Ақылшың, досың – ұстазың

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Ұстаз – аяулы да, ардақты жан. Тек қана білім үйретіп қана қоймай, ой-өрісімізді түзеп, жеке тұлға болып қалыптасуымыз бен өмірдің ақ пен қарасын түсінуімізге көмектеседі. Сондықтан, біз мұғалімдерімізді екінші анамыз дейміз.

N6nCtcW74IE

мұғалім – мектеп мақтанышы

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Ұстаздар мерекесі қарсаңында М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектепте «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, барлық сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарып, атсалысты. Айтулы мереке күні мектеп директоры Намазбай Тәшімов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұмабай Жарылқасынов сөз алып, ұстаздарды төл мерекемен құттықтады.

Ұстаздар үздіктер қатарында

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады. Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі мамандық. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей мұғалімге байланысты. Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұл сіздердің Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз. Елімізде білім саласындағы жаңартылған бағдарлама, үштілділік т.б. реформалардың жүзеге асуына мұғалімдеріміздің еңбегі ерен. Ауданымызда білім көшін ілгері сүйреп, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдеріміз көп, атап айтсақ, «Болашақ» мектеп-гимназиясының мұғалімі Фарида Тұрлыбекова облыстық «Ең үздік әдістемелік басылым» байқауында – I, Елшібек батыр мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Мағрипаш Алмашованың оқушысы облыстық пән олимпиадасында – III, осы мектептің химия пәнінің мұғалімі Жандос Төлепбергеновтың оқушысы облыстық Менделеев олимпиадасында – I, облыстық «Жаңашыл мұғалім» байқауында «Қазығұрт» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекзада Дүйсебекова – I орынға, облыстық «Ең креативті педагог» байқауында бас жүлдеге «Атбұлақ» жалпы орта мектебінің мұғалімі Майра Таңқыбаева, «Қосағаш» жалпы орта мектебінің мұғалімі Ақерке – ІІ, Сыдықова, «Қаржан» жалпы орта мектебінің мұғалімі Нұрсұлу Әбдіраймова – ІІІ орынға ие болды. Биылғы ауданымыздың ҰБТ-да алдыңғы қатардан көрінуі де ұлағатты ұстаздарымыздың ерен еңбегі екені анық.

Әлия ЕГІЗЕК,
аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Жуырда мәдениет сарайында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Өлкеміздің дара тұлғасы» атты Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, тілші Құралбек Ергөбектің кеші өтті.IMG 8533
Кешті Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өтті.
Шараға «Жебе» баспа үйінің басшысы Жарқынбек Төлтебай, жазушы Шойбек Орынбай, түрколог-зерттеуші Сәрсенбек Сахабат, ақын Зұпар Смайылұлы қонақ ретінде қатысты.
Шығармашылық кешті аудандық мәслихаттың хатшысы Өрісбай Көпеев ашып: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпы ұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек», – деген болатын. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына біздің ауданымыздан Қазығұрт тауы мен Смайыл ата кешені кіргізіліп отыр. Бұл біздің ауданымыз үшін үлкен мәртебе. Туған еліне тамшыдай болсын үлесіңді қосу үлкен еңбектің жемісі деп білемін. Құралбектің алар асуы әлі алда. Осымен ғана шектеліп қалмай, талмай еңбек ете бер», – деген лебізін білдірді.
Шығармашылық кеште Қ.Ергөбектің «Сексек ата әулие» және «Смайыл ата әулие» атты қос бірдей кітабының тұсауы кесілді.
Кеште мәдениет сарайының әншілері Б.Қосаева, Б.Бектұров, А.Қожанов әннен шашу шашты. Сыйлас ағасы Зұпар Смайылұлы иығына шапан жауып, ақ батасын берді.

Ғ.ТІЛЕУБЕРГЕН.

Ұстаз – ұлы тұлға

Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 00:00

Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның, жете аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген.

