Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек?

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 38 рет

Дәрігер кеңесі

 

Тұмау және тыныс алу жолдарының өткір вирустық инфекциялары – бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар, адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтында жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс.

Тұмауды алдын алудың жолдары:

  • Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы.
  • Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен жиірек жүріп, қонаққа барудан бас тартыңыз).
  • Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
  • Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
  • Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орам жапырақ, қара қарақат.
  • Төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.
  • Толық тамақтаныңыз.
  • Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтыру және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
  • Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан алшақтауды ұмытпаңыз.

Тұмау – жұқпалы вирустық ауру. Эпидемиология институтының ғалымдарының айтуы бойынша   аурудың ушығуы  желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында болады. Жұғу жолы – ауа-тамшылы.

Аурудың тарау көзі – сөйлеу, жөтелу, түшкіру кезінде вирус бөлетін тұмаумен ауыратын адам.

Тұмаудың негізгі белгілері – бастың ауруы,  көзді басқа жаққа бұрып қараған кезде көздің ішінің ауруы, буын, бұлшық еттің ауруы, дененің әлсіреп ауруы, дене қызуының көтерілуі.

Тұмауды емдеу:

  1. Жатып емделу;
  2. Дәрігерді үйге шақыру;
  3. Жылы сусындарды жиі ішу;
  4. Қызу көтерілген кезде  парацетамол, эффералган, фервекс, терафлю т.б ішу;
  5. С дәрумені бар өнімдерді көп пайдалану.

Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек?

  1. Эпидемия басталмай тұрып, вакцинация жасау;
  2.  Эпидемия басталмай тұрып, мұрынның тесіктеріне   2-3сағат бұрын оксолин  майын жағып, 2-3рет интерферон тамызып тұрыңыз;
  3. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде басқаларға жұқтырмау үшін  үйден шықпау;
  4. Медициналық бетперде киіп алып жүріңіз. Оны әр 3 сағат сайын ауыстыруды ұмытпау;
  5. Сыныпты жиі-жиі желдетіп, үзіліс кезінде сыртқа шығып тұру;
  6. Тағам дайындауға көкөністер, жемістерді, сонымен қатар С дәруменіне бай өнімдерді жиі пайдалану;
  7. Адам көп жерлерге бармауға тырысу керек.

Айна СЫДЫҚОВА,

Эпидемиолог дәрігердің міндетін уақытша атқарушы.