «а» сынып оқушыларына Жайнагүл Абдалиева «My pets» тақырыбында ашық сабақ өтті.

   Биология пәнінің мұғалімі Гүлнар Құлымбетова сабаққа енген мұғалімдерге сабақтың тақырыбына сай жануарларды таңдау арқылы өздерінің мінездерін танитындықтары жайлы мінез-құлқы тренинг өткізді.

Сабақтардан шығып, мектебіміздің тренері, математика пәнінің мұғалімі Оразкүл Жүнісбекованың «Сыни тұрғыда ашық сұрақтар қою» тақырыбында ұйымдастырылған коучинг сабағына қатыстық. Семинар соңы тәлімгеріміз Меруерт Сақтағанова және музыка пән мұғалімі Мұхтар Биназаровтың ұйымдастыруымен оқушылар «I love English» атты кеш өткізді.

Семинар соңында ұстаздар ұсыныс, пікір білдіріп, баға берді. Мұғалімдер аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

                                                 Жанат   ЖАҚСЫЛЫҚОВА,

                                          М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім

                                       беретін мектебінің ағылшын тілі пінінің мұғалімі.