ТИІМДІ ТӘСІЛ

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:23

Мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл – Lesson Study екендігінде талас жоқ. Әсіресе бұл – «1-мамыр» негізгі орта мектебінде осы тақырыпта өткізілген коучингтен кейін зерттеу ізденістерден байқалды.

Ұстамдылық – жақсы қасиет

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:23

Адамның жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады.

Биыл мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа форматта тапсырады. ҰБТ-ның жаңа форматының басты ерекшелігі екіге бөлінеді. Қорытынды аттестация және ҰБТ. Қорытынды аттестация мектеп бітіруші түлектеріне, ал ҰБТ жоғары оқу орындарына түсушілеріне арналған ҰТБ-ның жаңа форматы 5 пәннен тұрады (3-еуі міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланыс­ты 2 бейіндік пән ):

Қазығұрттық ұстаз топ жарды

Жұма, 17 Наурыз 2017 09:24

Жақында ұстаздар арасында облыстық эсселер байқауы өтіп, Қазығұрт ауданыныдағы Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтыгүл Уразбаева I орынды иемденді. Оған I дәрежелі диплом табыс етілді.

Мен өзім оқитын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін мақтан тұтамын. Университеттің жетістіктері өте көп. Ол – әлемге белгілі оқу орны.

Қайсыбір жастың болмасын білімін шыңдап, біліктілігін биіктетіп, сұранысқа ие кадр потенциалын құруда білім ордасының қара шаңырағы ҚазҰУ-дың әрбір факультеті жыл сайын ұясынан талай студенттерді ұшырып отыр.

Есіңе мені алғайсың

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:56

«Қызылдала» жалпы орта мектебінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғалия Жакеннің ұйымдастыруымен «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кеші болып өтті. Кешке өнерге бейім, өлеңсүйер оқушылар белсене атсалысты.

2«а» сыныбының жеңістері

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:56

Жақында облыстық «Самұрық» зияткерлік олимпиадасы өткізіліп, оған қатысқан «Болашақ»мектеп гимназиясының 2«а» сынып оқушылары қатысты. Айсұлтан Сарыбаев, Мейрбек Нұрманов және Шұғыла Жарқынбек І дәрежелі, ал Аделя Құрбан, Нұрбақыт Тұрдалы, Әсел Бекмырза , Ырыскелді Смадияров ІІ дәрежелі, сондай-ақ, спорттың күрес түрінен республикалық жарыста Ерік Үсенов ІІІ дәрежелі дипломдардың иегері атанды.

Білікті маман

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:55

Ауданымызда тілдің дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан тіл жанашырлары аз емес. Солардың бірі – асыл ана, ардақты ұстаз Қыздығой Илесқызы Бектұрова.

Ою-өрнектің тәрбиелік мәні

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:55

Қазақ ұлттық ою-өрнегі – атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста келе жатқан өнер түрі. Ол – қазақ халқының қолөнер саласында кеңінен қолданылатын көне, әрі күрделі өнер түрі.
Ою-өрнек табиғаты бойынша поэзияға ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан онда ырғақ зандылықтары бар. Өнердің бұл түрі ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне ортақ, әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді. Қолөнер саласында ою-өрнек негізгі рөл атқарады. Өрнектеп әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі.