Ит пен мысықты ұстау қағидаларын бұзбаңыздар!

Жұма, 18 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 367 рет

Тұрғындар назарына!

ExternalLink shutterstock 294467780-730x485

Қаңғыбас жануарлар дегеніміз – иесін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар, иесінен қашып кеткен, иесінсіз және жауапты тұлғаның тарапынан қараусыз қалған жануарлар. Қараусыз қалған, оның ішінде, қарғыбауы мен есептік белгісі бар, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда иесінің жетегінсіз жүрген, қоғамдық жерде үш сағаттан артық байлауда тұрған иттер мен мысықтар аулауға жатады.

Аудан көлемінде 13748 бас ит пен 5251 бас мысық құжаттандырылып, құтырмаға қарсы антирабикалық вакцина егілді. Паразитарлық ауруларға профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Ит пен мысықтарды үйде ұстау ережелері мұқият сақталмауына байланысты аудан тұрғындарының, соның ішінде, мектеп оқушыларының олардан жарақат алуы жиілеуде.

Ит пен мысықты ұстау шарттары

  1. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитариялық-эпидемиологиялық ережелер

мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелерді және ветеринариялық нормативтерді, сондай-ақ, осы қағидаларды сақтаған кезде жол беріледі:

         Бір отбасы тұратын жеке тұрғын үйлерде, көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде, тұрғын-үй жайларда;

Бірнеше отбасылар мекен еткен тұрғын жайларда тек өзінің тұрғын алаңында ғана, көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (аллергиясы) болмаған жағдайда, пәтер тұрғындарының барлығының жазбаша келісімімен; кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, бау-бақша және саяжайлар учаскелерінде, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе торлы орында ұстаған және қоршаған ортаны мазаламайтын және қауіп төндірмейтіндей жағдайда.

2. Иттер мен мысықтарды жалпы пайдаланатын орындарда (кіреберісте, дәлізде, баспалдақ алаңшаларында, жертөледе, шатырда және қосымша жайларда) иелеріне жеке меншік, жалға беру, уақытша пайдалану және басқа мүлік құқығы тиесілі дербес тұрғын үйлердің жанындағы аумақтардан бөлек үйлердің жанындағы аумақтарда ұстауға жол берілмейді.

3. Жекеменшік тұрғын үйлерде тұратын иелері, иттерді оның қашып кетуін, адамдарға және басқа да жануарларға шабуыл жасауын, өтіп бара жатқандарды қауып алуын болдырмайтын қоршауы бар, жеке ауласының шекарасында ұстауды қамтамасыз етеді. Аумақта иттің бар екенін ескертетін тақтайша жазылып, аулаға кіреберістегі қақпаға ілінеді.

            4. Ит пен мысық иелері:

  1. Ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу профилактикалық дауалауға кедергісіз беруі;
  2. Иттер мен мысықтардың қоршаған ортаны мазаламайтын және қауіп туғызбайтындай етіп тәртібін қамтамасыз етуі;
  3. Иттер мен мысықтарды уақтылы вакцинациялау, ауруларын диагностикадан өткізуі және емдеуі;
  4. Иттер мен мысықтарға тері паразиттері мен гельминттерден алдын алу үшін жүйелі түрде, тоқсанына бір реттен кем емес дауалау жүргізуі;
  5. Иттер мен мысықтардың құтырумен ауыру мүмкіндігіне күдік туындаған жағдайда, ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне олардың адамдарды тістеп алуы, сілекейлеуі, тырнап алу жағдайларының барлығы туралы кідірмей хабарлауы;
  6. Иттер мен мысықтардың барлық ауыру жағдайында немесе ауыруына күдік туындаған кезде, тез арада ветеринариялық мекемелерге барып, тексеру қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын бұлжытпай сақтауы;
  7. Иттері мен мысықтары өлген жағдайда ветеринариялық мекемелерге олардың неден өлгенін анықтау үшін кідіртпей хабарлауы, ал, құтырумен ауруына күдіктенген кезде ветеринариялық қызмет мамандары келгенге дейін оларды оқшаулауы қажет;
  8. Олардың иттері мен мысықтарының аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ алаңшаларын, лифтілерді, балалар ойын алаңдарын, соқпақтарды, жаяу соқпақтарды, шағынбақтарды, саябақтарды, демалыс аймақтарының ластамауын қадағалауы керек, ластанған жағдайда кідіртпей жинауды жүзеге асырады.

