Екпе егудің маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 42 рет

 

Екпе егу – жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша бірінші маңызды іс-шара болып табылады. Халық ішінде бұл негізгі алдын алулардың бірі болып саналады. Қазір медицина саласында әртүрлі қатерлі жұқпалы аурулардың пайда болуына байланысты вакциналар шығарылып, аурулардың алдын алу бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда вакцинациясыз адам өмірін елестету мүмкін емес. Себебі, әлемдегі миллиондаған адамдарды емделмейтін аурулармен ауырмай-ақ осы вакцинация арқасында емдеп өмірлерін сақтап қолуға мүмкіндік ашылды.

Адам ағзасына әлсіз микроденелерді ендіру әдісі арқылы медицина саласында адам ағзасында иммунитет қалыптастыру арқылы қауіпті ауруларға ағзаның төтеп беруін күшейту мүмкіндігі пайда болды. Осылайша 18 ғасырда медицина саласында адамзат баласы алпауыт жетістікке қол жеткізді.

Қазіргі таңда вакцинация халықтардың ауруын емдеудегі әртарапты тиімді әдістердің бірі екені барша әлемге белгілі. Сол себепті де вакциналардың тапшы да әрі қымбат болуы көп елдердің осындай вакциналарды өз халықтарына сатып алуларына мүмкіндік бермей отыр. Құдайға шүкір, біздің елімізде вакциналардың қажет болған барлық түрлері бар. Десек те, осындай мамыражай заманда екпе егуден өз еркімен бас тартатын ата-аналар да кездесіп отыр.

Қазығұрт ауданында қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жоспары жасалып, ағымдағы жылдың 15-19 қазан аралығында ауыл округтерінде тұрғындармен кездесу өтті. Өңірлерде халықпен вакциналаудың тиімділігі және қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі консультативтік топ құрылып, аудандық ішкі саясат бөлімі бас маманы Ғ.Сағат, аудандық ақпараттық насихат топтың мүшесі М.Исханов, «Кемел Ел» Әлеуметтік даму Ұлттық қоры» қоғамдық қорының төрағасы Д.Уразбаев, аудандық аурухананың иммунолог дәрігері А.Тілеуқабыл, психологтары және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Осы тақырып аясында лекция оқылып, пікір алмасып, түрлі сауалдарға тұщымды жауаптар алынды.

Балаларымызды қорғаудың ең сенімді жолы – уақтылы вакцинациялану екенін естен шығармауымыз қажет.

А.ТІЛЕУҚАБЫЛ,

Қазығұрт аудандық ауруханасының иммунолог дәрігері.

Д.УРАЗБАЕВ,

«Кемел Ел» қоғамдық қорының төрағасы.