ҰСТАЗҒА АРНАП КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Жұма, 26 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 85 рет

5f313e17-bcd6-44d5-a075-401a670a19f5

Жуырда Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, "Ы.Алтынсарин" медалінің иегері, кезінде осы киелі шаңырағымыздың директоры болған ұлағатты ұстаз, физик Қарабаев Медет Қарабайұлының атына физика кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына ауданымыздың игі жақсылары мен Қарабаевтар отбасы келіп жақсы тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Ұлағатты ұстазымыз Медет Қарабайұлының өнегелі өмірін насихаттау мақсатында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сахова Айгерім жетекшілік жасайтын 7 «В» сыныбымен «Өшпестей із қалдырған, ұстаз аты – мәңгілік» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Ашық тәрбие сағаты сыныптың озат оқушыларының әсерге толы Фариза Оңғарсынованың “Ұстаз” өлеңін нақышына келтіріп оқуымен басталды. Сыныптағы әрбір оқушылар назардан тыс қалмады. Сабақ барысында Медет Қарабайұлы мен әкесі Қарабай Арынбекұлының өнегеге толы өмірін оқушылар жатқа айтып берді. Бірі өлең оқыса, бірі ән орындап, ендігі бірі қазақтың ұлттық биін билеп, өздерін жан-жақты қырларымен көрермендерді тәнті етті.
Аталмыш іс-шарада А.Сахова ардақты ұстазға арнау арнап, бейнеролик жасады. 7 сыныптың оқушылары Руслан, Элдана, Балсезім, Аяулым, Назерке, Бану – М.Қарабаев ағамызға арнаған өз өлеңдерін жатқа оқыды. Дарынды шәкіртіміз Дулаттың Медет Қарабайұлының суретін айнытпай салғаны кеш қонақтарының көңілінен шықты.
Кеште сыныптың әнші ұлдары Заңғар, Айдынғали, Русланның “Мен қазақтың ұлымын” әнімен аяқталды. Ұстаздың өмір жолы мен қызметі жайлы айтылып, жасаған, көпке үлгі ізгі амалдары жайлы баяндалды. Кабинет соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған.

Жұманәли ҚҰЛАМНАЗАРҰЛЫ,
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің
тарих пәнінің мұғалімі.