5. Әрі қарай ұстау мүмкін болмаған жағдайда иттер мен мысықтар басқа иелікке беріледі немесе бақылаусыз (қаңғыбас) жануарларды аулау және ұстауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға өткізіледі.
            6. Ветеринариялық мекемеде иелерінің ветеринариялық паспорт алу жолымен, иттер және мысықтар тіркеуге жатады, онда профилактикалық егулер жүргізілгендігі туралы белгілер соғылады.

Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

1. Иттер мен мысықтарды серуендету кезінде иелері келесі шарттарды сақтауы қажет:

1) Иесі ғимарат жайында болған уақытқа, егер, басқа тұлғалар үшін қауіп жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзбайтындай болса, итті тұмылдырығымен және қысқа шылбырда, өз бетімен шешілмейтіндей етіп, осы ғимараттың жанында байлаулы қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда ит адамдардың кіріп шығуына кедергі келтірмейтіндей болуы қажет;

2) Иттерді қоршаған ортаға қолайсыздық және кедергі келтірмейтіндей тек тұмылдырықта ғана (декоративті тұқымды иттерден басқасы) және қысқа (1,5 метрге дейінгі) шылбырмен сыртқа шығаруға және серуендетуге жол беріледі;

3) Иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз серуендетуге тек қоршалған аумақтарда, үйрету алаңдарында және еркін серуендету орындарда ғана жол беріледі;

4) Қалалық қоғамдық көліктерде иттерді тасымалдау, жолаушыларды мазаламайтын жағдайда, артқы алаңшаларда жүзеге асырылады. Декоративті тұқымды иттер мен мысықтарды сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдау контейнерлерінде), немесе қолына алып тасымалдауға жол беріледі. Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде тасымалдауға болмайды.
            2. Жол берілмейді:

       – иттерді аулалық балалар ойын алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарында, емдеу мекемелерінде, саябақтарда және басқа да азаматтардың көпшілік қатынасқан демалыс орындарында, тиым салынған белгілер қойылған, осы мақсат үшін рұқсат берілген немесе арнайы бөлінген орындардан бөлек жерлерде қыдыртуға;

     – иттер мен мысықтарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарында, су қоймаларында және су бөгеттерінде шомылдыруға;

     – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, сауда және дүкендердің өндірістік жайларында, сервистік қызмет көрсету, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени белгідегі мекемелерде, медициналық және емдеу-профилактикалық мекемелерде иттерді ұстауға және әкелуге;

     – мас күйіндегі тұлғаларға және 14 жастан кіші балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде жүруге;

      – халық көп жиналатын жерлерде және қоғамдық іс-шараларда иттер және мысықтармен тұруға.

Егер, иттен немесе мысықтан жарақат алған жағдайда жануарларды мал дәрігеріне көрсетіңіз. Мал дәрігерлері жарақаттаған жануарды 10 күн оқшаулап, бақылайды. Мерзімі өткеннен соң күдікті жағдай байқалмаса құтырмамен ауырмайтындығы жөнінде анықтама береді. Құтырма – адамдар мен жануарлар арасында ауыр, әрі қысқа мерзімде өтетін және міндетті түрде өліммен аяқталатын табиғи ошақты індетті ауру. Сондықтан, ит пен мысықты ұстау қағидаларын (ережелерін) бұзған тұлғаларға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік шара көріліп, айыппұл салынатынын хабарлаймын. Есте сақтаңыздар! Ит пен мысықтарды ұстау ережесін сақтау – бұл сіздің және жақындарыңыздың жарақат алуының алдын алу және өмірін сақтап қалу кепілі.

С.НҰРМАНОВ,

аудан әкімінің орынбасары.