Тырысқақ– асақауіптіжұқпалыдерт

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 168 рет

Маман кеңесі

                         

Тырысқақауруынашалдыққанадамменоныңқоздырғышынтасымалдаушыларжұқтырады. Қоршаған орта, әсіресе ашық су көздері тырысқақ вибриондарымен науқас адамның бөлінуімен ластанады. Сол ластанған су мен жеміс-жидектерді, көкөністерді жуғанда, суды ішкенде және суға шомылғанда су жұту барысында адам   кеселге шалдығады. Ересек адамдар мен сәбилердің іш ауруына шалдығуының себебі жеке бастың тазалығын сақтамаудан.

Тырысқақ ауруының адамдарға негізгі жұғу жолдары:

  • вибрионмен ластанған сумен,
  • вибрионмен ластанған тағаммен,
  • науқас адамның нәжісімен,
  • науқас пайдаланған төсек орнымен,
  • науқас қолданған ыдыс аяғымен.

Вибриондар адам денесіне енгеннен кейін аурудың алғашқы белгісі білінгенше бірнеше күн өтеді. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 5 күнге кейін дейін созылады. Вибриондар асқазан-ішек жолына ауыз арқылы түсіп, өмір сүруіне қолайлы аш ішекке еніп, онда көбейіп, токсиндер бөледі.

Тырысқақ ауруы кенеттен жедел басталады. Жиі-жиі іші өтіп, нәжіс сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтып аз уақыттың ішінде нәжіс түсі мүлде өзгеріп «күріш тәрізді суға» айналады. Іш өтуі тәулігіне 10-15 рет қайталанады. Аурудың тағы бір белгісі құсу, науқас лақылдатып құсады, бұл құбылыс тәулігіне 10 ретке дейін қайталанады. Адам ағзасы 1-2 тәулік ішінде сусызданып, әлсіреп аяқ-қол бұлшық еттері тартылады. Адам денесі жалпылай улануға ұшырайды, дене қызуы төмендейді, науқастың беті көгереді.

Сондықтан, осындай ауру белгілері байқалып, күдік туғызған жағдайда тез арада дәрігерлік бөлімшеге хабарлау керек. Аурудың алдын алу шаралары:

  • Ауыз су көздерін (бұлақ, құдық) санитарлық талапқа сай келтіріп, таза ұстау;
  • Елді мекендерді тазартылған, залалсыздандырылған, орталықтандырылған сапалы ауыз сулармен қамтамасыз ету;
  • Суды міндетті түрде қайнатып ішу, көкөніс, жеміс-жидектерді жуып пайдалану;
  • Қолды таза ұстап, тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;
  • Дайын тағамдардың шыбын-шіркей арқылы тырысқақ қоздырғышымен ластануы мүмкін екендігін есте ұстау керек. Үй-ішін, ыдыс-аяқ, аула қораны таза ұстап, шыбын-шіркейді жойып, тазалық сақтау тырысқақ ауруын болдырмаудың басты шарты екенін әр уақытта есте ұстаған жөн.

Б.ЖАНҚАРАЕВ,

ТКҚСҚББ-ның эпидемиологиялық

қадағалау бөлімінің бас маманы.