Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары

Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 185 рет

 

Агрессия адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге (вербальдық агрессия) және дөрекі түрде күш қолдануға (физикалық агрессияға) дейін түрленеді. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағанда, жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымының тұлғааралық агрессияның топтық агрессияға айналуының мәні бар.

Агрессивтілік – адамның субъектіге немесе объектіге физикалық және психологиялық зақым келтіруге дайындық мінез-құлығы. Агрессия мен агрессивтіліктің айырмашылығына тоқталар болсақ, агрессия – бұл белгілі бір адамға немесе затқа жүйелі, ниетті түрде бағытталған зақым келтіретін іс-әрекеттер, ал, агрессивтілік – адамның құлқысына байланысты, агрессияға дайындық кезеңі болып саналады. Әр адамда агрессивтілік белгісі әр түрлі, бұл олардың алған тәрбиесіне байланысты. Егер, агрессивтілік аз немесе тым болмаса, онда бұл субъектінің пассивтілігіне әкеледі. Депрессияға өте бейім болады. Агрессивтілігі тым жоғары адамдар, конфликтерге араласып, келешегіне және авторитетіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, адамның өз агрессивтілігі мен эмоцияларын бақылауының маңызы зор.

Сол себептен мынадай қорытындыға келеміз: агрессия іс-әрекет болса, агрессивтілік – агрессия бейімділік қасиеті.

Агрессия түрлері

  1. 1.Физикалық және вербальді болып келеді

       Физикалық агрессия – белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану;

       Вербальді – негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.

  1. 2.Тікелей және жанама

       Тікелей агрессия – белгілі адамға бағытталған; Жанама агрессия – белгілі адамға жанама түрде (қалжыңдар, жаман өсектер және т.б.) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

  1. 3.Сыртқы агрессия және ішкі (ауто) агрессия

       Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған;

         Ішкі агрессия – өзіне-өзін кінәлау, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;

  1. Қорғаныш және арандатқан (провокация)

       Қорғаныш – басқа адамның агрессивті мінез-құлқығына пайда болатын агрессия;

         5. Жаулық және инструментальді

     Жаулық агрессияның негізі – жындану болып табылады, басты мақсаты – зақым келтіру.

     Егер, зақым келтіру негізгі мақсат болмай, белгілі бір нәтижеге келу жолы болса, онда бұл «инструментальді» агрессия. Араңдатқан агрессия – агрессия бірінші босату, агрессия көзі болу;

       Агрессия шекараларын анықтау қиын. Егер, агрессия дұрыс жағынан көрініп, жақсы нәтижеге келтірсе, онда бұл дұрыс агрессия. Ал, бұрыс агрессия – бұған қарама-қарсы.

     Агрессия дамуының себептері. Отбасылық тәрбиенің түрлері.

     Отбасы және отбасы ішіндегі қарым-қатынас баладағы агрессияның дамуының негізгі себебі болу мүмкін. Заманауи психологияда отбасылық тәрбие 3 түрге бөлінеді: авторитарлық, либеральді (босаңсу) және авторитетті (демократиялық).      

     Авторитарлық стиль – авторитарлық стиль агрессиямен, диктатпен, бір-бірінің қарым-қатынасында салқындығымен сипатталады. Бұл стиль кезінде қарым-қатынас қысқа, қатал және шошытып үрей туғызумен жүреді. Баланың эмоцияларына көңіл аз бөлінеді, мақтау немесе ұрысу ата-аналар көңіл-күйіне байланысты. Авторитарлық стильде ата-аналардың қатал ережелер ойлап тауып, бала солардың бұйрықтарымен өседі. Көбінесе, отбасындағы балалар қысымға шыдай алмай, агрессияға беріліп кетеді. Осыдан агрессивті адамдар пайда болады. Ал агрессиясын шығара алмаған балалар, депрессияға түсіп, ауто агрессияға айналып кетеді.

     Либеральді (босаңсу) стиль – либеральді (босаңсу) стилінде тәрбие негізгі принцип бойынша жүреді: «не істесең, соны істе». Бұл стильде ата-аналар минимум ережелер қояды. Отбасы мүшелер арасында қарым-қатынас өте әлсіз, балалар эмоциясы мен ішкі жан-дүниесіне қызығушылығы болмайды. Ата-аналар балалары тәуелсіз өсу керек деп ойлайды. Өмір мәнін тез түсінеді, қоршаған ортаға бейімделе алады деп ойлайды. Біраз ата-аналар қолы бос болмағандықтан, балаға керекті тәрбиені бере алмайды.

     Авторитетті (демократиялық) стиль – авторитетті (демократиялық) стиль отбасы мүшелерінің бір деңгейінде болуымен сипатталады. Қарым-қатынастарында демократия болады. Ата-аналар балалары мен өзімен тең адамдар сияқты қарым-қатынас жасайды. Керек кезде мақтап немесе жақтайды. Бұл стиль ең қолайлы, өйткені, балада өз көзқарасы пайда болады және қорғауға қорықпайды. Ата-аналары үнемі қорғаныш жасай алады.

       Агрессияның алдын алу әдістері:

       1) Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан, тәрбиенің маңызы өте зор. Егер, авторитарлық және либеральды стильде тәрбие жүрсе, агрессияның келешекте дамуына күмән жоқ. Ұл-қызымызға авторитет болу керек. Олар ата-анасына қарап, сіздің іс-әрекеттеріңіз бен мінез-құлқыңызды қайталайды. Демек, дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзімізді дұрыс тәрбиелеу керек.

     2) Эмпатия. Егер, адам сізге агрессивтілігін көрсетсе, оған лезде агрессиямен жауап бермей, оның неге солай жасап жатқанын түсіну керек. Ол адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар. Өзін сол адамның орнына қоюға тырысу керек, мүмкін сіз оған белгілі бір жәрдем бере алатын шығарсыз.

     3) Кешірімді болу.

       Адамдардың тез ашуланшақтығын ескеріп, олардың агрессияларын жүрекке жақын қабылдаудың керегі жоқ. Кешірімді болған адам, агрессияға жауап бермей, оны өршітпейді және өз денсаулығын сақтайды.

       4) Қалжың, көтеріңкі көңіл-күй.

     Күнде көңіл-күйі жоғары адамдар, үнемі өзінен позитив шығарады. Қасындағы адамдармен орынды қалжыңдап, олардың көңіл күйін көтере алады. Бірақ, оның да шекарасы бар. Адамдар қалжыңды көтере алмаса, агрессияның пайда болуына жол ашады.

       5) Артын ойлау.

       Әр адам қадамдарын бақылап, орынды сөйлеуі тиіс. Өз-өзін бақылай алатын адам үлкен жетістіктерге жете алады. Егер, бір адамға агрессиямен жауап берсең, оның дұрыс не бұрыстығын теңестіріп, келешекте сол адамға немесе саған әсері болуын не болмауын ойлауы тиіс.

       6) Спортпен айналысу.

Көп күш жұмсалатын іс-әрекеттерде көп негативті агрессивті сезімдер шығады.

Және бұл денсаулыққа өте пайдалы.

М.ИЛЕБАЕВА,

                                                                                   Жаңабазар ауылдық емханасының психологы.