Менингококк инфекциясы өршіп тұр...

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 160 рет

Дәрігер кеңесі

 

Менингококкты инфекция жіті инфекциялық ауруға жатады және ол өте қауіпті, өйткені ауыр асқыну мен тіпті өлім жағдайына да әкелуі мүмкін. Қоздырғыш көзі тек адам ғана болып табылады. Инфекция қоздырғышы ауа тамшылары арқылы беріледі. Жұқтыру жөтелу, түшкіру, сөйлеу, сүйісу арқылы болады. Менингококкты инфекцияның негізгі көздері ауыратын адамдар, бірақ, көбінесе таратушылар (дені сау адамдардың мұрын-жұтқыншағында да бактериялар болуы мүмкін) аурудың клиникалық сипатын айқындайтын бір науқасқа 1800-2000 менингококк таратушыларының сәйкес келуіне байланысты. Бактерия таратушылардың саны күнделікті мұрынды жуу кезінде де біршама төмендейді. Осы емшара балаларға күтім жасайтын тұлғаларға өте маңызды болып есептеледі.  Осы қорқынышты инфекциямен көбінесе балалар ауырады және генерализацияланған түрінің барлық жағдайының 80%-ы 14 жасқа дейінгі балаларда болады. Аурудың эпидемиялық көбеюі әр 10-12 жыл сайын бақыланады, ол қоздырғыштың ауысуына және ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне байланысты. Ағымдағы жылы біздің республикамызда осы инфекцияның өсуі байқалды. Ауруды ерте диагностикалау емдеудің негізгі тиімділігі болып табылады, ол емдік шараларды біршама тез бастауға және адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.  Менингококкты инфекция ауруының басталуы мұрын-жұтқыншағында басталады, және келесі түрлерде кездесуі мүмкін. Аурудың ең жеңіл түрі – бұл менингококкты назофарингит, ол тұмау түрінде болады. Осы ауру түрімен аяқталып, ағзадан инфекция мүлдем кетуі немесе симптомсыз таратушыға ауысуы мүмкін. Алайда, бактерия қанға түскен жағдайда, онда менингококкемияны (немесе менингококкты сепсис) шақырады. Менингококктар қанда тез көбейеді, токсиндер бөледі, көбею және өлу кезінде де қанның ұюының бұзушылығы болады және ол теріге, ішкі органға қан құйылуына әкеледі, ол көп жағдайда өліммен аяқталады. Менингококкты сепсис менингитпен асқынуы мүмкін.

Менингококкты инфекцияның симптомдары

Менингококкты инфекцияның пайда болуы қауіпті және алдамшы. Алғашқы симптомдары белгісіз, аурудың алғашқы белгілері кезінде дұрыс диагноз қою өте күрделі. Алайда, аурудың толық көрінісі пайда болғанда, өкінішке орай, пациентті құтқару қиынға түседі. Менингококкты инфекцияның үш түрі болады, олардың әрқайсысы өз бетінше және жеке туындауы, немесе назофарингиттен сепсиске және менингитке біртіндеп дамуы мүмкін. 

Менингококктыназофарингиттіңсимптомдарыкәдімгітұмаудыңпайдаболуынаөтеұқсаскеледі. Бұлденетемпературасыныңорташа 38°С-ғадейінкөтерілуі, соныменқатарбарлығынатанысжәнетұмаудыңәдеттегісимптомдары: мұрынныңбітелуі, тамақтыңауруыменжыбырлауы, басауруы. ЖРВИ-ден ерекшелігі тершеңдігінің артуы мен терінің қызаруы, немесе гиперемиясы байқалғанда менингококкты назофарингит кезінде тері құрғақ және бозарып көрінеді. Сондықтан, осы жағдайда кәдімгі тұмаудың белгілерінің арасынан «басқа және ерекше» симптомдарды табу өте маңызды, сіз күткеннен де тез дамығандықтан жағдайын төмендетіп алмау қажет.

Менингит пен менингококкемияның симптомдары бірдей, белгілері келесімен көрінеді:
Дененің қызу жағдайы (дене қызуын басатын дәріден де қызуының төмендемеуі); Бас айналуы; Мазасыздануы және қозуы; Жүрек айнуы және құсуы; Әлсізденуі; Есінен және уақыттан шатасуы;

Менингитті сипаттайтын симптомдар: Ауырсынуды басатын таблеткаларды қабылдағаннан кейінде басының қатты ауыруы; Арқаның ауыруы; Құрысуы; Жарық сәулені жақтырмауы; Мойынның ауыруы және қозғалысының қиындауы.

Менингококкемияны сипаттайтын симптомдар:

Қолменаяқтыңмұздауымендененіңқызуы 39-40°С-ғадейінкөтерілуі;

Қалтырауы;

Бұлшықет пен буындардың ауыруы;

Іштің немесе кеуденің ауыруы;

Терінің бозаруы, кейде сұрғылттануы;

Дем алысының жиілеуі;

Іш өтуі;

Теріде 2-10 мм көлемінде қызғылт дақ бөртпе пайда болады, ол кейіннен қып-қызыл (жұлдызша) түрге айналады. Бөртпенің сипаты: терінің үстіне шықпайды, басқан кезде жоғалмайды. Бөртпе көбінесе бөкседен, денеден, аяқтан басталады. Сондықтан, теріде кез келген бөртпе пайда болған кезде, жедел медициналық көмекті шақыру қажет. Бөртпе осы инфекцияның негізгі белгілері болып саналмайды, ол кейде кеш пайда болуы мүмкін, кей уақытта оның болмауы мүмкін. Сондықтан, жоғарыда аталған белгілердің кейбіреулері (барлығы міндетті емес) пайда болған жағдайда шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгінуі тиіс. Егер дене қызуын басатын дәріден де төмендемейтін науқаста жоғары температура болса, сонымен бірге, денеде «қызыл нүктелер» пайда болса – симптомдар туралы ойламай, бірден оның салдары туралы ойланыңыз, сізде мүмкін менингококкты инфекция шығар. Қазір демалыс кезеңі.Балалар көп бассейндерге баруда.Бассейндегі су таза екеніне кепіл жоқ.Бізде 6 жағдай тіркелді.Өкінішке орай екі бала көз жұмды.

                                     Құрметті Қазығұрт тұрғындары!

Аурудың алдын алғандарыңыз жөн.Өздеріңіз де балаларыңыз да өте сақ болыңыздар!!!

        Б.М.АҚЫНҒАЗИЕВА,

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының

инфекционист-дәрігері.

  

Тағыда осы категорияда: « Аскаридоз