ЯСАУИ МҰРАСЫНЫҢ ТҮРКІ ЕЛІНЕ НАСИХАТТАЛУЫ

Жұма, 23 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 291 рет

Түркі тілдес халықтар — қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз және ноғай ұлттарын бірлестіруде Қожа Ахмет Ясауи факторы елдің қалыптасуында басты тұлғалар ретінде тілге алынады.
Жалпы алғанда, өзбек пен қазақ өздерінің рухани қалыптасу үдерісін тікелей Қожа Ахмет Яссауи әулиенің қызметтерімен байланыстырады. Сол тұрғыдан алып қарағанда: Қожа Ахмет Яссауи бабамыз түркі халықтарының жалпы ата-бабасы ретінде түркі тілді халықтардың этноәлеуметтік-мәдени ғана емес, саяси бірлігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл ойнаған тұлға ретінде маңызды саналады.
Қожа Ахмет Яссауидің бейнесінде түркі елдің рухани қалыптасуының алғашқы жолын басып өткенін тағы да дәлелдейді.
Яғни,әлеуметтік-саяси факторлар ықпалында тұтас Ясауи хикметтері тілі айналадағы түркі тілдер әсерінен мәдени трансформациялануынан, әрбір түркі ұлттар тілінде орфоэпикалық бойынша ерекшеленетіні байқалса да, олардың әлеуметтік-тарихи қалыптасу үдерістерінің тұтастығынан, қайсы ұлтты тілінде айтылуынан тыс өзара туысқандық байланыстарын бірлік ретінде мойындау қажет.Көптеген түркі халықтар құрамындағы ұлттар тұтас қалыптасу үдерісіне ие , яғни олар бір атадан (Түркі ата) тарағандықтан, олардың арасында туысқандық байланыстар бар . Ясауиді рухани тұрғыдан өзінің пірі деп білген, бұл факторды түркі халықтары бірлігін қамтамасыз ету жолында да пайдалану керек екендігін, мұнда барша ұлт құрамындағы елдер — этникалық тұтастықты қамтитын берік сақина ретінде көрсетеді.
Қожа Ахмет Ясауидің әдеби мұрасы тек түркі әлем ғана емес мұсылман әлемінде әлеуметтік өмірді ағарту-діни құндылықтар негізінде жолға қойып, жастарымызда мейір-шапағат, Отанға адалдық, шынайылық сипаттарды жоғарылатуда маңызды қадам жасады.
Ясауи мұраларын насихаттауда бір параққа сыйғыза алмаспыз. ХХ ғасырдың соңында түркі халықтары ұлттық тәуелсіздікке жетіп, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа насихаттап, тарихи идеологияларды сақтап келген, сонымен қатар кейбір жазба деректерде көрініс тапқан тұлғалар, сондай-ақ олардың ел бірлігін, татулық пен бауырмалдықты сақтау — елдің өздігін абайлап сақтаумен тең екені, идеялардың жас ұрпақ арасында насихаттау мүмкіндігіне ие болды. Тарихи идеология адамның ақыл-парасатын шарықтаумен бірге өз еліне махаббат, Отанға адалдық, тұлғаларға қатысты ізет -құрмет сезімін қалыптастырады. Жалпы алғанда халықты жинап, оған бас болу және сыртқы қауіптерден оларды қорғау жауапкершілігін біздің ата-бабаларымыз жақсы түсінген. Сол мақсатта Ясауи мұрасын түркі елдерінде соның ішінде қазақ халқына дәріптеу, насихаттау шаралары жүруде.Жүргізіліп жатқан шаралардың барлығы өзінің нәтижесін берері сөзсіз.

Назерке ДӘУЛЕТБЕК,
Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы
орта білім беретін мектебінің
9-сынып оқушысы.