Білім беруде олқылық орын алмасын

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 10:12

Аудан әкімдігінің жоспарына сай әкімдік мәжілісі өтті. Күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Атап айтқанда, «Аудандық білім бөлімінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы М. Тасқұлов, «Ауданда жер қойнауын пайдалану саласын мемлекеттік реттеу жұмыстарының барысы жөнінде» аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А. Көшкінбай, «Көктемгі ветеринарлық іс-шаралардың атқарылуы және өзекті мәселелер туралы» аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А. Ашаматов баяндама жасады.

Жастар мамандық таңдай ала ма?

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 11:09

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 23-қаңтардағы Заңының 31-бабына орай Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016- жылғы 4-қарашадағы №246 қаулысындағы тапсырмасына сәйкес, «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ауылдық жерлерде мемлекеттік жастар саясатын дамыту мен жастардың белсенділігін арттырып, ауылдық аймақтарда жұмыссыз (маргиналды) жастарға бағыт-бағдар беру бойынша 13 ауыл округінде түрлі маман иелерінен құрылған консультациялық жылжымалы кездесулер өткізілді.

wfVGi3ZhPZI20dd7SGE2x1fl466kl7
Кездесуге аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы М.Зайтов пен сектор меңгерушісі Жұмаділов Арман «Диплом мен ауылға» бағдарламасы аясында, аудандық қорғаныс істері жөніндегі келісім шарт бөлімінің бастығы Батырбаев Асан өзге қалаларға жастарды әскери қызметке келісімшарт негізінде жұмысқа орналасу бойынша, аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Кездесу барысында жастарымыз түрлі маман иелеріне өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан жауабын алды. Қоғамның қозғаушы күші – жастар десек, Елбасының жастарға үлкен сенім білдіруі заңдылық. Тек осынау селкеусіз сенім мен үлкен жауапкершіліктің үдесінен шығу – әрбір азаматтың міндеті.

А. БАЙТҰРСЫНОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің инспекторы.

«Есіңе мені алғайсың»

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:31

Сөздің асыл маржанын жүрегімен шығара білген ақынның бірі – Мұқағали Мақатаев. Кішіге өнеге тұтар аға, үлкенге мақтаныш етер іні бола білген ұлы тұлға. Ақиқаттың әділ дәптерін жаза білген қазақтың мақтанышы.

Кітап – ғажайып әлем

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:28

«Қаржан» жалпы орта мектебінде оқырмандардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында балалар кітабының апталығы болды. Алғашқы күні апталықтың ашылу салтанатында балалар «Кітап – ғажайып әлем» атты кітап көрмесімен танысты.

vfIKERs6AHDRXus7-lg
2-3 сынып оқушылары арасында «Кітап оқып жарысайық!» деген тақырыппен аудиоертегі кітаптар негізінде танымдық-интеллектуальды ойын өткізілді. Апталық аясында оқушылармен төрт тақырып бойынша түрлі сайыстар ұйымдастырылды. «Ерте, ерте, ертеде...» деп аталатын жас ертегішілер байқауына оқушылардың қиялынан туған көптеген ертегілер келіп түсті. Солардың ішінде 5 сынып оқушылары Қанат Асхаттың «Достық туралы ертегі», Мұхтар Балаусаның «Жеті түлкі», Сейітханова Альбинаның «Бақытсыз бай» атты ертегілері үздіктер қатарынан көрінді.
«Жауқазын жырлар» жас ақындар мүшайрасына қатысқан Төребай Мейіркүл, Пернебек Сапарайым, Құрбан Игіжамалдың Отан, Туған жер, Мектеп туралы жазған өлең-жырлары жүлделі орынға ие болды. Жас қаламгерлер арасында өткізілген байқауға «Туған жерім – Қаржан» және «Кітап – ғажайып әлем» тақырыбындағы көптеген шығармалардың ішінен Сапар Лаура мен Қыдырбай Жаңылайдың жазған шығармалары үздік деп табылды. Ертегі кейіпкерлерін бейнелейтін «Балғын бояу шеберлері» байқауында Ерғазина Махаббат, Дүйсен Гүлімхан, Анарбай Оразғали шеберліктерімен көзге түсті.
Мектебіміздің өнерпаз, талантты оқушыларын көпшілікке таныстыру мақсатында апталықтың соңғы күнінде қорытынды концерт ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашылары апталыққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, оларға алғыс білдірді.

З.Жапбарқұлова,
Ф. Елемес,
«Қаржан» жалпы орта мектебінің кітапханашылары.

«Ағалар өсиеті бізге аманат!»

