Өмірімді өзгерткен кітап

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 11:26

«Туған жер – атын бесігім» облыстық фестивалінің аясында Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқу залында «Өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған, оқырмандарды ойлы өлеңдерімен тәнті етіп жүрген Күләш Ибрагимова, журналист, «Аналар-асыл жандар» Қазығұрт аудандық әйелдер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жиенкүл Сәрсен, композитор Н.Тілендиевтің шәкірттері, өнер қонған әулет Әлібек Ордабаев пен Зейнеш Есболғановамен ток шоу өткізілді.

Жиенкул

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде негізгі орта және жалпы орта білім деңгейінде «География және жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Қазығұрт ауданының география пәні ұстаздары арасында курс ұйымдастырылды

ҚАППАРОВТЫ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ!!!

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:53

IMG 2023Атбұлағым – ғалым Жамбыл Қаппаровтың ауылы,
Ғажап мекен – қасиетті Қазығұрттың бауыры.
Кеме қалған Қазығұртым, қараймыз біз таңырқап,
Нұһ пайғамбар үш ұлынан өсіп-өнген жаңа ұрпақ.
Қазығұрттан таралған-ды әулет жұрты адамның,
Бар тіршілік нәр алған жер, он сегіз мың ғаламның.
Сол мекенде жаңа мектеп, кіл жүйріктер жиналған,
Дарындарды бағалаған Фаузия апа сыйлы адам.
Бұл мектепте Бақтиярдың ойып алар орны бар,
Білікті ұстаз Ғалия да жұрт көңілін толтырар.
Қыдыр дарып, бақ қонғандай даңқы шыққан Жаңабай,
Әзіз басшы – өрістеді самалы есіп оңына-ай.
Ақмарал мен Халипа бар – шәкірттері жүлделі,
Нұржамал мен Нағима бар, істі шешер күрделі.
Бітіруші түлектерім, міне, бағың жанғаның,
Сондай ғажап мекенімде қанат қақты арманың.
Үміт артқан ұл-қызымыз, бітіруші бұл жылы,
Гүлнар менен Оксананың, Индираның сыныбы.
«Алтындар» мен үздіктердің үміттері ақталды,
Гүлмирадан сыйлық алып, барлығы да шаттанды.
Шәкірті үшін бар ғұмырын, арнаған-ды уақытты,
Ізгі жанды ұстаздарым, болғайсыңдар бақытты.
Үмітіміз ақталса екен, көңілдер де жайланып,
Ұл-қызымыз еліміздің жұлдызына айналып.
Мемлекеттік тестілеуді нық көтеріп иықпен,
Барлық шәкірт көрінсе екен арман еткен биіктен.

Құралбек ЕРГӨБЕКОВ,
12. 06. 2017 жыл.

«Үкілі үмітте» үмітіміз ақталды

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:15

Аудандық мәдениет сарайында «Біз бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» және мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жауқазын» атты байқаулары өткізілген еді.
Мақсаты мүгедек жандардың дарындылығын анықтауға және қолдауға, олардың өз ойларын білдіру мен жүзеге асырудың құралы – шығармашылық қызметтеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Байқауға қатысқан 15 мүмкіндігі шектеулі балалар көпшіліктің көңілінен шығып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.

ЖАС ДАРЫН
Байқау барысында 1-ші орын алған Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Өмірбек Айдана, сурет өнері бойынша «Комсомол» жалпы мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрмаханбет Дінмұхамед жеңімпаз деп танылып, облыстық «Үкілі үміт» өнер байқауына жолдама берілген болатын. 1-маусым күні Шымкент қаласында өткен байқауда аудан намысын қорғаған Айдана ән жанры бойынша жүлделі 2-орын және ақшалай 70 мыңның сертификатын, ал, суретшілер арасынан Дінмұхамбет 3-орын және 50 мыңның сертификатын алып, мерейімізді үстем етті.
Жас өнерпаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, келешекте өнердің биік шыңдарын бағындырып, еліміздің мәртебесін көтере берсін дегім келеді.

Раушан БАЙҚАНҚЫЗЫ,
аудандық мәдениет сарайының әдіскері .

№11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернатының 4-сынып тәрбиешісі Шырынкүл Бердіқұлова балалар бойында табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ынта-ықылас туғызу, туған топыраққа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру мақсатында «Табиғат – алтын бесік» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. «Табиғат сөзі нені білдіреді?» Сабақ оқушыларға осы сұрақты қоюмен бас-талды. Халық ұғымында табиғат деген сөз туған жер, аң-құстар, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз», – дейді ұлы ғалым Қаныш Сәтпаев. Өйткені, ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген алғашқы құштарлығын түртіп оятады. Шәкірт бойындағы оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді.

