«Менің ғажайып әлемім»

Дүйсенбі, 29 Мамыр 2017 10:45

Аудандық мәдениет сарайында «Менің ғажайып әлемім» жас суретшілердің аудандық көрме-байқауы болып өтті. Мұндағы мақсат – бейнелеу өнері арқылы өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі талантты жас суретшілерді табу арқылы, суретшілік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу. Жастарды отансүйгіштікке баулып, ұлттық рух пен патриоттыққа тәрбиелеу.
Байқауға ауданымыздың суретшісі Исмайлов Бақыт, халық театрының суретшісі Құралов Ғалымжан және аудандық мәдениет сарайының әдіскері Тантабаева Мейрамкүл төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша І-орын Минтаева Аяжанға, ІІ-орын Ислам Бақдаулетке, ІІІ-орын Асанова Сара мен Абдуалиева Шынарға бұйырды. Қалған барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Раушан ЕШМҰХАМБЕТОВА,
аудандық мәдениет сарайының әдіскері.

Еліміздегі білім жүйесінің жаңаша білім беру мазмұнына көшуі қазіргі мектептердің әлемді кешенді суреттей алатын оқушыны даярлауын көздейді. Заманауи мектептің табыстылығы оқу тәжірибесін жаңартуға бағытталған мұғалімнің жаңаша бағалау көзқарасының қалыптасуымен айқындалады.

tWfQ3 UyPhc
Қазақстан Республикасындағы орта білімді жаңарту аясында «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Қазығұрт ауданының мектептерінен жиналған 30 ұстаз 15-26 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Бану Сүгірованың жетекшілік етуімен дәріс алды.
Педагогикалық өтілі 1 жыл мен 25 жыл аралығында білім мен тәрбие беріп жатқан ұстаздарымыз информатика пәні бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұны мен құрылымына арналған сабақтар, сергіту сәттері, «Tarsia - квадрат», «VideoScribe» программаларын талдай отырып, топқа бөліну арқылы өз ойларын ортаға салды. Өзара талдау бойынша «Саралау тәсілдері», «қысқа мерзімді жоспар» ұстаздар жүрегінен жол таба білді.
«45 жыл ұстаз болсаң да, 45 минуттық сабағыңа әзір бол» деген қағиданың туралығы осы курстағы ұзақ уақыттан бері оқыту мен тәрбиелеуге көп үлес қосқан, техниканың даму қиындығына қарамастан, жаңарту бағдарламасын оқуға, үйренуге деген талпынысынан көруге болады. Сол талпынысты Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Үсенбаева Райхан, Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Беркінбаева Лескүл апайдан байқадық. Мұғалімнің кәсіби дамуына арналған деңгейлік бойынша білім алған «Жаңаталап» жалпы орта мектебінің мұғалімі Әділбаев Досжан, «Заңғар» жалпы орта мектебінің мұғалімі Каленова Ділбар, «Қақпақ» жалпы орта мектебінің мұғалімі Құрбанов Бекзат курс барысында дамытуға арналған тренингтер өткізді.
«Асыл тастан, ақыл жастан» дегендей білім беру бәсекелестігін одан әрі шыңдауға жас мамандар жастық жігер-күшімен ерекшеленді. Курс аясында ұстаздарға әріптестік көмек көрсеткен «Жаңатірлік» ЖОМ мұғалімі Айтубаева Дариха апай ұйымдастырушы қабілетін көрсете білді.
Біліктілікті арттыру курсы барысында аға оқытушы Бану Асетқызы жан-жақты білімі мен биязы әрекетімен ұзтаздардың идеяларын тыңдап, қорытындылады. Енді алдағы уақытта жаңартылған білім мазмұны мен құрылымын меңгеріп, шәкірт тәрбиелеуде жаңа жетістерге жетеріміз хақ.

Әйгерім Битөре,
«Болашақ» мектеп-гимназиясының
информатика пәнінің мұғалімі

«Үміт» форумы өтті

Дүйсенбі, 29 Мамыр 2017 10:07

Жыл сайын оқу жылы аяқталар сындарлы шақта аудандық білім бөлімінің бастамасымен «Үміт» форумы өтуде.
Ондағы мақсат айқын. Оқу жылы көлемінде түрлі білім байқаулары мен олимпиадаларында сынға түсіп, ең жоғары жетістікке жеткен дарынды оқушылардың еңбегін бағалау. Сол арқылы өзге оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру болып саналады.

