Кеміргіштер – инфекция көзі

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 189 рет

               

Тышқандар мен егеуқұйрықтар адам мекендейтін барлық жерде өздерін жайлы сезінеді. Сонымен бірге, олар кезінде қалаға «көшкен» және шағын ауылдарға қарағанда, қазір оларды мегаполистерде жиі кездестіруге болады. Тамақтың, оның ішінде қалдықтардың көптігі осы зиянкестер популяциясының күрт өсуіне әкеп соғады.

Олар сізге көптеген проблемалар туғызуға қабілетті:

               Үй-жайларда жағымсыз иіс пайда болады, кез келген уақытта кеміргіштің тіршілік қалдықтарына тап келуіңіз мүмкін;

               Дискомфорт жағдай пайда болады;

               Егер, қонақтар немесе клиенттердің бірі егеуқұйрықты байқаса, олардың алдында сіздің мәртебеңізге айтарлықтай нұқсан келеді;

               «Сұр шапқыншылық» салдарынан өткізгіш сымдардың, едендердің, қабырғалардың, әртүрлі қалқалардың, жиһаздың зақымдануы болады;

               Кеміргіштер әртүрлі індеттердің жиі себептері болып табылатыны белгілі. Егеуқұйрықтар мен тышқандар адам үшін өте қауіпті лептоспироз ауруын тасымалдаушысы болуы ықтимал. Олар бүлдірген өнімді жеп, сіз қатты ауырып қалуыңыз мүмкін. Кеміргіштер топырақ пен суды ластайды, олардан инфекциялық ауру қоздырғыштары адам ағзасына түседі. Сонымен қатар, кеміргіштердің тістеуі салдарынан құтыру сияқты қатерлі ауру берілуі мүмкін.

               Тышқандар өзімен бүрге тасымалдайды;

               Дарақты тістеуі жай ғана ауыр емес, улы болуы мүмкін, өйткені, ол жиі уыттары бар жартылай шіріген қалдықтармен қоректенеді.

     Осы жағдайлардың кезекті құрбаны болмау үшін, зиянкестерді байқаған сәттен шаралар қолданыңыз!

     Біріншіден, шақырылмаған қонақтарды тағам мен суға қол жеткізуден айыру керек. Азық-түліктің жабық қорғалған орындарға жиналуын қамтамасыз етіп, құбырлар мен крандардың ақауларынан судың ағуын болдырмауға тырысыңыз. Кеміргіштерді қызықтыруға қабілетті қоқыстардан, қалдықтардан уақтылы құтылыңыз. Бөлмені қарап шығып, жарықтар мен саңылауларды бекітіңіз. Ол үшін картон, көбік немесе жұқа ағаш табақтары емес, цемент ерітіндісін пайдаланыңыз.

Өздеріңізге мәлім, базарлар мен дүкендерде тышқан аулайтын қапқандармен қатар, тышқандарды жоюға арналған ұнтақ немесе түйіршіктелген, дайын препараттар еркін сатылады. Алайда, кеміргіштерге қарсы химиялық заттарды пайдалану адам мен жануарлардың және құстардың өміріне де қауіп төндіретінін есте сақтау қажет.
     Сондықтан
, осы препаратарды қолдану нұсқаулығына сәйкес дайындау, мөлшерлеу ережелерін және сақтық шараларын қатаң сақтау өте маңызды. Кеміргіштермен күрестің ең жақсы нұсқасы осы салада жұмыс тәжірибесі бар оқытылған мамандардың күшімен дератизациялық іс-шаралар өткізу болып табылады, бұл көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Нұрлыбахыт ТАСБАЛТА,

Қазығұрт аудандық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бөлім басшысы.