ТҮЛЕКТЕР ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Жұма, 03 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 111 рет

119         Шарбұлақ соңғы қоңыр

«Шарбұлақ» жалпы орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны өтті. Бұл – қызығы да, қиындығы да мол әр оқу жылының өзіндік өрнегі бар, оқушы балалардың сыныптан сыныпқа өтіп, әрі қуанатын, әрі есейетін, естелік тарихи оқиғалары көп мектептің айрықша мерекесі. Ұстаздарына ата-анасындай еркелеп, 11 жыл бойы тәлім-тәрбие мен ілім-білім нәріне сусындап, балалық шағын өткізген жас түлектердің алтын ұя мектебімен қоштасу сәті де жетті.
Соңғы қоңырау мерекелік жиынында алдымен мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер құрметпен ортаға шақырылды. 20 жыл бұрынғы түлектерден 11 «а» сыныбы және 11 «ә» сыныбы болған оқушылар алғашқы ұстаздарымен, сынып жетекшілерімен келді. Содан соң алтын ұя мектебінің қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған биылғы мектеп бітіруші түлектер қарасы көрінді. Олар да дәстүрді сақтап, алғашқы әріп танытқан ұстаздарымен, сынып жетекшілерімен келіп, салтанатты жиынның шырайын кіргізді. 11 «а» сыныбы бастауыш сыныптағы ұстазы Эльмира Сатыбалдиевамен және қазіргі сынып жетекшісі Гүлжан Бикараевамен, 11 «ә» сыныбы жетекшісі Сағадат Рысбековамен, 11 «б» сыныбы жетекшісі Бейсенбай Асаевамен шықты.
Алаңға ҚР-ның Туы әкелінді, Әнұранымыз ойналды, гүл шоқтарын қою рәсімі орындалды. Салтанатты жиынның құрметіне 1 «г» сынып оқушылары Кәусар Бақтияр мен Ботакөз Абдулла «Мектеп» әнін шырқады. Содан кейін мектеп директоры Жанар Жансейітова сөз алып, салтанатты жиынды ашты. Мұғалімдер мен оқушылар жетістігіне тоқталды. 2021-2022 оқу жылындағы бастауыш сынып оқушыларының жетістіктері туралы айтып өтер болсақ, Әмина Кәрімжан (жетекшісі Айгүл Мұсабекова) аудандық логикалық есептер сайысының І дәрежелі диплом иегері, Сезім Райыс (жетекшісі Мадина Дүйсебай) аудандық логикалық есептер сайысының ІІІ дәрежелі диплом иегері, Інжу Қайнарқызы (жетекшісі Ботагөз Жабаева) «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының аудандық кезеңінде І дәрежелі диплом иегері, облыстық кезеңінде «Мақтау қағазы иегері, Айзере Кәрімжан (жетекшісі Назида Батырбекова) аудандық «Бастау» математикалық турнирінің ІІ дәрежелі диплом иегері, Бексұлтан Балықбай (жетекшісі Айнұр Есенбаева) аудандық «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының ІІ орын иегері. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктеріне тоқталсақ, облыстық олимпиаданың аудандық кезеңінде: Айсәуле Құттыбаева ІІІ дәрежелі диплом иегері, Мадина Дүйсебай «Зерделі ұстаз» номинациясының иегері, Зағипа Бәкірбаева аудандық «Ең креативті мұғалім-2021» байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері, Айгүл Мұсабекова аудандық «Үздік ашық сабақ-2022» байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері.
5-сынып оқушыларынан: Еркежан Айтубаева облыстық «Отбасы балалар көзімен» суретшілер байқауының ІІ орын иегері, Нұрлыайым Асан аудандық таэквондо біріншілігінің ІІ орын иегері, Ернар Елшібай аудандық «Тәуелсіздік тұғырым» атты жас суретшілер байқауының ІІІ орын иегері, 8-сынып оқушыларынан: Данаел Әбдіқасым республикалық еркін күрес турнирінің І орын иегері, Майра Ордабек аудандық «Жас әншілер» байқауының І орын иегері, 9-сынып оқушыларынан: Бақтыбек Райыс республикалық еркін күрес турнирінің ІІ орын иегері, Бекзат Ибрагим республикалық еркін күрес турнирінің ІІІ орын иегері, Жанерке Әшір аудандық «Ұлттық мектеп лигасы» бәсекесінің І орын иегері.