Ұстаз... Айтқаныңда жүрегіңді тербейтін, естігенде көңіліңді қозғайтын осы бір аяулы есім әрбір азаматтың санасында мәңгілік жатталып қалған болар. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттағаннан қолыңнан жетектеп, дәріс алатын партаңа отырғызып, сөз анасы – сәлемдесуден бастап, барлық әдептілік ережелерін құлағыңа сіңірген, білім бере отырып, өміріңе ықпал етер бағыт-бағдар көрсетіп, тығырыққа тірелгеніңде сүйенішің, қайғыға батқаныңда жұбанышың болып жол сілтеген аяулы жан – мұғалім. Бірінші анаң – ақ сүтін беріп, алақанына салып өсірген, жылағаныңда жұбатқан, жабырқағаныңда қуантқан туған анаң болса, екіншісі – білім аралына бастайтын бағытты айқындап та, айшықтап беретін екінші анаң – мұғалім.
Әлемнің жарты бөлігін жаулаған адамзат тарихындағы ұлы қолбасшы Александр Македонскийдің ұстазы жайлы қалдырған пікірін естуіңіз бар ма? «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым», – деген екен. Ұстаз бен шәкірттің байланысы – ана мен баланың кіршіксіз махаббатымен пара-пар. Ұстазыңның берген білімі мен айтқан ақылы ата-анаңның тәрбиесінен артық болмаса, кем түспейді.
Ұстаздық – қиындығы да, қызығы да мол, ауыры мен жеңілі қатар жүретін, ащысы мен тұщысы қатар сезілетін өмірдің ұзақ жолы. Сондай жолдың ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын мойымай көтеретін, шәкіртінің сапалы білімі мен саналы тәрбиесі үшін таңнан қара кешке дейін ерінбей еңбектенетін мұғалім атты ардақты жанның жолын кесіп өтуге жер бетін басып жүрген бір де бір жанның құқы жоқ. Себебі, өмірдің өзі – мұғалім. Ал, білім ордасында саған бар білгенін қажымай үйретіп, білім атты кемеге мінгізіп, өмір дейтін мектепке, үлкен сынақ алаңына дайындайтын да – өз ұстазың. «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер», – деген екен қазақтың белгілі жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Еліміздің мәртебесін биікке көтеріп, болашаққа деген үміт шамын өшірмейтін жастарды тәрбиелеп, шынықтырып, білімнің биік шыңына қондыратын ұстаздарға мың тағзым!

Маржан ЕГЕМБЕРДИЕВА,
«Қазығұрт» жалпы орта
мектебінің тәлімгері.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім –барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», – деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді.

Жаңашылдық қайнары – тіл

Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 00:00

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мемлекет пен ұлт құрыштап құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр», – деген болатын.

ҰСТАЗ ЖҮГІ – АУЫР ЖҮК

Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 00:00

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Ал, оған дұрыс та жүйелі тәрбие беретін екінші ана – ұстаз. Ұрпақ тәрбиесі секілді ұлы міндет жүктелген мектептегі мерейлі істердің барлығы мұғалімдердің арқасы. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адам баласы міндетті түрде мұғалім алдын көруі тиіс. Ал, өркениеттілікке, жарқын, зайырлы қоғамға қол жеткізу үшін ақыл-есі бүтін кез-келген жас саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Мұғалімнің қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалімнің қателесуге қақысы жоқ. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып, терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан біліммен тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз.
Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Бүгінде жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келе жатқан киелі қара шаңырақтың басшысы Әбдәлі Өрісбаев, тәрбие ісінің меңгерушісі Ибадулла Сүйеубеков сынды ұстаздардың мектепке, елге сіңірген еңбегі зор десек, артық айтқандық емес.
Сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімдері Роза Хұсанова мен Күләш Телқозиева, Жаңыл Ізбасарованың еңбегі де үлкен құрметке ие. Әр жеткіншектің қолына қалам ұстатып, әріп танытып, дүниені ұқтыру – ерен еңбек пен зор қажыр-қайратты керек ететін іс. Қазақ тілі пәні мұғалімі Сұлушаш Қалменова, математика пәні мұғалімі Бағдат Қаниева, тарих пәнінің мұғалімі Ләзиза Әбсаматованың еңбегі өз алдына шоқтығы биік тұлғалар.
Бұл ұстаздардың өмір жолы мен іс тәжірибесі кейінгі жас мамандарға үлгі-өнеге. Қариялар отбасының қазынасы болса, ал, ұстаздарымыз мектебіміздің қазынасы деп айтуыма әбден болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесін де білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деген еді.
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кіріп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып отыр. Ал, бұл мәселені шешудің кілті – ұстаз қолында.

Раушан ҚОЛДАС,
«Алтынтөбе» жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының концерттік бригадасы Сабыр Рақымов ауылдық округіндегі туристік база саналатын «Қазығұрт» демалыс сауықтыру орталығында концерт берді. Мұнда облысымыздан ғана емес, республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жеткіншектер дем алуда. Бір ауысымда 210 бала қабылданып, 10 күн демалады екен. Аудандық мәдениет сарайының әншілері М.Тантабаева, Ж.Мәмбеталиева, С.Шаумаров, Б.Бектұров, Б.Қосаева және Н.Байтұрсынов ел мен жерге арналған әндерді шырқап, тынығушылардың патриоттық рухын көтерді. Оларға балалар алғыстарын жаудырды.

Р.ЕШМҰХАМБЕТОВА.