Аскаридоз

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 166 рет

 

Аскаридоз - адам менжануарларденесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Аскарида – бұл паразит. Үлкендігі 15см - 40см болады, адамның ішегінде өмір сүреді. Аскаридоз қоздырғышы нәжіс – ауыз механизмімен берілетін, созылмалы түрде өтетін, аурудың бастапқы сатысында организмнің токсикоаллергиялық белгілермен, соңғы сатысында ішек жұмысының бұзылуымен сипатталатын ең көп таралған ауру (гельминт).

Аскариданың тіршілік циклі – сыртқы ортада топырақ арқылы таралады. Топырақта аскарида тұқымынан 21 күн немесе бірнеше айдың ішінде ұрықтанған қуыршақтар пайда болады, олар инвазивті түрге айналады – топырақтан адам қолына өтіп (жеміс-жидек, көкеніс т.б) ауыз арқылы адамға жұғады. Аскарида тұқымы міндетті түрде топыраққа түсу арқылы ғана өзінің даму циклін қайталайды.

Көп жағдайда балалар жеке басының тазалығын сақтамағаннан, әсіресе кішкентай балалар құмда, топырақта ойнағаннан кейін қолын жумай тамақтанғаннан ауырады. Аскаридоз ауруының белгілері: алғашқы кезеңінде баланың жұмысқа қабілеті төмендеуі, қанның азаюы, нерв жүйелерінің, ас қорыту жұмысының бұзылуы, іші ауруы, үлкен дәретінің бұзылуы (іші өтеді немесе қатады), тамаққа тәбетінің болмауы (тамақты біресе көп жейді, біресе тамақ ішкісі келмейді).

Балалардың өсу қабілеті нашарлайды, өзінің құрдастарынан қалып қояды, азады, түнде ұйықтағанда тістерін шықырлатады. Ауру адам өзінің үлкен дәретімен аскарида тұқымын сыртқа шығарып қоршаған ортаны ластайды. Топырақта жұмыртқа тіршілік қабілеттілігін 10 жыл сақтаса, ағынды су қоймаларында 1 жылға дейін, көкөніс пен жеміс - жидекте 3 айға жуық тіршілігін сақтайды.

Аскаридоз жұмыртқасы топырақтан қолға, жемістерге көшуі мүмкін, олар арқылы ауызға түседі. Жуылмағанкөкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады.

Тәуекел топтарына мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар, ауылшаруашылық жұмысшылары, жылыжайлар мен оранжереялардың жұмыскерлері, саяжайшылар жатады.

Аскаридозбен ауырмау үшін:

-                     жеке бас тазалығын сақтау;

-                     жеміс-жидекті, көкеністі қолданар алдында қайнаған сумен тазалап жуу;

-                     тамақтанар алдында, жануарлармен ойнағаннан кейін, дәретханаға барғаннан кейін қолды міндетті түрде сабындап жуу;

-                     ішуге қайнаған суды пайдалану;

-                     үлкен дәретімен топырақты ластамау;

-                     ауланы, дәретхананы таза ұстау;

-                     бау-бақшаға нәжісті пайдаланбау;

-                     қоғамдық орындарда тазалық сақтау;

шыбындарды жою қажет.

Тұрмыстық қалдықтарды, канализациядағы жуынды суларды ашық су қоймаларына жібермеу, бақшаларды суғару үшін тоқтап тұрған суларды қолданбау.

А.ОРЫНБАЕВА,

аудандық ТмКҚСмҚББ жетекші маманы.