СЕРГО ОРДЖОНИКИДЗЕДЕН ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВҚА ДЕЙІН...

Жұма, 19 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 67 рет

46545

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Тұрбат ауылын­дағы Тәуелсіз елдің білім беру саласындағы шамшырағы саналатын жалпы орта білім беретін мектептің тарихына көз жүгірткіміз келді. Себебі, бұл мектептің тарихы 1935-жылдан бастау алған «Ынталы» бастауыш мектебі еді. 1939-жылы бастауыш мектептер біріктірілуінен 1939-жылы «Ынталы» бастауыш мектебінің орнында 7 жылдық Серго Орджоникидзе атындағы орталау мектебі ашылып, директорлыққа Сарыбасов Қадыр бекітіледі. 1942-жылы Орджоникидзе атындағы орта мектеп болып құрылады Ұлы Отан соғысының қиыншылықтарына байланысты, оқушылар контингентінің толмауынан көп ұзамай қайтадан орталау мектепке айналады. Мектепті барлық бала қазақ тілінде оқыған. 1952-жылы мектеп директоры болып, Төлепов Абдан жұмысқа кіріседі. 1953-жылы мектеп «Октябрьдің ХХХ жылдығы» орта мектебі атауы мен статусын алады. Алғашқы түлектер – 1953-1954 оқу жылындағы мектеп бітірушілер.
1958-1959 оқу жылында «Қызылдихан» өзбек орталау (7 жылдық) мектебінің 5-7 сынып оқушылары «Октябрьдің ХХХ жылдығы» орта мектебіне ауыстырылады. 1957-жылдан Әбдіхалықов Қуат, Тастанбеков Тәңірберген, Ташов Зедбек, 1960-жылдан Дайырбеков Төленбай мектеп директорлары болып қызметін абыроймен атқарады.
Мектеп тарихында ұстаздық үлкен үлесі бар мұғалімдер 1953-1963 жылдары Сайдазимов Әлім, Құлыпбеков Амал, Отбасаров Сайдазим, Қарабаев Қартбай, Бекманов, Балбарақов Ағзам, Рахымжанов Кәрімберді, Рахымжанов Құдайберген, Гилманов Ысқақ, Оспанбеков Өтебай, Анарбаев Мәжіт, Муратов Абдулла, Қараев Ергеш, Турсинов Құдайберген, Хамидов Ергеш, Ешимов Мутәлі, Исрайлов Исмайл, Юсупов Дәурен, Саудабаев Дүйсебай, Көптаев Перне, Ғұламова Ташай, Сәлімбеков Жолдасбек, Жұмабеков Сейітбек т.б.
1982-жылы мектеп директоры Т.Дайырбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты осы қызметті 1982-1983 жылдары тәжірибелі, білікті ұстаз Асқаров Файзулла атқарады. 1983-1985 жылдары Төленбай Дайырбеков қайтадан өз қызметіне келеді. 1985-2003 жылдары Ботаев Әділбек директорлыққа тағайындалады. Оның әр сөзінен елге деген құрметін, қасиетті тілге, ділге деген жанашырлығын, рухани мықтылығын, аңғаруға болатын еді. Ол білім беріп шығарған шәкірттеріне, яғни, ұстаздарға ұстаз болды. Білім ордасын қилы кезеңдерде жоқтан бар жасап, қалыптасуына үлес қосты. Мектепте физика, химия және орыс тілі мен қазақ, өзбек тілдерін тереңдетіп оқытуға баса назар аударды. Озық ойлы шәкірттері аудан, облыс пән олимпиадаларына қатысып, жоғары оқу орындарының білім гранттарын жеңіп алғандары бар.
Мамандық беру ісі бойынша автомобиль және тігіншілік кабинеттері қазіргі заман талабына сай жабдықталды. Спорт саласы жақсы жолға қойылды. «Тәуелсіз елімізді әлемге танытатын да, өркендеуіне үлес қосатын да, бәсекеге қабілетті жастар. Яғни, жастардың озық ойлы көшбасшылық қабілетімен танылуына, ықпал ету, бүгінгі ұстаздың басты мақсаты», – деуші еді Әдекең. Әдекең басшылық жасаған жылдары шығармашылықпен танылған ұстаздарымызды мақтанышпен еске аламыз. Бұл ұстаздар қатарында Тұрсынқұлова Әнипа, Каланов Салыходжа, Қадіров Тастемір, Қадірова Несіпкүл, Тұрдалиев Жақсылық, Бақбергенова Зубайра, Мекенбаева Рахима, Мырзатаев Хабибулла, Лайық Анарбай, Калекова Нұржамал, Шәмшиев Құдайберген, Тәңірбергенов Құдайберген, Сүлейменова Гүльчехра, Темиров Зухриддин, Абдурасилов Абдурауф, Халов Хурсан, Аманқұлов Әбдеш, Сейтімбетова Бағдат, Әшірова Алтынқыз, Сабитов Ғұлам, Тайшықова Лағыл, Мырзақұлова Жүрсінай, Абдураемова Роза, т.б. атауға болады.
Осы мектептен түлеп ұшқан түлектеріміздің жетістіктерін атап өтсек:
Жармұхамедов Серік (1955-жылы бітірген) – кино режиссер, КСРО Кинматографистер Одағының мүшесі; Өтешұлы Ізбасар (1957-жылы бітірген), өнер қайраткері, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, профессор; Қосанбаев Құрбанбек (1961-жылы бітірген), философия ғылымының докторы профессор; Байдалиев Сайдахмет Әуелбекұлы (1963-жылы Шымкенттегі қазақ технологиялық институтын бітірген).
