ДАРЫНДЫ ДАНА ШӘКІРТІМ!

Жұма, 19 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 58 рет

8db7c67a-135f-406b-b6b2-af9717d62199

Өмірде адам баласының бойында ашылмай жатқан қырлары болады. Ал, адамдардың бір тобында ол дарын қанмен пайда болады. Міне, менің шәкіртім Данаға әкенің қаны, ананың сүтімен келген қастерлі қасиет. Ол бала күнінен зерек, жан-жақты білімді, кез-келген тапсырманы тыңғылықты орындай білетін. Сол қасиеті үлкен өмірге жетелеп келді. Дана -домбырада ойнауда шебер. Анасының жолын қуып, іскерлігін алған. Тігін тігеді, құрақ құрап, көрпе қабиды.
Шәкіртім негізінен гуманитарлық ғылымға ден қойды. Дарынды балаларға арналған олимпиадаға қатысып, Қазақстан бойынша топтан суырылып, алға шығып, «Биіктік белесінде» атты медальдің иегері атанды. Құтты болсын дейміз! Алдағы уақытта алар асуы биік болғай! Осындай оқушылардың дарынын ашып, қолдап, қол ұшын берсек, жас ғылым өркен жайып, жас ғалымдар көбейген болар еді.
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 11 «а» сынып оқушысы Дана Қасымханқызы Байтүлеуованың мерейі үстем болсын, ақ жол тілейміз!
Дана қызымыз өз арманын: «Ақ желеңді абзал жан болып, халыққа қалтқысыз қызмет ету», – дейді. Өзге елдерге саяхатқа шығып, әлемнің жеті кереметін көзбен көру.
Ойлап қарасам, Дананың барлық ғылымдарға қызығушылығы бар екен. Қасиетті Қазығұрттың тумасы Дана Қасымханқызының талабы терең, талғамы биік екені осыдан аңғарылып тұр. Бұдан адам баласының туған жерінен нәр алып, сол елдің патриоты болатындай қасиетке ие боларына көз жеткізуге болады.


Жұманәлі ҚҰЛАМНАЗАРҰЛЫ,
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің
тарих пәнінің мұғалімі.