МӘМС: ЖҰМЫССЫЗ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ УАҚЫТША СТАТУС БЕРІЛДІ

Жұма, 17 Қырқүйек 2021 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 155 рет

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (әрі қарай МӘМС) тұрғындарды қамту шаралары, әрі жүйеден шығып қалғандарды қайта кіргізуге болатыны жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтан сұраған болатынбыз.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің елімізде жұмыс жасап жатқанына да біршама уақыт өтті. Дейтұрғанмен, пандемияның өршуіне байланысты жүйеге тұрғындардың бірқатары қатысу мүмкіндігінен айрылып отыр. Осы ретте, Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынып жатыр?

 Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске

қосылғаннан бері бүкіл елді пандемия жайлап, денсаулық саласына бөлінген қаржының басым бөлігі науқастарды емдеуге жұмсалды. Жаңа реформа болғандықтан қор бастапқы 3 айды, яғни қаңтар, ақпан, наурызды жеңілдік мерзімі деп жариялады. Барлық азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріндегі қызметтерді сақтандырылған, сақтандырылмағанына қарамастан пайдалану мүмкіндігін берді. Карантин енгізілгеннен кейін бұл мерзім тағы 3 айға ұзартылып, барлық азаматтардың жаңа жүйенің артықшылығын сезінуге мүмкіндік берді. Оған қоса, қор үкіметке табыс көзінен айрылған азаматтардың статусын қалпына келтіру жөнінде бірқатар ұсыныс жасаған болатын. Нәтижесінде 2020-жылдың тамыз айында 740 мыңға жуық адамның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі берешегі жойылды. Осылайша, пандемия кезінде табысынан айрылған азаматтар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді кедергісіз алады. Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты табысынан айрылып, 42 500 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алған азаматтар да жарна төлеу міндетінен босатылды.

Мұнан бөлек, шағын және орта бизнестің 29 санаты 2020-жылы 1-сәуірден 2021-жылдың 1-қаңтарына дейін салықтан босатылды. Яғни, шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс жасайтын 1 млн.нан астам жалдамалы жұмыскер босатылды. Ал, Түркістан облысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінде саны – 37117 адамды құрады.

Жақында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі берешегі жойылды.

Қордың «Сақтандыру» ақпараттық жүйесінің мәліметінше, 2021-жылдың басында Түркістан облысындағы жалдамалы жұмысшылар саны – 230 607 адамды құрайды. Жұмыс берушілер маусым айында 168 625 жалдамалы жұмысшы үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар жасаған. Демек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен 61982 жалдамалы қызметкердің шығып қалу қауіпі туындап отыр. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан МӘМС-ке төлемді уақтылы төлеу бөлігінде жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау және ай сайынғы негізде төлеушілер бөлінісінде берешекке мониторинг жүргізілетін болды.

     Сондай-ақ, елімізде тұрақты тұратын (тұруға ықтияр хат алған) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұруға ықтиярхат алған сәттен бастап төлемдер болған кезде сақтандыру мәртебесі ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланбауына байланысты автоматты түрде берілмейді. Яғни, адамның тұруға ықтиярхат алған күніне дейін болмай тұр. Осыдан соң, ықтияр хатсыз шетелдіктерде аталмыш кезеңдерге берешек қалыптасады. (ЕАЭО мүше елдерінің азаматтары болып саналатын еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелеріне қатысы болмайды).

       Бүгінде ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті және қор шетелдіктердің ықтияр хатты алу күнін байланыстыруды жүзеге асыру үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қордың «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде сақтандырылмаған халық саны дұрыс қалыптаспаған. Өйткені, ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында есепте тұрғандардың ішінен басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен, қайтыс болғандардың мәліметтерін өзектендіру тетігі жоқ. Осы ретте, денсаулық сақтау министрлігіне, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, өкілеттіктердің ақпараттық жүйелерде қайтыс болғандарды, тұрақты тұруға кеткен адамдардың мәртебелерін өзектендіру қажеттігі тапсырылды.

