Аурухана ішілік инфекция

Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 171 рет

Маман ескертеді

 

 

     Аурухана ішілік инфекция – науқастың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік пайда болатын немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру.

  Көп жағдайда келесілер инфекцияның көзі болып табылады:

  - медициналық қызметкерлер;

  - инфекцияның жасырын түрлерінің тасымалдаушылары;

  - жаралық жұқпаны қосқанда, жедел, созылмалы жұқпалы аурумен сырқаттанатындар.

  Берілу факторы ретінде шаң, су, тағам өнімдері, қондырғылар және медициналық құралдарды атауға болады.

  Медицина мекемелерінде жұқтырудың басты жолы – жанасу-тұрмыстық, ауа-тамшылы және ауа-шаң.

  Инфекцияның берілу механизмі: аэрозольды, фекальды-оральды, жанасу, гемоқатынасты.    

Аурухана ішілік инфекцияның таралуына жағдай туғызатын факторлар:

  Науқаспен қатынаста болған кезде ауруханаішілік инфекция көздерінің эпидемиялық қауіптілігін және жұқтырудың дәрежесін бағаламау;

-  Медициналық мекемелердің жобалық қуаттылығынан артық науқастарды қабылдауы;

-  Медициналық қызметкерлер және науқастар арасында анықталмаған ауруханаішілік штамдардың тасымлдаушыларының болуы;

-  Медициналық қызметкерлер арасында асептика, антисептика ережесінің және жеке гигиенаның сақталмауы;

-  Ағымды және қорытынды дезинфекцияны дер кезінде сапалы жүргізбеу, жиыстыру тәртібінсақтамау;

-  Медициналық мекемелерінің залалсыздандырғыш заттармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеуі;

-  Медициналық құралдар мен құрылғыларының және т.б. залалсыздандыру тәртібінің бұзылуы;

-  Тозған, ескірген қондырғылар;

-  Ас бөлмесінің, сумен қамтамасыз ету жүйесінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;

-  Сүзгілік желдетудің болмауы.

  Аурухана ішілік инфекцияны жұқтыруға жоғарғы тәуекел топ:

  1.   Тұрғылықты тұратын жерлері жоқ, қоныс аударғандар, толық жазылмаған және ұзақ соматикалық және жұқпалы аурулармен сырқаттанған, арнайы медициналық көмек алуға мүмкіншілігі жоқ науқастар.

  2. Иммундық жүйесін тежейтін ем тағайындалған (сәулелеу, иммунодепрессанттар), қан алмасу терапия тағйындалған көлемді хирургиялық араласу жүргізіліп жатқан, бағдарламалы гемодиализ, инфузионды терапия тағайындалған.

  3. Нәрестелер (қалыпты жағдайдан ауытқи туылған);

  4. Туылғанда алынған жарақаты, туылғанынан ауытқулары бар балалар.    

  5. Емдеу мекемелерінің медициналық қызметкерлері.

  Инфекциялық бақылау жүйесі қызметін үйлестіруді медициналық ұйымның бірінші басшысы қамтамасыз етеді.

  Аурухана ішілік инфекцияның алдын алуда тыс жерден инфекцияның түсуін төмендету, мекеме ішінде науқастар арасында инфекцияның таралуына жол бермеу, медициналық ұйымдардан тыс жерге инфекцияның таралуын болдырмау үлкен маңызға ие.    

 

Н.ТАСБАЛТА,

Қазығұрт аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.