Рухани жаңғыру – Білімнің салтанат құруын қамтамасыз етуі үшін дайындалған білім беру бағдарламасы

Бейбенбі, 09 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 234 рет

1546595724slayd1 1

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік беретіні белгілі. Тарихы мен салт дәстүрін санасына құйып өскен ұрпақ қана елінің ертеңі үшін ойланатын ұрпақ болып өспек. Ұлттық тәрбиенің түп тамырынан алшақтамай, аталарымыз айтқан әңгімелері мен қисса дастандары арқылы елі мен жерін сүйетін сан ұрпақ өсті. Еліміздің сан ғасырлық тарихындағы ұлы дала мәдениетінің алуан түрлілігі мен тәрбие беру ерекшелігінің мақтан етер тұстары өте көп. Осы бағдарламада «Ұлттық код» немесе ұлт ерекшелігі жастарды тәрбиелеуде басты назарда. Елбасымыз айтқандай «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу». Ендеше Абайтану, Мұхтартану пәндерінің студенттерге білім берудің оқу жоспарына енгізілуі маңызды деп санаймыз. Жастар олардың өмір жолы мен еңбектерімен терең танысу қазақи болмыс пен барлық ізгілікті бойына сіңіруіне ықпал етері даусыз.

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 6В04130 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар дайындауды жүзеге асыруға арналған білім беру бағдарламасы уақыт талабына сай дайындалып, мамандық бойынша білім алушылардың жан жақты даму мүмкіндіктері қарастырылған. Білім беру бағдарламасының мақсаты барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы экономикалық субъектілерде есепке алу-талдау және бақылау процестерін ұйымдастыру принциптерін меңгерген кең бейінді (профильді) жоғары білікті бакалаврларды дайындау болып табылады. Білім беру бағдарламасы қызығушылық танытқан тараптардың талаптарына сай түзетілген, қажетті зерттеу, практикалық және кәсіпкерлік қызмет түрлерімен байланысты кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру арқылы кәсіби және әлеуметтік тәртіпке бағытталған.

Қоғамдық сананы жаңғырту мен ұлттық сананы қалыптастырудың маңыздылығын сезіне отырып студент жастарға білім беруде жоспарына «Ұлттық сананың қалыптасуы мен рухни жаңғыру негізіндегі қоғамдық ғылымдар» модулі бойынша «Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» деп аталатын компоненттер бар.   «Академиялық жазу негіздері» деп аталатын курстың басты ерекшелігі оның жазу дағдыларын дамытуға тәжірибелік бағыттылығы болып табылады, ол когнитивтік және тілдік дағдылардың қатар дамуын көздейді. Пәннің негізгі дағдылары мен іскерліктері рефераттар, мақалалар және біліктілік жұмыстарын жазу кезінде әрі қарайғы ғылыми-тәжірибелік қызметте қолданылады.

           Білім беру бағдарламасын дайындау үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктейді. Ал студенттің тек қана кәсіби біліктілігін ғана емес, жан жақты дамыған тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ету үшін жасалған бағдарламаның құны әрқашанда жоғары болмақ. Жастардың құндылықтарды меңгеру арқылы ұлттық кодтың ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылыққа қол жеткізу мүмкіндігі. Ендеше М.Әуезов атындағы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған студент ол өз кәсібінің маманы ғана емес, Президентіміз Қ.Тоқаев айтқандай Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың «толық адам» тұжырымына толық сәйкес келетін тұлға болмақ.

 

Білім беру бағдарламасын дайындауға қатысушылар кафедра меңгерушісі К.Б.Сатымбекова,

аға оқытушы С.С.Ахметова, Н.К.Саркулова, К.А.Атенова.