АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫ: ЗЕРТТЕУ, ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 109 рет

123 Ахмет Байтұрсынов

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды
тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай
тіліміздің де сақталу қамын жанымыз ашып
ойлауымыз керек.

А. Байтұрсынұлы.

А.Байтұрсынов  туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім  алуын аңсады. «Адамға тіл, құлак  қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», – деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабырғасына катты батты. Бұл жөнінде: «Осы күнгі ауыл мектебінде оқуға керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары... Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі...» деп ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де «орыс мектептерінде тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікірі бүлдіріп отыр», – деп, қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді. Ол патша  әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі айқындай түсіп, «Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі – өз дінін, тілін, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Қазақты басқа дінге аударамын деу – құр әурешілік. Қазақты дінінен аударуға болмаса, жазуынан да аударуға болмайтын жұмыс» деп, өз пікірін батыл білдірдірген А.Байтұрсынұлы бірінші бала білім алу үшін өз таңбамыз, өз жүйеміз болу керектігін алға мақсат етіп сол жолды жүйелеп ұсынған болатын. Ал ол ұсынысты іске асыру да оңай болмады.
Ендігі кезекте сол А.Байтұрсынұлының негізгі мақсатын қазақ халқына ұғындыру жеңілірек. Себебі қазіргі азаматтарымыз сауатты, барлығын түсініп егемендік алғаннан бергі жылдарда алға қарай дамып келеміз. Енді осы даму жолында Ахмет Байтұрсынұлындай бүкіл жастар саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштаса... Ол үшін біздер, мектептегі мұғалімдер, жоғарыда отырған министрлермен бірлесе отырып, бала біліміне көңіл бөлу – бұл мемлекет алдында тұрған бірінші мәселе. Біздер пәндік білімге Ахмет Байтұрсынұлы секілді қоғам қайраткерлерінің еңбегін, бір ғана еңбегімен шектеп қоймай, әр сыныпқа жүйелі түрде бірнеше шығармаларын, жоғарылай келе мақалаларын жүйелеп беріп, негізгі мақсаттарын жүйелі түрде түсіндірсек, міне сонда ғана алға қарай қадам басып, балаларымыздың қоғамның дамуына деген ынтасын, білімдерін дамыта аламыз деп ойлаймын.
Әдебиеттану саласы.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығарудағы еңбегін, ондағы жазылған шығармаларын, мысалдарын жинақтап бір ғана емес, 2 немесе 3 шығармаларын берсек. Мақсат бойынша берілсе де талдаған күннің өзінде бірлестіре саралап, бірлестіре салыстыра талдауға да өте тиімді екеніне көзіміз жетуде.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926-жылы «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926-ж.). Бұл шығармаларын 8-10 сыныптарға меңгере алатындай жас ерекшеліктеріне сай реттелсе... Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болған. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.
Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білген, сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17-ғасырлардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар. Балалар осындай жырлармен сусындап өсіп, қазіргі балаларға ұқсап нақты да жан-жақты ұстаз алдында бағыт алып оқымаса да өз еркімен іздене оқығанын дәлелдеу арқылы бала бойына сіңірсек.
2. Аудармалары
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И.Хемницердің «Атпен есек», А.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Түркітану
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.
1926-жылы Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның іргетасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді.
Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Алдымен ауыл мектебінде (1882-1884), кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895-1909-жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Отаршылдыққа қарсы күрес үшін бірнеше рет тұтқындалды, жер аударылды (1909). 1913-1917-жылдары «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-1919-жылдары Алашорда қатарында, ал 1919-жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссиясының төрағасы, халық ағарту комиссары, 1925-1929-жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды.
Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926-жылы Баку қаласында өткен түркологтардың Бүкілодақтық I съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның жұмысын басқаруы, Қазақстан оқу-ағарту халық комиссариатындағы баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады.

Гулбахира БЕЙСЕБАЕВА,
«Талдыбұлақ» негізгі орта мектебінің мұғалімі.