Менингококк инфекциясынан сақтаныңыз!

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 139 рет

 

Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактерияды жедел инфекциялық ауру.

       Инфекция көзі

-            әртүрлі клиникалық түрлерімен науқастанған адамдар.

-            бактерия тасымалдаушылар.

Менингококктар алғашында мұрын жұтқыншақтың шырышты қабатында орналасып, онда жеткілікті қабыну процесін туғызады (клиникалық белгілерсіз) – “сау” тасымалдаушылық, назофарингит кезінде жергілікті өзгерістермен қатар, айқын токсинемия және бактеремия байқалады. Генерализацияланған түрінде қоздырғыш жергілікті тосқауылдардан өтіп, бактеремия туғызады. Бактеремия арнайы монополисахаридтердің әсеріне байланысты айқын токсинемиямен қатар өтеді (менингит, артрит, иридоциклит). Процестің жайылуында мына факторлар маңызы болуы мүмкін: қоздырғыштың инфицирлеуші дозасы, оның вируленттігі мен инвазивтілігі жастық фактор (балаларда ересектерге қарағанда жайылған түрі жиі кездеседі), ағзаның иммуногенетикалық ерекшеліктері (жергілікті иммунитеттің, иммунитеттің клеткалық звеносының фагоцитарлық жүйенің, комплемент жүйесінің т.б. жағдайы), менингококктардың басқа бактериялармен, вирустармен ассоциациясы. Токсиннің әсерінен (липополисахарид) гемостазды бұзатын бірқатар қиын процестер туындайды. Бұл тұрғыда липополисахаридтің концентрациясының маңызы бар (токсинемия дәрежесі) төмен концентрация арнайы және арнайы емес қорғаныс факторларын белсендірсе, ал жоғары керісінше тежейді, сондықтан, ауыр ағымда токсикалық-инфекциялық шокпен өтеді.

Сыртқы ортаның әртүрлі факторларына, антибиотиктерге өте сезімтал. Менингококктар қайнатқанда бірден, дезинфекциялаушы ерітінділер әсерінен бірнеше минутта жойылады. Менингококк инфекциясымен көбінесе балалар ауырады. Бұл аурудың 50-80 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі.

Клиникасы: басталуы жедел, аяқ астынан дене қызуының 39-40 градусқа дейінгі көтерілуі, қалтырау, қатты бас ауру, қайталап құсу, бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі. Мойынның шалқаюы, баланың өңі кірмейді, басы мен мойын артқа шалқайтып ұстайды. Бүкіл денесінде қызыл нүкте тәрізді бөрітпелер пайда болады.

Сақтану жолдары: Адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй жайларда өткізілетін мәдени көпшілік іс-шараларға баруды шектеу. Бөлмеге тұрақты ылғалды жуу жинау жұмыстарын жүргізу. Жиі желдету. Жеке бас гигиенасын сақтау. Дәретханаға барғаннан кейін және тамақтанардың алдында қолды мұқият сабынмен жуу.

Есіңізде болсын! Дер кезінде медициналық көмекке жүгіну өзіңіз және отбасыңыз үшін маңызды!

Ж.ТОЛЫҚБАЙ,

Қазығұрт аудандық орталық аурухана эпидемиолог дәрігері.