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:27

«Қаржан» жалпы орта мектебінде Ауған соғысының ардагерлері – Сейдуалиев Жарқынбай, Сарыбаев Жомарт, Абдиров Ермек және Семей полигонының ардагері Ауезов Қанытбаймен кездесу болып өтті.
Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Ағалар өсиеті бізге аманат!» ұранымен өткізілген іс-шараға Алтынтөбе ауыл әкімшілігіндегі бес мектептің әскери жетекшілері мен оқушылары қатысты.
Кітапханашылар Зина Жапбарқұлова мен Баян Атабаева қонақтарды кітапхананың патриоттық тәрбие бөліміндегі қорымен таныстырды. Зейнеткер ұстаз Орман Жамантаев «Даңқ бұрышындағы» бұрынғы өткен атақты адамдарды еске алып, ой қозғады.
Кездесудің аясында оқушылар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Аққыз ӘБУОВА,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Математика – ғылымдардың патшасы

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:24

Жуырда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика кафедрасымен бірлесіп, «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінде математика пәнінен дәстүрге арналған облыстық олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға ауданымыздың мектептері мен Түркістан қаласы, Сарыағаш ауданы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды математика пәніне бейім қабілетті жастарды анықтау және қолдау.

o-MATH-ON-CHALKBOARD-facebook
Олимпиаданы «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінің директоры А. Үйсінбаев ашып, оқушыларға сәттілік тіледі. Аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Ә. Егізек оқушылардың зор дайындықпен келіп, ауданымыздың білімін көтеруге атсалысушыларға ізгі тілегін білдірді. ОҚМПИ-ың физика-математика кафедрасының доценті, институт проректоры Қ. Абдрахманов математика ғылымдарының патшасы екенін айтып, оқушылардың логикасын дамытуда осындай олимпиадалар көптеп ұйымдастырылса екен деді.
Жалпы олимпиадаға 53 оқушы қатысты. Олимпиада ережесіне сәйкес келетін жұмыстар анықталып, үздік тапсырма жа-уаптарына жүлделі сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Олимпиада комиссиясының қорытындысы бойынша 11-сыныптар арасында «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Таушабай Ердос – І, «Болашақ» мектеп-гимназиясының оқушысы Түймебаева Айда –ІІ, «Ащыбұлақ» мектебінің оқушысы Егемберді Нұрғиса – ІІІ, 10-сыныптар арасында Ж. Қаппаров атындағы мектеп-интернатының оқушысы Амирбеков Бекболат – І, «Еңбек» мектебінің оқушысы Данабекова Мөлдір – ІІ, «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Сайдуллаева Мадина – ІІІ орын алды.
Жабылу салтанатында сөз сөйлеген Қ. Абдрахманов олимпиада өз деңгейінде ұйымдастырылған деп, мектептің ұжымына, математика пәнінің мұғалімдері Г. Абуоваға, А. Тұрсынбаевқа, Б. Байтуреевке өз алғысын білдірді.

Г. Сынабаева,
«Ащыбұлақ »жалпы орта мектебінің директорының инновация жөніндегі орынбасары

БІЗДІҢ ҮЙРЕНГЕНІМІЗ КӨП БОЛДЫ

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:22

«Қосағаш» жалпы орта мектебінде бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын қолдана отырып, оқыту сапасын арттыру мақсатында аудандық семинар болды. Оған аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Амирова қатысты.


Мектеп директоры Қ.Дуанақұл семинарды ашып, мектеп психологы Э.Көшкінбаева психологиялық тренинг ойындарын қызықты етіп өткізді.
Ашық семинар сабақтары болғанда, 3 «а» сынып жетекшісі Гүлдариға Салыбектің қазақ тілінен «Етістік» тақырыбында өткен сабағына, 1 «а» сынып жетекшісі Қатира Полатованың «Теңдеуді шешу» тақырыптағы сабағына кіріп, жақсы әсер алдық. Бізге сабақ барысында шаттық шеңберін құрып, балаларды топқа бөліп, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, оқушыларды қызықтырып өткендері ұнады. Әсіресе, Гүлдариғаның Акт бойынша суреттер сөйлейді әдісі, ал, Қатираның «Топтас-ойлан-талқыла» әдісі әсерлі болды.
Дәптермен жұмыста Нұртілеу Кеңестің дәптері өзгелерінен таза, әрі әдемі болып шықты.
Ашық сабақтарды талқылағанда М.Амирова өз ой-пікірін ортаға салып, бірқатар ұстаздарды аудандық білім бөлімінің атынан марапаттады. Семинардан біздің үйренгеніміз көп болды.

П.ШАЛҚАРОВА,
О. ІЗБАСАРОВА,
Р.ЖАНАЕВА,
О.Жандосов атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімдері.

Қазіргі кезде еліміздегі білім саласында түбегейлі реформа жасалуда. Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, ұстаздарымыз білімді де білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру курс- тары реформалауға айтарлықтай үлес қосуда.

vko-26-05-2016

Білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңаша көзқарас пайда болды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериялды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.

«Қанеки, тілім, сөйлеші!»

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:24

Аудандық Мәдениет сарайында «Қанеки, тілім, сөйлеші!» атты шешендік сөздер байқауы ұйымдастырылып, 18 бен 35 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, бақ сынады. Олар «Сәлемдесу – салтымыз», «Таза, мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», «Шешендік – шеберлік» тақырыптарында өз өнерлерін ортаға салды.