     Облыс әкімінің орынбасары А.Сабитовтың төрағалымен өткен өңірлік штаб отырысының хаттамасына сәйкес, жеңілдетілген санатқа кіретіндерді, МӘМС жүйесіне берешегі бар жұмыс берушілерді, дербес төлеушілерді анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

– Соңғы уақытта жеңілдетілген санатқа кіретіндерде МӘМС жүйесінен шығып қалып жатыр. Енді олар медициналық көмекті ақысыз қалай алады?

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттарын жүктеу арқылы 1 айға уақытша статус беру қызметін атқарып келеді. Мәселен, өткен жылы – 7596 адамға уақытша статус берілген. Ал, биылғы жылдың басынан бері – 4049 адамнан өтініштер түсіп қанағаттандырылды. Әсіресе, уақытша статус алуға өтінішті негізінен жұмыссыз жүкті әйел, студент, көп балалы ана, жұмыссыздардан түсті.

     Жалпы, өткен жылдан бері – 3864 жұмыссыз жүкті әйел уақытша сақтандырылған емделуші статусын алды. Әйел есепке алынғаннан кейін, ол автоматты түрде 1 айдан кейін жеңілдігі бар азамттар санатына қосылады. Ол өзі үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлемейді. Айта кетерлігі, талдауларды, скринингтерді ақысыз тапсырады. Тіпті, қымбат тұратын түрлі жасырын инфекцияны анықтайтын ПТР тесттенде тегін өтеді.

       Сонымен қатар, ҚР БҒМ «Ұлттық білім беру» деректер қорында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттер туралы мәліметтердің болмауына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен шығып қалды. Студенттер тарапынан қорға өтініштер түсіп, министрлік арқылы расталып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесі қайта берілді.

     Мұнан бөлек, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан студенттер, оның ішінде шет елде оқитындарға,18 жасқа толған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары бойынша онлайн режимге деректерді уақтылы енгізуді, өзектендіруді және беруді қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметтен өтіп жатқан немесе өтіп келген азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына мүмкіндігі болса, оларда берешек не себептен жиналады?

Әскери бөлімдердің кадр қызметтері мерзімді әскери борышын өтеушілер туралы мәліметтерді «Адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесіне уақтылы енгізбейді. Осының салдарынан олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған болады. Қорға мерзімді әскери қызметтен өтіп жатқандар, борышын өтеп келгендер өтінішпен қоса жеке куәлікті, әскери билетін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды почтасына жолдап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі берешекті алғызуына болады.

Тұрғындар медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін қалай анықтайды?

-   Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін «@SaqtandyryBot Telegram-боты», «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, «www.fms.kz сайты», «www.egov.kz» порталындағы жеке кабинет арқылы білуге болады. Егер тұрғын жеңілдетілген санаттың біріне кіретін болса, онда ол жүйеге автоматты түрде қатысады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны уақтылы төлегендер медициналық көмекті тегін алады.

         Ал, төлемегендер не істейді? Оларға медициналық қызмет қалай көрсетіледі?

   Жалпы, елімізде медициналық көмек сақтандыру пакеті, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті. Яғни, жедел жәрдем, шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, емханадағы бастапқы санитарлық-медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, паллиативтік көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, консультативтік-диагностикалық қызметтер ақысыз көрсетіледі. Ал, шұғыл көмек барлық азаматтарға бірдей көрсетілуі тиіс. Ол үшін сақтандырылған болу шарт емес. Мысалы, созылмалы сырқатқа шалдыққандар, әлеуметтік маңызы бар ауруына байланысты тіркеуде тұрған және динамикалық бақылауға алынған пациенттерге медициналық қызмет кепілдендірілген көмек пакеті шеңберінде көрсетіледі.

     Егер аталған сырқаттармен ауыратын пациенттерге көмек көрсетілмесе, онда қордың «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы не болмаса 1406 бірыңғай байланыс орталығына өтініш қалдыруға болады.

 

Олжас ЗАИРОВ.