«Дөңгелек үстел» өтті

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 00:00

Жуырда Ж.Есіркепов атындағы жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Құқықтық сауаттылық-құқықтық мәдениетті қалыптастырудың алғы шарты» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталмыш тақырып аясында ұйымдастырушы педагог Қатира Өсербаева құқықтық мәдениет ұғымына түсінік бере кетті. Директордың бейін бойынша оқу ісінің орынбасары Жансұлу Керімбай осы мәселе жөнінде өз пікірін білдірді.

«Алтын күз» апталығы өтті

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 00:00

«Шарбұлақ» жалпы орта мектебінде «Алтын күз» мерекесіне арналған апталық өтті. Апталық аясында «Күз мерекем, күз – берекем» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкені өткізуге мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымы мен қыздар ұйымы, «Жас ұлан» қоғамдық ұйымы мұрындық болды. Жәрмеңкеде көкөніс өнімдері ұсынылды. «Аяулы күз – алтын күз» атты мерекелік шараны мектеп директоры Жанар Жансейітова ашып берді. «Алтын күз» атты ертеңгілік сайысқа 5-11 сынып оқушылары қатысты.

25

Дауыл би атындағы кабинет ашылды

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 00:00

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағдарламаларды іске асыру жолында аймақтарда талай ілкімді істер атқарылып жатыр. Соның бірі – Қазығұрт ауданындағы «Атбұлақ» жалпы орта мектебінде белгілі жазушы, профессор Момбек Әбдәкімұлының бастамасымен жасақталған Дауыл би атындағы «өлкетану және тарих» пәніне арналған атаулы кабинет ашылды.
Облыстағы көптеген мектептерде әртүрлі пәндерге арналған атаулы кабинеттердің ашылып жатқандағы жаңалық емес. Десек те, Дауыл би атынан ашылған кабинеттің жөні бөлек болатыны, бұл кабинетте Қазығұрт аумағы мен Атбұлақ ауылы төңірегінің әлімсақтан бергі тарихын баяндайтын бірнеше арнайы жазба-кестелер ілінген. Сондай-ақ, соңғы екі-үш ғасырда осы өлкеде жасаған айтулы кісілердің өмір жолдары мен Атбұлақ маңындағы жер-су атауларының мән-мағынасын толық ашқан жазбалар да айшықты түрде берілген. «Атбұлақ» мектебі мен ауыл тарихы да өзгеше реңкті жазулармен өрнектелген. Сонымен бірге он тоғызыншы ғасырдың ортасында Қоқан хандығының басқыншыларымен арпалысқа түсіп, тұтас бір рулы елді Шыршық өзені бойынан Қазығұрт етегіне көшіріп, әкеліп орнықтырған Дауыл бидің қол басқарған көсемдігімен сөз бастаған шешендігі жайындағы мәліметтер арнайы екі кестеге жазылған. Бұлардан басқа Дауыл бидің кейінгі кезеңдердегі аттары шыққан ұрпақтары мен талантты өрендерінің суреттері, жазған шығармалары тұтастай бір қабырғаға жапсырылған. Осының барлығы бұл кабинеттің өлкетану сабағына сай етіп жасақталғанын айшықтап тұр.
Ең бастысы, бұл кабинеттегі көрнекі құралдар ретінде ілінген деректі жазбаларды Елбасы мақаласындағы туған жер тарихына қатысты айтылған ойларды жанды түрде іске асырып тұрған нақты жұмыстар деп бағалауға болады.
Әрі мұндағы көрнекі жазбалар жас өскіннің өз өлкесінің тарихын жете білуіне көп көмек көрсетіп, туған жерге деген махаббатын барынша оятатыны кәміл.

«Қазығұрт – ақпарат»

Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елдерінде сөйлейді. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру – бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапа-тармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Әлде, 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайзиялықтар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?», – деген болатын.

Байқауда бақ сынасты

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00

Аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Нағима Мамыхованың ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» тақырыбында мемлекеттік тілді насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді жандандыру мақсатында «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты аудандық байқауы өтті.

Ұстаз болғым келеді

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00

Кемеңгер Көшбасшымыздың биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек», – деген-ді. Елбасының осынау мақаласын оқып отырып біз үшін үлгілі тұлға ата-анамыз бен ұлағатты ұстаздарымыз, абыз қарияларымыз деп ой түйдім. Әсіресе, білім ұясының қарлығаштары үшін ұстаз ерекше мәнге ие. Себебі, ұстаз тәлімін алмаған жан, әлемде жоқ шығар. Ұстаз бойынан табылатын жақсы қасиеттерге ие жанның бірі – Қансұлу Күзенбаева деген болар ем.

Мұғалім – мектептің жүрегі

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бәсекеге қабілеттілік жайлы орынды сөз қозғаған. Яғни, аталмыш мақалада «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. .. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни, барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деген болатын. Осынау бәсекеге қабілетті елдің болашағы – білімді жастар деген болар ем. Ал, білімді, дүниетанымы кең, ертеңгі еліміздің бетке тұтар тұтқасын аяулы ұстаздарымыз тәрбиелейді.

Отбасы – бақыт мекені

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Шипажай үлгісіндегі №11 арнаулы мектеп-интернаты Елбасымыздың биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген тақырыптағы мақаласы аясында «Үлгілі отбасы» атты байқау өткізді. Шараны өткізудегі басты мақсат – баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген өнегесін көрсету. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, жастарды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, рухани жаңғыруға тәрбиелеу.

Қазақ тілім – қадірім

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Мен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты биылғы мақаласын оқып, таныстым. Көшбасшымыз «Әжептеуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деген болатын. Президент айтып отырған ұлттық код – әкенің қанымен, ананың сүтімен келген ана тіліміз – қазақ тілі деген болар ем.

Ана тілі – сөздің пірі

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Оқу жылы басталғалы да біраз уақыт болды. Ұстаздар да өз жұмыстарына ерекше қарқынмен кірісті. Себебі, жаңартылған білім беру жүйесі енгізілуі жауапкершілікті одан әрі күшейтті. Жылдағы дәстүрмен «Қақпақ» жалпы орта мектебінде тілдер күніне орай апталық өтті. Мерекеге орай кітапханада «Ана тілі – сөздің пірі» атты көрме қойылды. Көрмеге тіл туралы айтқан ақындардың, жазушылардың даналық сөздері, бүктемелер, газетке шыққан мақалалар қойылды. Апталықта кітапханашы Гүлдана Қоңыратбаеваның ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл» атты «дөңгелек үстел» өтті. Сайысқа 11-сынып оқушылары мен мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Нүрзия Ширматова мен орыс тілі пәні мұғалімі Ғалиябану Кенжеғұлова қатысты. Мектеп оқушылары «Ұқсастықты тап» әдісі арқылы екі топқа бөлініп, өзара пікірталас жүргізді. Оқушылардың бірінші тобы «Үш тұғырлы тілді қолдаймыз», – деп өздерінің дәлелдерін келтіріп, ұстанымын анық көрсетті. Ал, екінші топ үш тұғырлы тілді қолдауға қарсы өз айғақтарын ұсынып, әлі оны енгізудің ерте екені жайлы ұсыныс айтты. Оқушылар өз пікірлерін таныстырылым арқылы қорғап, тақырып аясындағы қойылған сұрақтарға жауап берді. Қалған оқушылар да белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алатындықтарын көрсетті. Шара соңында қатысқан ұстаздар мен оқушылар ұйымдастырушыларға ризалықтарын білдірді.

Гүлдана ҚОҢЫРАТБАЕВА,
«Қақпақ» жалпы орта мектебінің кітапханашысы.