Сары аурудың алдын алыңыз

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 94 рет

Маман кеңесі

 

Сары ауру – дүние жүзінде кең тараған инфекциялардың бірі. Тарауы да әр жерде біркелкі емес. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесе 15-29 жастағылар ауырады. ВГА-ға маусымдық тән. Негізінен күз-қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі оушылар арасында көбінесе қыркүйек-қазан, 3-6 жастағы балаларда қараша-желтоқсан айларында, ал 3 жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен-саран оқиғалар түрінде кездеседі. ВГА жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикациямен бауыр әркеттерінің бұзылу әркетімен байқалатын фекальді – оральді жолмен тарайтын вирусты инфекция.

Вирус cыртқы ортаға төзімді.Нәжісте – 1, суда – 3-10 айға дейін сақталып, 100С температурада қайнатқанда 5 минут ішінде өледі, хлораминның 1г/л ерітіндісі үй температурасында вирус 15 минуттан кейін ғана ыдырайды.

Таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі болып, әр түрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Берілу механизмі 95% жағдайда фекальді – оральді.

Тарау жолдары

Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5% жағдайда парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін. Ана сүтінде вирус табылмаған. Жалпы планцентадан өте алмайды.

Клиникасы төмендегі кезеңдерге бөлінеді:

1. Инкубациялық; 2. Сарғаю алдындағы; 3. Сарғаю; 4. Реконволесценция (жазылу).

Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы – 35 күн. Сарғаю алдындағы кезең белгілер жинағы былай реттелінеді.

Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн. Сырқат жедел басталады, температурасы 38-390С, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінінің төмендеуі, 2-3 күн жүрек айну, құсу, кейде эпигастрий аймағында ауырсыну, жайсыздықты сезінеді. Сарғаю пайда болғаннан 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Тері қабатының және склераның сарғаюы жылдам арада жоғарылайды. Бірақ та, интенсивтілігі шамалы мөлшерде болады. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.

Алдын алуы

Жергілікті санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс – вакцинация. бір рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.

Н.ӘБЕН,

эпидемиологиялық қадағлау

бөлімінің бас маманы.