БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ!

Жұма, 13 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 67 рет

b9544afe-3fbf-4ce8-a21d-ec75a4896a92

Биыл Ұлы Жеңіс күні мерекесіне 77 жыл толып отыр. Осынау бейбіт күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Батыр ағаларымыздың ерлік істерінің, қан мен тердің арқасында келді.
Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Ұлы Отан соғысына Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз қатысты.
Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады. Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады. Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті.
«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер ­тас­пен қашалып, ойылып жазылған. Ал, осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.
Мерекеге орай «Шарбұлақ» бөбекжай балабақшасында «Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты іс-шара Қарлығаш және Ботақан топтарында ұйымдастырылды.
Іс-шараны өткізудегі мақсат – балаларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істері туралы түсінік беру. Ұл-қыздарымызды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Ертеңгілікте балалар жеңіс, туған жер тақырыбында өлеңдерді жатқа оқыды. Сол кездегі майдан шебіндегі оқиғалар бойынша көрініс қойды. Келген ата-аналар балаларының өнерін тамашалады. Осынау шараны ұйымдастырған тәрбиеші апайларына, балабақша ұжымына алғыстарын білдірді.


Айгүл БЕКМҰРАТОВА,
«Шарбұлақ» балабақшасының тәрбиешісі.