ТӘРБИЕШІ – БАЛАБАҚША ЖҮРЕГІ

Жұма, 15 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 308 рет

IMG-20220425-WA0150

Балабақша барлық тәрбиемен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бақша табалдырығын ашқан әрбір бала елдің тұтқасын ұстар мықты, білімпаз, тәрбиелі, кеңойлы азамат болуы тиіс.
Ал, тәрбиешілер ел ертеңіне жауапты тұлға. Баланың жанын баладай түсінетін, сұрағына толықтай жауап беріп, балалар үшін нағыз «екінші анасына» айналады. Оларды қамқор, шыдамды, мейірімді, білімді, жүрегі сүйіспеншілік пен махаббатқа толы жан дер едім.
Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру ,шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімделу өзара тәжірбие алмасу мақсатында бақшамызда «Тәрбиеші-бала бақша жүрегі» тәрбиешілер сайысы өткізілді. Сайысымыздың бірінші бөлімінде тәрбиешілер өздерін таныстырып өтті.
Жаңашылдық пен ізденімпаздық біздің мекеменің басты ұстанымы. Бұл тұрғыда жүйелік пен ізденімпаздық үлкен орын алады.
«Сұңқар» тобының тәрбиеші Б.Салдарбекова, «Балапан» тобының тәрбиешісі Г.Дүйсенбаева, «Айгөлек» тобының тәрбиешісі М.Таскулова, «Айгөлек» тобының тәрбиешісі М.Назарова, «Балауса» тобының тәрбиешісі Маржан Қаршыға сайысқа қатысып, бақтарын сынап көрді.
Балабақша баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Шеберлік сабағымен және өз идеяларымен көрнекіліктерін ұштастыра отырып, балапандармен өз сабақтарын қорғап шықты.
Педагокикалық шеберлік, педагокикалық әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты екенін дәлелдей түсті.
Сұрақ-жауап бөлімінде тәрбиешілер өз білімдерін шыңдай түсті. Баланың талпынысына қолдау білдіріп, әр бір жетістігіне қуана отырып, білгенін үйретуден жалықпаған тәрбиеші-педагогтардың ұшан-теңіз еңбектері қолдау тауып, білімі мен біліктілігі өзгелерден өне бойы озық тұрғаны көпшіліктің ықыласына бөленеді. Тәрбиеші балаға қуаныш сыйлауға талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Жан-жақты болу тәрбиешілердің өз өнерін көрсету сәтінде ерекше орын алды. Мың бұралып би билеу, қол өнерін паш ету,ән салу жүректен жүрекке жете біледі. Әділ қазы алқалары тәрбиешілердің сайыста өздерін өте жақсы дәреже де алып шыққандарына дән ризашылықтарын білдіді. Өз ісін жетік меңгерген, қазіргі заманғы озық технологияны ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолдана отырып, баланың жан-жақты қабілетін, толыққанды дамуына қолдау көрсете білетін,білікті де, білімді, дарынды, шығармашыл тәрбиешіні анықтап, әділ бағаларын беріп, мадақтамаларды табыс етті.
Бас жүлдені Махаббат Назарова, I орынды Меруерт Таскулова, II-III орынды Сұңқар, Балапан, Балауса тобының тәрбиешілері иеленді.
Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп жасара түсуде. Сайысты тәрбиеші, көмекші тәрбиешілердің қолдауымен керемет билері ерекше ықыласқа бөледі.

Ж.МҰСАҚҰЛОВА,
«Айсұлтан» бөбекжай-
балабақшасының медбикесі.