ОҚУ ЖЫЛЫН ЖЕТІСТІКПЕН АЯҚТАҒАН ҰЖЫМ

Жұма, 01 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 176 рет

Аудан орталығындағы №11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты ұстаздары мен оқушыларының 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктеріне, сонымен бірге, білім ұясында өткен іс-шараларға тоқталғанды жөн көрдік. 1-қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиын өтіп, 1-сынып оқушыларына қайта оралып келген Әліппе кітап-оқулығы табыс етілді. Сол күні барлық сынып тәрбиешілері «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Қыркүйектің 22-сінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша 7-9 сынып ұл балалары арасында жиналыс болды. Оған Қазығұрт АІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі М.Алтынбеков, АІІБ КТІЖБ ЮПТ басшысы, полиция майоры Т.Нұрбеков қатысты.

02          Омар Салыбеков
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 07/3649 санды хатына сәйкес, «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» кешенді іс-шара жоспары жасалып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Мектеп ұжымы және АІІБ КТІЖБ ЮПТ басшысы, полиция майоры Талғат Нұрбековтің қатысуымен тәрбие жұмысы бойынша семинар кеңес өткізілді. Семинарда зорлық-зомбылықтың алдын алу жоспары жайлы ДТІЖО О.Салыбеков, құқық бұзушылық жайлы полиция майоры Т.Нұрбеков, сондай-ақ, педагогикалық этика, мәдени эстетикалық тәрбиенің маңызы жайлы тәрбиеші Ақерке Балғынбаева баяндама жасады.
1-қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Жас жүрген жер – мереке, қарт жүрген жер – береке» тақырыбында іс-шара өтті. Оған ардагер ұстаз, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері С.Ағайдаров, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы» Л.Жанысбекова, Кәсіподаққа еңбек сіңірген, зейнеткер Б.Құнанбаева қатысты. Қарттарымызға мектеп әкімшілігі атынан гүл шоқтары мен сыйлықтарды оқушылар табыс етті. «Жан жылуын сыйла» дегендей, 16 жыл бұрын бітірген түлектер демеуші ретінде мұқтаж жүз оқушыға үй аяқ киімін (домашный) табыс етіп, бес жыл бұрын бітірген түлектер, кәсіпкер Айтен Нұрқаділ, Хамза Әліби демеушілік жасап, 200 мың теңге каржымен Түркістан қаласына 7 «а» және «б» сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырды, сонымен бірге, бір топ ұстаздарына ораза айында ауызашар берді. Қазан айының алғашқы жексенбісіне тура келетін Ұстаздар күні мерекесі жоғары деңгейде аталды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада мектеп-интернат директорының орынбасары О.Салыбеков арнайы шақырылып, оған облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов салтанатты жиында «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісін табыс етті. 8 «а» сынып тәрбиешісі Ж.Сапиеваның «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында, сондай-ақ, барлық сыныпта «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мектептегі «Өнерлі ұстаз-2021» байқауында 5 «а» сынып тәрбиешісі Әзімбек Ынтымақ бас жүлде алып, облыстық «Өнерлі ұстаз-2021» байқауына қатысып, аудан намысын қорғап, 30-дан аса өнерлі ұстаздың арасында өз өнерін паш етіп, ІІ орын алды. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Үздік ашық сабақ-2021» бойынша облыстық онлайн байқауына қазақ тілі пәнінің мұғалімі П.Баубекова қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. 2021-жылы қазанның 30-ы күні ата-аналар «Ашық есік алаңы» аясында пән мұғалімдері мен тәрбиешілерімен мектеп вестюблінде сұқбаттасу арқылы баланың білімі мен үлгерімімен, тәртібімен танысып, келісім-шартқа қол қойып, тоқсан қорытындысымен танысып, келесі тоқсанда балаға керекті бұйымдарының тізімін алып, жалпы ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыста ата-аналар комитетінің төрайымы Жұмагүл Жұмаділдə балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасының ықпалы туралы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салыбеков «Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы жасалатын жұмыс түрлері» тақырыбында баяндама жасады.
«Қызғалдақ» қыз балалар ұйымының жетекшісі, тәрбиеші Л.Наушабекова «Қыз бала әдебі» тақырыбында үнемі қыздар арасында жиналыс жүргізді. «Ұландар» ұл балалар ұйымының жетекшісі С.Арипов «Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» тақырыбында ұлдар арасында болып жатқан мәселелер бойынша үнемі педагог-психологтың қатысуымен жиналыс жасады. Тәрбиешілер бірлестігінде «Үздік портфолио-2021» мектепішілік байқауы өтіп, бас жүлдені Г.Құрбанова, І орынды К.Әбдіқасымова, ІІ орынды Ж.Сапиева, ІІІ орынды Н.Райымова мен Л.Наушабекова иеленіп, бір топ тәрбиешілер «Жүйелілік», «Мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы», «Ақпараттың объективтілігі» номинацияларымен және белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