Шарапхана ауыл округіндегі Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жанынан ашылған «Балдырған» шағын орталығында қазір 2-5 жас аралығында 150 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мұнда 6 топ бар. «Шұғыла» тобына Ж.Пернебаева, «Балбөбек» тобына Б.Көпжасарова, «Жұлдыз» тобына Г.Келтаева, «Балапан» тобына Г.Анафиева, «Еркетай» тобына Г.Мырзабаева және «Ақ көгершін» тобына Л.Жиренбаева тәрбиешілік жасайды. Олар көмекші тәрбиешілер М.Нұржауова, Г.Керімқұлова, С.Төлтаева, Б.Сапарбекова және А.Пернебековамен бірге жұмыс істейді.

Мәңгілік ел тұғыры жаңаша білімде

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:06

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында елдің жедел дамуы жолында ерен еңбек етіп, Қазақстан халқы және болашақ жастар үшін «Мәңгілік ел» ұғымын, ұлттардың ұлы бағдары – ұзақ мерзімді даму жоспарын түзді.

Үш тілде оқыту – заман талабы

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:05

Білімді ұрпақ – ұлтымыздың келешегі. Әрине, жас ұрпақтың әрі тәрбиелі, әрі білімді болып өсуі үшін ата-ана мен мектеп тығыз байланыста болуы керек. Оқушыларға бағыт бағдар беруде ұстаздарға артылар жүк ерекше. Осы тұрғыда бүгінгі заман талабына сай, Жігерген ауыл округіндегі Ж.Есіркепов атындағы жалпы орта мектебінде облыстық деңгейде «Мектептегі үш тілді оқытуды дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта семинар болды.

47d110c07e8ad12883ea7c5b3ca8b256
Семинарға ОҚО әдістемелік кабинетінен ағылшын тілі пәнінің әдіскері Сәуле Апетова, үш тілде білім беруді дамытудың әдіскері Динара Айкөзова және қазақ тілі пәнінің әдіскері Ақмарал Абылаева, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері Қатира Қабылова мен Қазығұрт аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Құралбаева қатысты. Сондай-ақ семинарға Сарыағаш ауданындағы он бес мектептің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, Қазығұрт ауданы бойынша барлық мектептердің орынбасарлары келді.
Қазығұрт аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Құралбаева «Үш тілділік – заман талабы» деген тақырыпта баяндама жасап, бүгінгі өмір талабы тұрғысынан мектеп оқу ісі жөніндегі меңгерушілермен пікір алысып, ой бөлісті. Мұнан соң ОҚО әдістемелік кабинеттің ағылшын тілі пәнінің әдіскері Сәуле Апетова «Үш тілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асырудың өзекті мәселелері» деген тақырыпта баяндама жасап, кезең-кезеңімен үш тілде іске асатын білім берудің жолдарын айқындап берді. Динара Айкөзова «Үш тілде білім беруді іске асыру» деген тақырыпта баяндама жасап, әрбір маман мен оқушыға қойылар талаптар мен кадрларды дайындау тұрғысындағы мемлекеттік бағдарлы жобалармен таныстырды. Ақмарал Абылаева «Үш тілді білім жағдайында сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары» деген тақырыпта баяндама жасап, тиімді білім беру нұсқаларын баяндай оты-рып, ұстаздарға артылар жүктің салмағы жеңіл емес екенін ескертті. Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері Қатира Қабылова да сөзге шығып, үш тілділік заман талабы екенін айта келіп, оқу ісі меңгерушілері мен мұғалімдерге осы мақсатқа жету барысында сәттілік тіледі. «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі, ардагер ұстазы Бахрам Сабитов пен Ж.Есіркепов атындағы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұрғали Рахаев жүрекжарды тілектерін жеткізді. Семинарға қатысушы оқу ісінің меңгерушілері Г.Жүнісова мен Б.Қалымбетов өз ой-пікірлерін ортаға салып, көпшілікпен ой бөлісті.
Семинар соңында Ж.Есіркепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры А.Зұлпыхаров: «Үш тілді білім беру жағдайында мұғалімдерге артылар жүк пен сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану әрбір ағарту саласы қызметкерінің міндеті» дей келіп, облыстық семинарды қорытындылап, сөзінің соңында ОҚО әдістемелік кабинеттің әдіскерлеріне және Сарыағаш пен Қазығұрт ауданынан келген оқу ісі меңгерушілеріне ризашылық білдіріп, алғыс айтты.

Ж.КЕРІМБАЙ,
Ж.Есіркепов атындағы жалпы орта мектебі директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары.

Көзі ашық, көкірегі ояу Әйтен сонау Арқалықтан Шиелінің Тартоғай ауылына қоныс аударды. Қоныс аударды деген жай ғана сөз. Салт басты, сабау қамшылы жас жігіттің бес-алты кітабынан басқа іліп алар түгі де жоқ-ты. Дей тұрғанмен, басындағы ши қалпағы, қолына ұстаған оюлы таяғы мен көзіне ілген шынысы елден ерекшеледі. Тартоғайлықтарды таңқалдырғаны: «...жас балалардың сауатын ашып, жазу-сызуға үйретемін», – дегеніне ел азаматтарының бірі сенсе, екіншісі сене де қоймады.