Мерекелік игі шаралар

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:55

Президент Н.Ә.Назарбаев Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтсе әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі», – деген болатын.

«Жарқын болашақ»

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:54

Жуырда «Жарқын болашақ» IX республикалық қазақ тілі олимпиадасының Қазығұрт аудандық байқауы болып өтті.

Батырдың есімі ұлықталды

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:54

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебі-интернаты ұжымының ұйымдастыруымен «Батырдың туғанына – 115 жыл» тақырыбымен салтанатты шара өтті.

«Ұрпақтар ұмытпас ерлігін»

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:54

Қ. Өмірәлиев атындағы орталық кітапханада Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың 115 жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпас ерлігін» тақырыбында кеш ұйымдастырылды.

Қазығұрт ауданы, Атбұлақ елдімекенінде орналасқан Ж. Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында ұлым мен қызым дәріс алуда. 10-сыныптағы қызым Ақнұр Бошай мен 11-сыныпта оқитын ұлым Асылбек Бошайдың осы мектептен жақсы тәлім-тәрбие мен терең білім алып жатқанына қуаныштымын.

Нұрбек жарады

Жұма, 03 Наурыз 2017 09:56

Жақында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ғылыми жобалардың республикалық байқауы өтті. Оған менің жетекшілігімдегі 11 сынып оқушысы Нұрбек Тастан математика пәні бойынша қатысты.

20170220 100345

Ерлік жолына саяхат

Жұма, 03 Наурыз 2017 09:55

А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Ауған соғысының ардагері Әлібек Тасболатов 1985-1987-жылдары Кундуз қаласындағы 149 «а» мото-атқыштар полкінің танк батальонында қызмет атқарған. Жалындаған жас шағын соғыс өрті шарпыған ардагер ұстаз үшін бұл күн мереке емес – құрбан болған қаруластарын еске алу күні.

Республикалық «Қамқорлық» айлығының аясында Тураб Тула атындағы жалпы орта мектебінде «Мектепте қамтылмай қалған бір де бір бала болмайды!» атты бір айлық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Балаларға қамқорлық жасау ата-бабамыздан қалған қасиеттердің бірі десек, осыны бүгінгі ұрпақ жалғастыруда.

Сын тұрғысынан ойлау

Жұма, 17 Ақпан 2017 09:32

Математика пәнін оқытқанда оқушылардың ойын тиянақты жеткізіп, сөйлеу, сызу, ойлау дағдыларын қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының берер пайдасы мол.

«Болашақ» мектеп гимназиясында сынып жетекшілеріне арналған апталық ұйымдастырылды.