2022-жылы 24-қаңтар мен 9-ақпан аралығында «Ризашылық – мейірім бұлағы» мәдени тәрбие мен білім беру аясында тәрбиешілер бірлестігінің апталығы өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында О.Салыбеков оның жоспары мен мақсатын таныстырып, көпшілікке жеткізді. «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты стенд көрме ұйымдастырылды. «Мектебім – менің алтын ұям», «Интернатым – өз үйім», «Шексіз шығармашылық» қол өнері, «Тарихи шежіре» көрмелері өтті. «Ризашылық – мейірім бұлағы» атты жәрмеңке ұйымдастырылып, түрлі ұлттық тағамдардан дастархан жасап, тәрбиешілер ұжымы оқушыларға қуаныш, жақсы көңіл-күй сыйлап, мәз-мейрам етті. «Татулық – достықтың киелі мекені» тақырыбында тәрбиеші Г.Құрбанова ашық тәрбие сағатын өткізді.
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» тақырыбында 8 «а» сынып тәрбиешісі Н.Райымова, М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына, Д.Нүрпейісованың 160 жылдығына әдеби-сазды кешті 7 «а» және «б» сынып тәрбиешілері Б.Урматова мен Л.Наушабекова өткізді, сондай-ақ, «Ұшқыр ойын алаңы» дебаттық турнир байқауы да қызықты өтті. «Ризашылық – мейірім бұлағы» тақырыбында өткен он бес күндік апталық декадасына белсене қатысқан сынып ұжымы мен жауапты тәрбиешілердің еңбектері бағаланып, «Тарихи шежіре» көрме байқауында белсенділік танытқан 8 «а» сынып (тәрбиешісі Ж.Сапиева), «Шексіз шығармашылық» көрме байқауында
4 «а» сынып (тәрбиешісі А.Алибаева), 3 «а» сынып (тәрбиешісі Г.Құрбанова), 3 «б» сынып (тәрбиешісі Ж.Сыздықова), әдеби-сазды тәрбиелік кештерді белсенді ұйымдастырғаны үшін 5 «а», 6 «а», 7 «а» мен «б» сыныптары (тәрбиешілері Ы.Әзімбек, А.Сүлейменова, Л.Наушабекова), «Ұшқыр ойын алаңы» дебаттық турнир байқауына белсене қатысқан 9 «а» сынып (тәрбиешілері А.Айдарова, К.Әбдіқасымова) және 9 «б» сынып (тәрбиешісі А.Жарқынбекова) «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты өткен апталықты өте жоғары денгейде болғанын бағалап, мектеп директорының мадақтамасын табыс етті.
7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығына мерекелік іс-шара өтті. 7 «а» сынып жетекшісі Б.Тілеуова «Дара да дана тұлға – қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов» атты батырдың 120 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатын өткізді. Батырларды еске алуға арналған спорттық жарыстар және М.Мәметованың 100 жылдығына орай «Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова» (тәрбиеші С.Байболова) мен «Жеңіс туы желбіре» (тәрбиеші А.Сүлейменова) тақырыптарында, Т.Бигелдиновтің 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қыраны» тақырыбында (С.Баратова) ашық тәрбие сағаттары өтті. «Мәңгілік өшпес отты жылдар» такырыбында 6 «а» сынып жетекшісі П.Баубекова, тәрбиешілері А.Сүлейменова, Ш.Бердіқұлова тарихи орындар мен мұражайларға, орталық саябаққа оқушыларды апарып, мәңгілік өшпес ата-баба рухтарымен таныстырып, саяхат сабағын өткізді.
2022-інші Балалар жылы аясында өткен облыс оқушыларының «Тұлпар мініп, ту алған» өнер фестивалінде мектеп ұжымы үздік шығармашылығымен танылып, І дәрежелі дипломмен және қаржылай сертификатты (50000 теңге) иеленіп және бір топ ұстаздары А.Юсупова, О.Салыбеков, Ф.Наурызбаева, Ш.Ташкараева, Б.Бердімбетов, П.Баубекова, Г.Туляева, А.Балғынбаева, Л.Абдиева және сан қырлы көрсеткен өнері үшін 9 сыныптан Жібек Ахмет, Ұлан Сайдулла, Бағзат Қонаш, Ақгүл Әбубәкірова, 8 «а» сыныптан Інжу Юсупова, 8 «б» сыныптан Ерзат Қадір, 7 «а» сыныптан Балнұр Амангелді, Ерасыл Ізбасаров, Жібек Рахмет, 6 «а» сыныптан Мейіржан Иргашбай, 5 «а» сыныптан Нұргүл Мархабат марапатталды. «Түлек-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» аясында өткен «Сыңғырла, сырлы қоңырау» салтанатты жиынына аудан әкімшілігі ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Бақытжан Ильясов қатысып, бір топ ұстаздарды аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» марапаттады, сондай-ақ, мектеп директоры А.Юсупова да мектеп әкімшілігі атынан грамоталарын табыс етті. Мектеп-интернаттың есеп-қисап бөлімінде бухгалтер болып 38 жыл тапжылмай еңбек еткен Оңал Жұматайқызын 60 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтап, мектеп ұжымы атынан сый-сияпат жасап, зейнеткерлікке шығарып салды.

Құралбек ЖОЛДАСҰЛЫ.