Қызылшадан сақтанудың кепілі – Вакцинация

Жұма, 18 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 77 рет

Дәрігер кеңесі

           

54dd639c5b70c

Қызылша мен қызамық – біріне-бірі өте ұқсас жұқпалар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі – денеде бөртпелердің пайда болуы.

Қызылша. Вирус адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, онда көбейіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік майын зақымдайды.

Қызылша қалай өтеді? Тұмау ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады. (дене қызуының көтерілуі, жөтел, көздің жасаурауы, мұрынның ылғалдануы). Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан соң денеде анық қызыл бірігетін бөртпелер пайда болады, бастапқыда бетте, құлақтың артында, сонан соң барлық денеге тарайды. Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанға дейін 4 күн, пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде залалды болып саналады.

Қызылшаның қаупі неде? Қызылша асқынуларымен қауіпті, олар ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхының, ми қабықтарының қабынуы. Кез келген асқынудан ауру өліп кетуі мүмкін.

Қызылшаны қалай емдейді? Қызылшаны да кез келген вирусты жұқпа секілді емдеу қиынға соғады. Қызылшаның арнайы емдеу препараты жоқ. Антибиотиктерді тек оның асқынуларын емдеуге пайдаланады. Науқасқа витаминдерге бай тағамдар (көкөністер, жемістер, шырындар), көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет.

Қызылшадан қалай сақтану керек? Қызылшадан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады. Қызылшадан сақтанудың бұл әдісі өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап 1 және 6 жастағы балалар егіліп келеді. Қызылшаға қарсы вакцинаны ойлап шығару – бұл медицина ғылымының үлкен жеңісі.

Есте сақтаңыз! Егуден бас тарта отырып, Сіз өте ауыр, асқынулары, тіпті өліп кету қаупі бар ауруды таңдағаныңыз.

Қызылша ауруынан сақтанудың ең сенімді кепілі – ол ВАКЦИНАЦИЯ.

Қызамық белгілерінің қызылшадан айырмашылықтары неде? Қызамық басталғанда тұмау ауруларына тән белгілері әлсіз болады, 30-50% клиникалық белгілерсіз басталады. Бөртпелер бастапқыда аурудың бетінде пайда болады, сонан соң бүкіл денесіне тарайды. Қызамықта бөртпелер, қызылшадағыдай анық қызыл емес және бірікпеген. Кейде, бөртпелер әлсіз қышиды. Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанға дейін 7 күн, пайда болғаннан кейін 7 күн ішінде залалды болып саналады. Қызамыққа тән тағы бір белгі – желкедегі лимфа түйіндерінің ісуі.

Қызамық неліктен және кімдер үшін қауіпті? Қызамық жүкті әйелдер үшін қауіпті.

Жүкті әйелдер вирусты жұқтырғаннан кейін, қан арқылы нәрестеге жұқтырады, соның нәтижесінде нәрестенің даму сатысында көптеген кемістіктер болады, ал, әйелде түсік түсу, өлі бала туу асқынулары болады. Балада жатыр ішілік көру, есту, жүрек, бауыр, сүйек ағзаларының зақымдануы байқалады. Соның нәтижесінде бала соқыр, саңырау, жүрегінің және ақыл есінің кемістігімен туады.

Қызамықты қалай емдейді? Қызылша тәрізді қызамықтың да арнайы емі жоқ. Бөртпе

пайда болғанда «төсек» режимін сақтау керек. Аурудың жеткілікті тамақтануын, сұйықтықты көп ішуін қамтамасыз ету керек. Асқынулар байқалған жағдайда жедел ауруханаға жатқызу керек.

Қызамықтан қалай сақтану керек? Бір ғана сақтану жолы – вакцинация. Қызамыққа

қарсы жоспарлы түрде егу Қазақстанда 2005-жылдан бастап енгізілді. Балалар 1 жас, 6 жасында егіледі. Сонымен қатар, осы жылы жасөспірімдер мен бала туу жасындағы әйелдер қызамыққа қарсы жаппай егіліп, сырқаттану деңгейі егуге дейінгі кезеңнен 5 есе төмендеді.

Қадірлі ата-аналар! Сіздің балаңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда! Өз балаңыздың уақтылы егуіне және біздің еліміздің сау азаматы болып өсуіне көмектесіңіз.

Ж.МАЙЛЫБАЕВ,

аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері.