«Қылмысқа кім кінәлі?»

Жұма, 17 Ақпан 2017 09:31

М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбымен дәстүрлі онкүндік болып өтті. Бұл шараның оқушы жастар үшін тәлімдік-тәрбиелік, танымдық-эстетикалық, рухани-мәдени жағынан берері мол болғандықтан, оған бірінші кезекте өзін-өзі тану және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ерекше атсалысуы заңды.

«Бала тәрбиесі – ортақ іс»

Жұма, 17 Ақпан 2017 09:29

Біздің мектебімізде ұрпақ тәрбиесі мәселесіне үлкен мән берілген. Бұл іске ата-аналарымыз да жиі атсалысады, мектептің іс-шараларына араласады. Ал, мұның мектеп ұжымы үшін бағасы зор.

1111111111111

Қазығұрт ауданының мәдениет сарайында «Қазығұрт талант шоу» жобасы Қазығұрт ауданына қарасты барлық мектептердегі жас өнерпаздардың басын қосты. Бұл жобаны қолға алудағы басты мақсат – Елбасымыздың Жолдауына қолдау көрсету.

Sardar

Колледждің 25 тігінші қызы

Жұма, 03 Ақпан 2017 09:42

№11 колледждің тігін өндірісі және киімді үлгілеу тобына кіргенде бірдей киінген, бірдей тігін машиналарында отырған 25 қызды көрдік. Олар ауданның барлық ауылдарынан жиналыпты. Алға қойған мақсаттары айқын, ол – он саусағынан өнері тамған шебер болу.

IMG 4602

Мектебімізге «Жас туристер» станциясының қосымша білім беру педагогы, «Туризм» үйірмесінің жетекшісі Есбол Лесов келіп, сабақ өткізді. Оның сабағын біз жоғары бағаладық. Себебі, танымдық-тағылымдық жағы басым болды, әрі қызықты етіп ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамы» мемлекетіміздің барлық салаларын қамтып, қоғамды ізгілендіруге бастайды. Бұл тарихи құжаттың маған айрықша ұнайтын жағы да осы. Мемлекет басшысының біртектілік пен бірлікке қатысты тапсырмалары бізге ғана емес, әлем жұртшылығына да ұнады.

«Ең үздік креативті мұғалім»

Жұма, 06 Қаңтар 2017 09:47

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебіміздегі бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Ең үздік креативті мұғалім» атты байқау өтті. Мұндағы мақсат – шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың іс-тәжірибесін насихаттау арқылы ұстаз мәртебесін көтеру.

«Қарттарым – асыл қазынам»

Жұма, 06 Қаңтар 2017 09:47

Ә. Ақабаев атындағы бастауыш мектебінде «Тербейтін Тәуелсіздік тал бесігін» тақырыбында бірнеше іс-шара өткізілді. Тәуелсіздік тақырыбындағы қабырға газеті жасалып, көрнекті жерге ілінді. Ал, төртінші сынып жетекшісі Г.Тастанова ауылдағы қарттарға көмек көрсету мақсатында «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шәкірттеріміз жарады

Жұма, 06 Қаңтар 2017 09:47

Астана қаласындағы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік – басты тұғырымыз» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Қ. Өмірәлиев атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ғани Өрісбаев «ҚР Тәуелсіздігі тарихын зерттеу мәселелері: жаңа тұжырымдар мен идеялар» атты ғылыми жобасымен қатысты. Ол өз еңбегіне Қазығұрт ауданындағы жер-су аттары мен ауылдардың көркеюін, Мәңгілік Ел болу идеясын арқау еткен.

«Алтынтөбе» жалпы орта мектебінде оқушыларды жігерлілік пен отансүйгіштікке баулып, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу мақсатында «Егемен еліміздің жігерлі ұландарымыз!» атты спорт апталығы болды. Оқушылардың спорт пен олимпиада жеңімпаздары және спорт тарихы тақырыбындағы шығармашылық жұмыстарынан көрме дайындалып, сол арада апталықты мектеп директоры Ә.Өрісбаев сөз сөйлеп ашты. Және де апталық бағдарламасы таныстырылды.