ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Жұма, 02 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 593 рет

411d3afd-2e67-48e4-b7e5-81d4a4cc8a4b

Жуырда Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында аудандық педагогикалық тамыз кеңесі өтті.
Тамыз кеңесіне аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Еркін Бекжанов, аудандық мәслихат хатшысы Өрісбай Көпеев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Асан Уисимбаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіби даму институты» филиалы директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары Мухтар Ахтаев және кәсіподақ кеңесінің өкілдері, мектеп басшылары мен педагогтар қатысты.
Аудан әкімі А.Абдуллаев және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Е.Бекжанов кеңеске қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, биылғы білім саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

12fe658b-5836-43c4-a510-49ce16981c5a
Кеңес модераторы Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Уисимбаев «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылындағы міндеттемелермен таныстырды.
Алқалы жиын барысында «Мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту курстарының ерекшеліктері» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіби даму институты» филиалы директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары М.Ахтаев баяндама жасады.
Іс-шара соңында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде қол жеткізген табыстары мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар педагогтар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, адами әлеуетті дамыту басқармасының, Қазығұрт аудандық мәслихатының, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Ақтолқын ШЕРОВА,
аудандық адами әлеуетті дамыту
бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.