Тарлан талант, жыр жампозы

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:59

Ұлы тұлға, ұлы ақын Мұқағали Мақатаев мына әлемде бар болғанда биыл 86 жасын атап өтер еді. Оның қуатты жырларын жұрт әлі жатқа айтады. Жыл сайын ақынның сүйікті оқырмандары да көбеюде. Мұқағали атамыздың туылған күніне «Ақжар» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеште оқушылар ақынның жүрек тебірентер жырларын оқыды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан 7-сынып оқушылары сахналық қойылым көрсетті және бейнежүгіртпелер көрсетіліп, ақынның өз дауысын тыңдатты. 7-сынып оқушылары Сапаркүл Бүркітбай мен Тоғжан Бөрібек өз шығармашылығынан ақынға арнауларын оқыды. Кеш өте әсерлі өтті.
Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талант, жыр жампозы Мұқағалидың ұлттық мақтаныш екенін паш етеміз.

Besik-zhyiryi-m----a--ali

Нұрсұлтан ТҰРҒЫНБЕК,
«Ақжар» жалпы орта мектебінің
7-сынып оқушысы.

Қыздарымыз I орынға ие болды

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:55

Жақында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында интернет арқылы Қырғызстандағы «Кырчын» балалар журналының ұйымдастыруымен өткен «Бақыт деген...» атты оқушылардың халықаралық эсселер байқауы болып өтті. Ауданымыздан «Болашақ» мектеп-гимназиясының 11 «а» сынып оқушысы Әсем Жұматаева және Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің 11 «б» сынып оқушысы Тоғжан Сайрамбай қатысып, тақырыпты барынша ашып, сөздік қорының байлығын танытып, І орынды иеленді. Халықаралық электрондық эсселер байқауына қатысқан, ой оралымдары мен жазу шеберлігі бойынша үздік атанып, жеңімпаз болған дарынды оқушыларды дайындаған ұстаздары («Болашақ» мектеп-гимназиясынан) Дәулет Сәрсенбаев, (Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінен) Жанар Нысанова құрмет грамотасымен марапатталды. Марапаттау рəсімі Алматы қаласында өтті. Ауданымыздың, тіпті, еліміздің намысын қорғаған, мектепті бітіретін екі түлегіміз бұдан да биіктерден көрінеді деп сенеміз.

DSC08742

Малика ҚАЛДЫБАЕВА,
Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы.

Курстан көп нәрсе үйрендік

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:53

Жаңартылған білім – бүгінгі күннің маңызды алғышарттарының бірі.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы өмір талабы және білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады.
Осы бағытта «Болашақ» мектеп-гимназиясында 2-20 мамыр аралығында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім бағдарламасы бойынша курс ұйымдастырылды.
Курс тренері Айгүл Болғанова жас та болса, бірінші күннен-ақ тыңдаушыларының жүрегінен орын ала білді.

IMG 3086
Курста білім алу барысында біздер өмір өзгеретінін, өмірге қарай жас ұрпақ бейімделетінін, ол үшін мұғалім де өзгеру керектігіне көз жеткіздік.
Әрбір ұстаз ізденімпаз, жаңашыл болумен қатар, пәніне деген оқушы сүйіпеншілігін ояту үшін аянбай, талмай білім саласындағы түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білу керектігін ұғындық.
Сондықтан жаңартылған білім жүйесіндегі түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін барынша ыждаһаттылықпен Айгүл Маликовнадан үйренуге ұмтылдық. Біздіңше жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген әрбір сабақ оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырары даусыз.
Сабақты қызықты өткізу үшін, пәніңізді біліп қана қоймай, оның берілу тәсілдерін білу керектігін үйрендік.
Сабақтың құнды өткізілуі үшін оқушының жас ерекшелігін, оның қабілетін, қабылдауын салыстыра алатын, бағалай білетін тәсілдерді қолдану керектігін білдік. Сондықтан, А. Болғанованың тренингтері аясында біздер әрбіріміз қайталанбас тұлға екенімізді ұғындық және де өз ісіміздің шебері екендігімізді, сол шеберлігімізді жас ұрпақ тәрбиесінде қалай пайдалану керек екендігін түсіндік.
Енді алдағы уақытта осы бағыт-бағдарымыз бойынша үнемі ізденіс үстінде боларымыз даусыз. Өйткені, білім саласына қойылар талап күннен-күнге күшейіп келеді.
У. ТҰРСЫНҚҰЛОВА,
«1-Мамыр» негізгі орта мектебі.