ОҚО облысын дамуына үлесін қосқан; Құрбанов Сайым Құрбанұлы (1958-жылы бітірген), ғалым, мал дәрігерлік ғылымдары кандидаты; Садық Бақтияр (1964-жылы алтын медальмен бітірген), ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы; Тұрсынметов Кәмілжан Ахметұлы (1965-жылы орта мектепті алтын медальмен бітірген), физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Нью-Йорк академиясының академигі; Мұсабаев Батырбек Қалаубайұлы (1971-жылы мектепті бітірген), ғалым, техника ғылымдарының докторы; Сабитов Бахадир Орынбайұлы (1966-жылы бітірген), Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы; Омарова Нұрбүбі (1972-жылы бітірген), ақын, журналист, Өзбекстан, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Алдияр Бақытжан (1991-жылы бітірген), ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Республикалық М.Ғабдулин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның иегері; Шауполатов Әбдірахым (1960-жылы бітірген), спортшы ұстаз; Халов Хурсан (1964-жылы бітірген), спортшы ұстаз; 1974-жылы өткізілген Бүкіл Қазақстандық ауыл шарушылығы қызметкерлерінің ойындарының жалауын көтеру құрметіне ие болған; Аханбаев Тілеу өнер қызметкері, режиссер, аудандық «Қазығұрт тынысы» газетінің штаттан тыс тілшісі болған; Ходжиев Мурат Бузрикұлы (1975-жылы бітірген), ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты; Сайлан Болат Санабайұлы (1984-жылы бітірген), белсенді, тарих ғылымдарының докторы, профессор, көп еңбектері ауған соғысы және оған Қазақстандықтардың қатысуы тақырыбына арналған; Тұрсынқұлов Ержан Алтынбекұлы (1993-жылы бітірген), заңгер; Каланов Комил (1986-жылы бітірген), ғалым, әлеуметтік ғылымдар докторы.
Ұстаздарынан білім алып ұстаздық жолын таңдап, мектеп басқарған және басқарып келе жатқан директорлар: Әлимбаев Бұхарбай Тағайұлы – Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде директор болған; Нұрқұл Жанат Қаныбекқызы – «Болашақ» мектеп-гимназиясының, Тұрдалиева Бағила Әшірбекқызы – С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің, Сманов Арыстан Сейтжаппарұлы – «Жаңатірлік» жалпы орта білім беретін мектебінің, Аманқұлов Нұрлан Әбдешұлы – «Еңбек» жалпы орта білім беретін мектебінің, Төреқұлов Нұржан Қыдырбайұлы – «Қызылдихан» жалпы орта білім беретін мектебінің, Сабитов Жавлон Бақадырұлы – Т.Тула атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры. Ал, Жиренбаев Мейірбек Мұратұлы – «Таң» бас­тауыш мектебінің меңгерушісі.
Сабитов Бахрам 2003-2008 жылдары мектептің директоры болса, 2008-жылдан бастап, осы күнге дейін мектеп директоры қызметін Тұрсынқұлов Нұрлан Алтынбекұлы атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 2019-жылы мектепке композитор, Қазақстан Республикасы Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді. Бұл жылдары мектепте жаңадан физика, химия, биология және мультимедия кабинеттері, интерактивті тақталар алынды. Оқушылар өміріне Ұлттық Бірыңғай Тестілеу енгізілді. Білім саласы жаңартылған оқу форматына көшті. Инклюзивті білім беру енгізілді. Мектептегі оқу тәрбие жұмысы бақылау департаменті тарапынан зерделенді және жоғары баға алды. Мұғалімдердің білімін біліктілігін аттестаттау жаңаша форматқа көшті. Қазіргі таңда, мектепте 41 сынып комплектісі бар, оқушылар саны мектеп алды дайындық сыныбын қосқанда – 874. Шығармашылықпен жұмыс істеп жатқан мұғалімдер, «Педагог шебер» Тәңірбергенов Жағыппар, Тұрсынқұлов Нұрлан, Жамалова Гүлімжан, «Педагог-зерттеушілер» Халов Абдулла, Жамалова Гүлжан, Өсербай Нағима, Абдураемова Роза, Тоғатаева Балнұр, Торғауытова Нұржамал, Тажиқұлова Замира, Каланова Махира, Мергенбаев Махсат, Қарнақбаева Шолпан т.б. лайықты жұмыс атқаруда.
Бұл шағын мақалада 70 жылдық тарихы бар мектептің тыныс тіршілігін толық жарыту мүмкін еместігі түсінікті. Ел, Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қазіргі заманғы, қуатты, әрі серпінді мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы әлемде ойып тұрып, өз орнын алды.
Тәуелсіздік пен теңдік, тұтастық пен елдік, ынтымақ пен бірлік – өте қасиетті ұғымдар. Осы құндылықтар 30 жыл ішінде Қазақстанға жеңісін, де жемісін де сыйлады. Бұл жолда ұстаздардың еңбегі ерекше.


Бахрам САБИТОВ,
зейнеткер ұстаз.