Орыс тілі апталығы өтті

Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 172 рет

 

Жуырда Қ. Өмірәлиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен "Владеть русским языком, значить владеть второй душой" тақырыбында орыс тілі апталығы өтті.

Апталық мектеп қабырғасын безендіруден басталды. Салтанатты жиынның ашылуын мектеп директоры О.Салыбаев ашып берсе, апталықтың жоспарымен бірлестік жетекшісі Мақұлбай Мұрат таныстырды. Орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында 5-11 сыныптарға «Абай және Пушкин» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Шәкірттеріміз бен ұстаздар орыс халқының әдеп ғұрыптарын сахналап, орыс халқының билерін биледі. Мұнан өзге «Звездный час» ойынын жоғары деңгейде көрсете білді.

Апта бойы  бастауыш сынып оқушылары үшін орыс ертегілеріне байланысты көркем сурет сайысы, «Қыс» мезгіліне байланысты мәнерлеп оқу сайысы өтті.          Апталықтың соңғы күні мерекелік қорытынды жиын өтті. Пән мұғалімдері сыныптарға жоспарлы ашық сабақтар өтіп, өте жақсы деген бағаға ие болды. Осынау апталықта жақсы білімімен, өнерімен, алғырлылығымен көзген түскен 10- сынып оқушылары Шалқарбай Лашын мен Ералхан Динара, 7-сыныптан Сапарбек Сабина, 5-сыныптан Ошақбай Мардан, ал 6-сыныптан Әлімқұл Нұрсәт, Тоқтабай Ұлмекенге мектепішілік марапаттаулар табыс етілді.

Осынау апталықтың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Жанар Жунисова, Тоғжан Тулешева, Нұржамал Мұханова т.б апайларға мектеп директоры Оралбек Салыбаев алғыс білдірді.

         «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – демекші оқушыларымыз апталыққа бар ынтасымен қатысып, тіл – достықтың кепілі екендігін аңғартқандай болды.

Жанар ЖУНИСОВА,

Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы

білім беретін орта мектебінің орыс тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Тағыда осы категорияда: « Көп тілді білу – заман талабы