«Қақпақ» жалпы орта мектебі оқу жылында атқарылған жұмыстарына қорытынды жасап, болашақтағы мақсаттары мен міндеттерін белгіледі. 2016-жылы пайдалануға берілгеннен бастап, мектеп басшылығының ұйымдастыруымен үш рет аудандық және екі рет облыстық семинар өткізілді. Жаңартылған білім беру биылғы жылы бірінші сыныптан басталса, келер жылы 2,5,7 сыныптарда жалғасады. Сондықтан, бастапқы кезеңде тәжірибе алмасу үлкен демеу беретіндіктен, мектеп директоры Озипа Жүнісова жаңа мектептің оқу базасын тиімді пайдалану мақсатында семинарлар өткізуді ұйымдастырды. Ең алғашқы «Кітап – білім бұлағы» дегендей кітапханашылар семинары мектеп кітапханашысы Қоңыратбаева Гүлдананың қажырлы еңбегінің арқасында сәтті өткізілді. Кейін бастауыш сыныптар, оның ізін ала деңгейлік мұғалімдердің аудандық семинарлары өз деңгейінде өтті. Мектебіміздің пән мұғалімдері О.Исабеков, А.Дауеева, Г.Ибраимова, Г.Мамбетқұлова, З.Әбдібаева, А.Ерназарова және басқалар өз біліктіліктерін көрсетіп, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Білімділік пен біліктілік егіз

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:51

Білім беру мазмұны елімізде бүгінгі таңда жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің «білім-ғылым-инновация» атты әлемдік үрдістерге енуі – білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін көрсетуде. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚ БАИ-дың ұйымдастыруымен ағымдағы жылы сәуір айының 24-інен мамыр айының 13-іне дейін Қазығұрт ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы жүргізілді. Бас-аяғы жиырма сегіз ұстаздан құралған топқа Нағима Әзбердиева тренерлік жасады.

Жаным қазақ

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:41

Өзім өзбек болғанмен жаным қазақ,
Қазақтың ортасында жүрміз жасап.
Жастайымнан қазақша өлең жазам
Халық әнін айтамын аздап-аздап.

Қазақ тілін білемін, туған елді сүйемін,
Алға Қазақстан! – деп көппен жүріп келемін.
Айналамда шәкірттер, айналамда достарым
Қатарына 30-дың кіретінімізді білемін.

Намунахон Құрбаналиева,
Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің ұстазы.

Кітап – асыл қазына

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 10:27

Жуырда «Қақпақ» жалпы орта мектебінде кітапханада кітапханашы Гүлдана Қоңыратбаева «Балалар кітабы» апталығын өткізді. Мақсат – мектеп оқушыларын кітапханаға келіп, кітап оқуға бейімдеу. Апталық 1-4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Гүлбахира Ибрагимова мен Мөлдір Нұрбаеваның ұйымдастыруымен кітап туралы таныстырылым көрсетумен басталды. Оқушыларға кітапты қалай ұстау керектігі және кітаптың шығу тарихы жайлы көріністер ұсынылды. Белсене қатысқан шәкірттер: оның ішінде 1 «а» сынып оқушылары кітап туралы өлең шумақтарын айтса, кітапханашы оқушыларға кітап туралы көптеген мағлұматтар айтты. Нұрбаева Мөлдір жетекшілік ететін 4 «в» сынып оқушылары қазақ ертегісінен үзінді көрініс көрсетіп, көрермендерін дән риза етті. Ал, 4 «а» сынып оқушылары арасында «Кітап – рухани сарқылмас қазына» тақырыбында Айман Сұлтанбаеваның жетекшілігімен тәрбие сағаты өтті. 44
Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Балнұр Бердібекова «21 ғасыр көшбасшысы» тақырыбында кітапхана мен пәндерді қоса отырып, 8-9 сынып оқушыларына жарыс ұйымдастырды. Кітапханада Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына орай «О, адамдар, біргемін мен сендермен» атты тақырыпта қазақ тілі пәнінің мұғалімі Назгүл Алданова 5 «ә» сынып оқушыларымен әдеби кеш ұйымдастырды. Шәкірттер Төлеген ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқады. Осы апталықтың соңы «Үздік оқырман -2017» байқауымен аяқталды. Апталық барысында 2-11 сынып оқушылары белсене атсалысып, кітаптарды оқу көрсеткішін жоғары деңгейге көтерді. «Қақпақ» жалпы орта мектебіндегі кітапхана жұмысының жақсы жолға қойылғаны өз нәтижесін осылай беріп келе жатыр.

Гүлдана ҚОҢЫРАТБАЕВА,
«Қақпақ» жалпы
орта мектебінің кітапханашысы.