Сау болу сәнді

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 56 рет

7-сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

 

     Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Қазығұрт ауданының орталық алаңында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының аудандық бөлімшесі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Сау болу сәнді"атты ұранымен футболдан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты жақсарту, дене қимылын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің, жастар ресурстық орталығының, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маман қызметкерлері, аудандық аурухана дәрігерлері, "Қызылту" ауруханасының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қатысты. Жеңімпаздарға марапат құттықтаулары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

   Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар арасында Дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты ұлт саулығы елдің болашағы атты іс-шара өткізілді. Шараға барша ұстаздар мен оқушылар белсене қатысты. Солардың ішінде оқу ісінің меңгерушісі Г.Мадиярова бастаған ұстаздар А.Тұрсынбаева, А.Ташқараева, Д.Талипова, С.Якуповалар үлкен үлес қосты.

Диларам МОЛДЫБАЕВА,

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Тағыда осы категорияда: « Көктем келді, кенеден сақтаныңыз!