А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

Жұма, 02 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 133 рет

00maxresdefault

Біз қазіргі қоғамда мектепте сауат ашып оқып жүрген әліппені кім дайындағанын,сол жолда қанша тосқауылдарға тап болғанын естиміз бірақ бастан өзіміз өткермегенсоң сезінбейміз. Төл әліппе құрастырылып қарапайым халық XX ғасырға КСРО құрамындағы шалғай ауылдарда сауат ашуы ол кездер үшін таңданарлық жағдайдың бірі болды. Ол үшін аянбай еңбек еткен ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсынұлы!
Ұстаз – балаға білім беруге, тәлім-тәрбие беруге ешқашан жалықпаған, талмаған. Біздің қоғамымыздағы осындай ұлы ұстаздардың бірі – Ахмет Байтұрсынов.
Бұл жолда әрқашан ізденісте болған – ұлы тұлға деп санаймын. Ұлт ұстазы, қазақ халқының біртуар азаматы, яғни Ахмет Байтұрсынов табиғатынан аса дарынды болған. Талапты бала Ахмет 1882- 1884 жылы хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашып, 1886- 1891 жылы Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқиды, білім алды. 1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалімдік жолын бастады. Ахмет Байтұрсынов 1921-1925 жылдары Орынбордағы кейіннен 1926-1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берген ұстаз. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты.
Халқын «Маса» боп оятқан Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым болым қазақ тарихының төрінен орын алды.
Ахмет Байтұрсынұлыны қазақ даласының "Сегіз қырлы, бір сырлы" деп аталатын атақты адамдарына жатқызуға әбден болады. Ол талантты әдебиеттанушы, терең ойшыл, ізденуші ғалым, жарқыраған публицист, жанқияр саясаткер,керемет ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды деп білемін. Ол энциклопедиялық ақыл мен ерекше қабілеті бар,айналасындағы адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын адам деп санаймын. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің білімділігімен сауаттылығымен,дарынымен халықты өзіне тарта білді.
Ахмет Байтұрсынов бас қасында болған әр бір жоба кемелдіктің жоғары деңгейіне жетті десем артық айтпаған болармын. Ол біз үшін қашанда «түнгі аспанның төрінде жарқырап тұрған шоқ жұлдыз!»болып жадымызда қалады.
Ахмет Байтұрсынов халқы үшін атқарған жұмыстарының аса маңыздыларын атап айтатын болсам: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов пен бірге қазақ халқының ұлттық сауаты мен білім айнасына айналған «Қазақ» газетін басып шығаруы, араб жазуын қолдана отырып «Төте жазу» жасауы және де «Алаш Орда» қызметіне қатысуы.
Ахмет Байтұрсынов атамыздың өмірінде өзгеде айтулы оқиғалар болды. Алайда дәл осы оқиғалар қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды деп санаймын.
"Қазақ" газетінде сол кездегі қайта өркендеген қазақ қоғамы үшін танымның кең көкжиегін ашқан мазмұны терең және тақырып бойынша алуан түрлі материалдар басылып шықты.Осы басылымның арқасында қазақтар қазіргі өркениетті ұлттың қалыптасуы жолында өте маңызды қадам жасады деп айтуға болады.
Ахмет Байтұрсынұлы – 1913- 1918 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы сол уақыттағы батыл қабамы,белесті кезеңі деп санаймын.Ахмет Байтұрсынұлы тек білім берумен шектеліп қалған емес.Алған белестері көп.Ахмет атамыздың көтерген мәселелерінің бірі- қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. “Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында “Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері қазақ АКСР- нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өттеді. Сол съезде Ахмет Байтұрсынұлы атамыз тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің ҚАЗАҚ деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді. Кеңестер бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР- і деп атауға шешім қабылдады.Бұл оқиға тарихи сәт болып қазақ тарихынан орын алды.
Ахмет Байтұрсынұлы - қыры мен сыры мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы.Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп - биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймын. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Мұхтар Әуезов Ахмет Байтұрсынұлы жайлы былай деген: “Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың “рухани көсемі”. Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімеген адам жок деп ойлаймын.Ахмет Байтұрсынұлы жасаған әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты.Атамыз Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашты және ұстаздық жұмыспен айналысты.Жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер- білімге шақырды.Өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді.Әңгіме талаптануда, намыстануда дейді.
Балалар, оқуға бар жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап,- деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке оқуға шақырды. Сәбит Мұқанов былай деген: Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынов.
Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі сөзбен айту жеткіліксіз. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ еді.Оның өмір жолын, жасаған қызметін білуге,бағалауға – біздерге парыз деп санаймын.

2b1cfc59-0b47-4427-bc82-7fbbbfd53fea
Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Бауыржан Момышұлы Қазақ тілі туралы былай деп жазады: "біздің ана тіліміз – біздің халықтық қадір-қасиетіміз бен мемлекеттілігіміздің мәні, тот баспайтын өзегі. Ана сүтімен сіңірген ана тілімізді білмеу - барлық ата-бабаларымызды, бүкіл тарихымызды ұмыту дегенді білдіреді".
Қорыта келе төл тарихымыздан бабаларымыздың ұлты үшін жасаған еңбектерін бағалай білу мен қадірлеу біздің парызымыз.Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың еңбегін бүгінгі жастар,сіздермен біздер жемісін жеп отырмыз.басына қаншама қиындық тап болсада тіпті атылуға барсада жүрегі ұрпағы үшін соққан атамыздың алында біз қарыздармыз.Бізге қалдырған еңбектерін пайдалана отырып болашақ ұрпаққа жеткізу біздің бойымыздағы міндетіміз.Біздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды, ана тіліміздің қай тілі екенін және осындай жаңа Тәуелсіз Қазақстандағы әл-ауқатымыз қандай тұлғалардың арқасында екенін мәңгі есте сақтауымыз шарт деп білемін.
Ахмет Байтұрсынов – ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым этнограф, фольклорист ... Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ұстаз, халық ұстазы.

Ақмарал ЖАМАЛОВА,
Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта
білім беретін мектебінің қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.