Тағы да мұғалімдердің жетістіктері: Ләйла Тұрлыбекова математика пәні бойынша аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқаудан «Алғыс хат» алса, Дариға Жүнісова қазақ тілі пәні бойынша республикалық Qaztest.kz онлайн олимпиадасының І орын, аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқауының ІІ орын иегері, Гүлнар Ибрагим директордың оқу ісі бойынша орынбасарлары арасында аудандық «Үздік әдістемелік басылым» атты байқауының ІІ орын иегері, математик Ғалымжан Тұрсынбаев аудандық олимпиадада І орын алса, Бегалы Рысқұлов директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасарлары арасында «Үздік әдістемелік басылым» атты аудандық байқаудың І орын, облыстық байқаудың ІІІ орын иегері, математик Набира Құлымбетова облыстық «Ең үздік әдістемелік басылым» сырттай байқауының аудандық кезеңінің ІІІ орын иегері, Нұрия Сатыбалдиева мен Шолпанай Әлімова облыстық «Үздік сабақ жоспары» сырттай байқауының ІІ орын иегерлері. Тағы да оқушылардың жетістіктері: Шұғыла Әбдірахман аудандық «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» байқауының ІІ орын иегері, 5-сынып оқушыларынан, Жанерке Әшір аудандық олимпиадада (орыс тілінен, жетекшісі Қ.Жамалбекова) ІІІ орын алса, Ерзат Асан аудандық олимпиадада (Қазақстан тарихы пәнінен, жетекшісі Н.Сатыбалдиева) номинация иегері, 7-сынып оқушысы Нұрай Оңғар аудандық пән олимпиадасының (химия пәнінен) ІІІ орын иегері, 8-сынып оқушыларынан, Нұрила Анар аудандық ғылыми жобалар байқауының (биология пәнінен) І орын иегері, аудандық пән олимпиадасында Аида Үсіпбекова (математика пәнінен) ІІ орын, Думан Шалқар (биология пәнінен), Жанат Тағай (химия пәнінен) мен Әлия Бекбосын (информатика пәнінен) ІІІ орын иегерлері, 9-сынып оқушылары Аяжан Зұлпыхар аудандық Сүйгенбаев атындағы олимпиаданың (математика пәнінен) ІІ орын иегері, Хасан Тастан республикалық «Айқанат» олимпиадасы облыстық кезеңінің І орын иегері, 10-сынып оқушысы Ақниет Бисариева аудандық пән олимпиадасының (өзін-өзі тану пәнінен, жетекшісі Айнұр Есенбаева) ІІ орын иегері.
Мектеп басшысы білікті ұстаз Набира Құлымбетованы ең жоғары атақ Ы.Алтынсарин атындағы медалімен марапаттады.
Содан соң Шарбұлақ ауылы әкімі Жандос Үсенбеков, ауыл округінің төбе биі Амантай Құтымбетов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілесбек Ырсынов және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Анар Қазыханова сөз алып, ұстаздар мен оқушыларды мерекелерімен құттықтады. Биылғы түлектерге ақ жол тіледі. Қабыл Батырбеков республикалық «El qurmety» қоғамдық қорының «Ұстаз мерейі» медалімен және аудан әкімінің «Алғыс хатымен», Күләйхан Исмаилова Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мектепті бітіруші түлектер соңғы вальс биіне тербелді. Ортаға сөзге шығып, мектеп ұжымына және ұстаздарына алғысын білдірді. 20 жылдық түлектерге де сөз беріліп, олар ұстаздарын құрметтеп, сый-сияпаттарын жасады. Ақырында сыңғырлап соңғы қоңырау соғылды. Жаңа өмірге қадам басқан мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ сынағы күтіп тұр. Салтанатты жиынға қатысқан барлық ұстаздар мен ата-аналар олардың сол сынақтан жоғары баллмен өтіп, өздерінің таңдаған мамандық иесі болуларына тілектестік білдіріп жатты.

Құралбек ҚОЖАННЕМЕРЕСІ.