ЕКПЕ – ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Жұма, 14 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 303 рет

 

images101201

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құзыретті мемлекеттік органмен және оның аймақтық органдарымен екпеден бас тарту себептері мен оның динамикасы жөнінде мониторинг жүргізіліп тұрады.

Діни ұстаным себебінен бас тарту басымдылығы Қазақстанның батыс өңірлерінде өзекті болып отыр. Бұл өңірлерде діни ұстанымына байланысты екпеден бас тарту көрсеткіші 80%-ға жоғары. Соның ішінде Атырау облысында – 88,9%, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстан облысында – 89,3%. Осы көрсеткіштер Қазақстанда азаматтардың екпеден бас тартуы дәстүрлі емес діни ұстанымдар салдарынан өзекті мәселеге айналғаны байқалады.

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңнама жобасының әзірленуі барысында екпеге қатысты тақырып қоғам тарапынан үлкен талқылауға ие болды.

Бұл мәселені дінмен байланыстыра қарау бар кезде дұрыс емес. Қарап отырсақ, соңғы жылдары әлемнің басқа елдерінде де екпеге қарсылық білідіретін ата-аналар қатары өсіп келеді. Бұған себеп, бір жағынан, екпе салдарынан ауруға шалдыққан бала санының өсуі болса, екінші жағынан, әлеуметтік желілерде вакцинаға қарсы антирекламалық бейнероликтер, мақалалар мен жаңалықтар көптеп жарық көруі түрткі болуда.

Сондықтан, екпеден бас тартуды тек қана діни себептермен түсіндіруді орынсыз.

Екпе салуға белсенді қарсылық көрсететіндердің қатарында деструктивті діни ағымдардың өкілдері басымдау екені белгілі. Сол себепті осы топқа жататын тұрғындармен жұмыс жасау қиындық тудыруда (олар екпеден бастартуға әкеп соқтыратын қасаң көзқарас ұстанады, осы мәселені талқылауға ықыластары өте төмен.

Бір жағынан, екпе дінде харам деген ұғымды таратып жүргендер де кедеседі. Егер екпе харам болса, Сауд Арабиясы Королдігі жыл сайын қажылыққа баратын азаматтарымыздан жұқпалы ауруларға қарсы екпе алуды талап етпейтін еді ғой. Тек қана Қазақстаннан ғана емес иісі мұсылман әлемінің 100-деген елінен, оның ішінде Египет, Түркия, Малайзия, Иран, Пәкістанның қажылары да екпе харам деп шу көтеріп жатқан жоқ.

Сонымен қатар, ислам әлемінің көптеген беделді халықаралық ұйымдары бар. Олардың ішіндегі ең үлкені 57 ислам мемлекеті мүше болып табылатын ислам ынтымақтастығы ұйымы болып табылады. Осы ұйымдардың ешқайсысы да екпе харам деген пәтуа бермеген. Сондықтан діни көзқарасына байланысты екпеден бас тарту дұрыс емес екенінн назар аударғым келеді.

Ал, екпенің сапалы болуы, екпе алатын баланың денсаулығының сау екендігін анықтап барып екпе егу мәселелері бойынша дәрігердерлерді де, ата-аналармен де түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды болып табылады.

Д.ОРАЗБАЕВ.