КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Жұма, 15 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 110 рет

Вакцинация тұмау, аденовирус және жіті респираторлық инфекциялармен коронавирус (COVID-19) жұқпасының алдын алудың ерекше әдісі болып табылады, өйткені, ағзада антиденелер антигендердің өнуін ынталандыратындықтан, олар шырышты қабыққа түскен кезде вирустарды жою арқылы адамды қорғайтын болады. Жыл сайын тұмауға қарсы вакцинацияға медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде медициналық бақылауға жататын, алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың), екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдер жатады.
Сол сияқты ҚР аумағында коронавирус (COVID-19) жұқпасының алдын алудың және індетті тоқтатудың ерекше әдісі халықты жаппай вакцинациялау, соған байланысты ел аумағында індетті тоқтатудың тәсілі ретінде 1 ақпаннан бастап вакцинациялау жүргізу басталды. Вакцинация екі кезеңнен тұрады, І-ші вакцинациялау адамда аденовирус жұқпасының 26 серотипіне қарсы болса және ІІ-ші вакцинациялау адамда аденовирус жұқпасының 5 серотипіне қарсы әсер береді. Вакцинациялау арасы 21 күнді құрайды.
Қазіргі кезде халықтың 80% коронавирус жұқпасына қарсы егумен қамтылды. Соған сәйкес, өткен уақыттармен салыстырғанда КВИ нақтамасымен сырқаттану деңгейі төмендеген. Бұл дегеніміз егудің тиімділігін көрсетеді. Сол сияқты 21 инфекцияға қарсы басқа да егумен басқарылатын инфекциялар өткен жылдармен салыстырғанда азайған, кейбір аурулар егудің нәтижесінен кейін жойылып, адамдардың науқастануы тіркелмеген.
Қауіпті дерттерге қарсы екпе егу жұмыстары әлемдік тәжірибеге енген. Соған орай бала өмірге келген сәттен бастап белгілі мерзім ішінде түрлі аурулардың алдын алу, жұқпалы дерттерден сақтануды қамтамасыз ету үшін иммундау шаралары дәстүрлі түрде қолға алынды. Вакцина микроорганизмдерден жасалады.
Дәрігерлерлік пайымдаулармен ғылыми зерттеулерге сүйенсек, екпе алғаннан соң қауіпті дерттерге шалдыққандар саны азайған. Бірақ ел арасында иммунизациялауға қарсылық танытатындар да бар.
Мысалы ретінде ағымдағы жылда қызылша дертінен науқастанғандардың басым бөлігі егу алмаған 1 жасқа дейінгі балалар мен егуден бас тартқан ересектерді құраған. Яғни вакцинаның маңыздылығы жоғары екендігін ескеру қажет. Иммунизациялаудың қажеттілігі болмаса, ол қолданысқа енбес еді.
Коронавирус (COVID-19) жұқпасының алдын алу, ауруды бірге тоқтату мақсатында және қоғамда ұжымдасқан иммунитет қалыптастыру үшін егу алуды және карантин талаптарын қатаң сақтауды ұсынамыз.
Карантин талаптарын бұзушылықтар орын алған жағдайда және «Ashyq» бағдарламасында қызыл, сары статус­пен анықталғандар ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жеке тұлғалар үшін 30 АЕК, лауазымды, кәсіпкерлік субьектілері үшін 230 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертеміз.
Болашақ ұрпағыңыздың және қоғамның денсаулығына алаңдаушылық білдірсеңіз, екпе егуге шақырамыз!


Кулизат УСИПБЕКОВА,
Қазығұрт аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.