Коронавирус жұқпасына қарсы іс-шаралар

Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 204 рет

     

7a9e00b011b26092f405074c2ea27559bd4b7cedb0fd99abf1eb4a21997a

                            

     Коронавирус – Қытайда тарап жатқан вирусты Уханьдық немесе жаңа коронавирус (COVID-19) вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ, ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, Қазығұрт аудандық ауруханасында коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшкен. Аса қауіпті инфекциялық індетке қарсы күрес мақсатында аурухананың аумағына жедел-жәрдем көліктерінен басқа жеке автокөліктердің кіруіне тыйым салынып, қатаң қадағалауға алынған. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты науқастарға келушілердің аурухана ішіне кіріуіне рұқсат жоқ. Ал, емханалар өз жұмыс кестелеріне сәйкес, қызмет көрсетуде. Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде науқастарды оқшаулауға арналған 30 төсек орын бар. Медицина қызметкерлерінің барлығы дерлік арнайы дәріс алған. Бүгінде ауруханада 1500 жуық медициналық қызметкерлері жұмыс істеуде. Қажеттілік туындаса резервтегі дәрігерлер жұмылдырылады, COVID-19 инфекциясымен күреске жұқпалы аурулар бөлімінде дәрігер және орта буын медициналық қызметкерлері дайын. Аурухана вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін, қарқынды терапия үшін қажетті препараттар қорымен және қорғаныс киімдері, дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етілген. ЖРВИ белгілері болған кезде (18 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар, жүкті, онкологиялық аурулар, транспланттаудан кейінгі пациенттер, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар пациенттер) динамикалық бақылауға алынды.Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беруді немесе жеткізуді ұйымдастырды, МСАК дәрігерлерінің қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультацияларын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды.

   Коронавирус инфекциясының вирусы адамда  түрлі ауыртпалықтағы респираторлы ауруларды тудырады. Аурудың белгілері жай (мерзімдік) тұмауға ұқсас. Аурудың ауырлығы түрлі факторларға байланысты, оның ішінде ағзаның жалпы жағдайы мен жасына байланысты.  

                     Ауруды алдын алу үшін  келесі ережелерді сақтау қажет:

   Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз. Тұрмыстық жуу құралдарын  қолдана отырып, тазалап және дезинфекция  жасаңыз. Қол гигиенасы – коронавирус инфекциясының таралуын алдын алудың  маңызды шарасы. Қолды сабындап жуу вирустарды жояды. Қолды сабындап жууға мүкіндік жоқ болған жағдайда  спиртті және зарарсыздандыру майлықтарын пайдалану керек. Үстел, есік тұтқалары,  орындықтар, гаджет т.б. заттарды үнемі тазалап дезинфекция жасау  вирустарды жояды.

     Вирус ауру адамнан сау адамға  ауа-тамшы жолымен  (түшкіру, жөтел кезінде ) жұғады, сондықтан ауру адаммен 1 метр қашықтықты сақтау керек. Көзіңізді, мұрын мен аузыңызды қолыңызбен ұстаудан аулақ болыңыз. Коронавирус – осы жолдармен тарайды.

       Аурудан сақтану үшін қолда бар сақтану құралдарын пайдаланыңыз, маска киіңіз. Түшкіру мен жөтел кезінде ауыз бен мұрынды  бір реттік майлықтармен жауып, кейін оларды  арнайы қоқыс жәшігіне тастау керек. Аурудан сақтану үшін көпшілік орындар мен артық сапарлардан бас тарту қажет.

Соңғы 1-2 ай көлемінде шет елде болсаңыз немесе шет елден келген адамдармен қарым-қатынаста болсаңыз, қандай да бір ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралыңыз, өзіңіздің сол жақта болып келгендігіңіз туралы медициналық ұйымды хабардар етіңіз.

Салауатты өмір салты ағзаның инфекцияға қарсылығын арттырады. Физикалық белсенділік, дәрумен мен минералды заттар, ақуызы мол тағамдарды қолданыңыз, толыққанды ұйқы мен дұрыс режимді сақтаңыз.

                                                          Құрметті қазығұрттықтар!

Қазығұрт аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері Сіздер үшін короновирустың алдын алу үшін жұмыстарында қалып отыр, Сіздер қауіпсіздік шараларын толық сақтап, үйде болыңыздар!

Сіздің денсаулығыңыз біз үшін өте маңызды!

Б.ЕРЕЖЕПОВ,    

Қазығұрт аудандық аурухананың бас дәрігері.