КҮЙЗЕЛІС АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ЖЫЛУ БӨЛЕТІН МАЙ ҚАТПАРЫН ҚАЛЫҢДАТЫП ЖІБЕРЕДІ

Жұма, 05 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 77 рет

41651 14

Күйзеліс – кортизол деңгейін көтеріп, жылу бөлетін май қатпарын қалыңдатып жібереді, – дейді британиялық ғалымдар.
Ғалымдар бұрын жылу бөлетін май қатпары сәбилерде, сосын сүтқоректілерде ғана болады деп санаған. Алайда, ол 2009-жылы ересектерден де табылды. Ересектерде жылу бөлетін май 50-100 грамм көлемінде болады.
Ұлыбританиядағы Ноттингем универ­ситетінің профессоры Майкл Симондс және оның әріптестері күйзеліс кезінде жылу бөлетін май қатпарында қандай өзгеріс болатынын анықтауға бел байлады. Өз зерттеулерінде ғалымдар еріктілеріне  математика бойынша тест тапсыруды ұсынды. Ғалымдар  сілекейдегі кортизол деңгейін байқап көрді. Олар инфрақызыл термографияның көмегімен жылу бөлетін май қатпарының белсенділігін өлшеді.
Осылайша, зерттеуге қатысқан­дарда  кортизол деңгейі артып, жылу бөлетін май қатпарын қалыңдағаны байқалды.
Күйіп қалғанда не істеу керек?
Қатер айтып келмейді, ал абайсызда болған жағдайға қалай төтеп береміз? Әсіресе, оттан, судан келген қауіп-қатер ең қорқыныштысы болса керек. Сақтансаң – сақтайды, алайда, осы сынды оқиғаларға кез болғанда  не істеу қажеттігін білген артық етпейді.
Алдымен қаншалықты ашыса да,  күйген жерді суық суда ұстап, тазалап алу қажет.
Кейін жара орнына тұз немесе бал мен шикі жұмыртқаның ағын жағуға болады. Егер, жара қабынып, ауырғаны сезілсе, алмұртты танып қойыңыз. Тіс пастасының да осы тұрғыда пайдасы бар. Ол терінің қабынуының алдын алады, ісуден де сақтайды. Күйіп қалған орын зақымданғаннан бөлек, ісіну белгілері біліне бастаса, пайдаланыңыз. Оны күйген теріге жағып, шамалы уақыттан соң жуып тастасаңыз болғаны, бірден шипасын береді. Сондай-ақ, тері қатты күйіп, зақымданатын болса, сол сәтте спиртке салғаныңыз дұрыс болмақ. Яғни, мақтаны спиртке малып, күйген орында сүртіп отыру амалдары жиі жасалуы тиіс. Егер, майға немесе суға күйіп қалсаңыз, сұйық майдың өзі ем болмақ.
Ал, ауру асқынып, дерт айықпаса дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Өйткені, денсаулық сіз бен біздің басты байлығымыз.
Балық майының пайдасы
Грек ғалымдары күніне 10 гр балық майын ішу адамдардың арасында жиі кездесетін кенеттен жүрек тоқтауы оқиғасын 41 пайызға қысқартатындығын алға тартады. Цинцинати университетінің ғалымдары күніне 2 гр балық майын қабылдау қан қысымын қалпына келтіретінін дәлелдеген. Олардың пікірінше, түрлі дәрілермен емделгеннен гөрі, балық майының шипасы молырақ екен және біз өз ағзамызды химиялық уландырудан сақтай аламыз.
Бүгінде отандық мамандарымыздың деректеріне сүйенсек, балық майы кеуде обырын тоқтатуға, не болмаса кішірейтуге көп әсерін тигізеді екен. Қытай ғалымдарының пікірінше, обырмен ауыратын адамдардың ағзасында омега 3 амин қышқылы өте аз байқалған. Әсіресе, балық майын жүкті әйелдер көп ішкені жөн. EPA және DHA комбинациясын 650мг, не болмаса 1000мг мөлшер шамасында ішуі керек, балық майын ішуді жүктілік және сәбиді емізу кезінде де жалғастыруға болады. Бұдан адам иммунитетіне зиян жоқ. Балық майы қандағы Е концентрациясын төмендетеді. Сондықтан, Е дәрумендерін қатар қолдануы қажет. Мамандардың айтуынша, жұмасына кем дегенде 140 граммдық екі порция балық жеу керек, әсіресе, көктем кезінде ағзаның орнына келуіне көмектеседі екен. Балық құрамында минералдар, протеиндер және көп түрлі дәрумендер, омега 3, омега 6, омега 9 амин қашқылдары баршылық. Сүйегімен жейтін сардин, лосось балықтарында фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі. Кальций сүйекті қатайтады, фосфор ағзаға керек функцияларды күшейтеді, ал фтор тісті бекітеді. Балық майындағы А дәрумені ағзаны тазартады, зиянды вирустарды жояды, сонымен қатар, адам терісінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балығының майымен емдеуге болады. Нәтижесі өте оңды.
Жалпы, балық майы – адам ағзасына қажеттілігі жағынан бірінші орында тұрған азық. Ал балықтың: патша балығы, сардины, ­скумбрия, семга, лосось, алабұға, сазан сияқты түрлерін жиі жеу қажет. Бұлардың тіске, сүйектің қатаюына пайдасы зор. Балық етінде темір көп. Ол ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Банан қабығының пайдасы
Банан қабығы бананның өзіндей болмаса да, көп қажетке жарайтын пайдалы жақтары көп. Сол себепті, оны қоқысқа тастамас бұрын нендей мақсатта пайдалануға болатынын біліп алыңыз.
Аяқ киіміне «таптырмас» крем
Аяқ киіміңізді банан қабығымен ысқылап, артынан құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз, аяқ киіміңіз ине-жіптен енді шыққандай жалтырап шыға келеді.
Теріңізді күтуге «таптырмас» құрал
Банан қабығы терісі құрғақ және секпілі бар адамдарға да пайдалы. Күніне екі рет банан қабығымен сүртіп отырса, нәтижесі көп күттірмейді.
Өсімдіктерге «таптырмас» ­тыңайт­­­қыш
Банан қабығын жеміс көшетін отырғызған кезде пайдалануға болады. Көшет отырғызылатын топыраққа тастаңыз.
Банан сірке суы
Банан қабығынан әдетте қышқыл, әрі ащы болып келетін сірке суынан дәмі өзгешеленіп тұратын, яғни, тәтті сірке суын алуға болады. Оны салатқа қосуға болады және су мен шайдың хош иісін арттыру үшін пайдалануға болады.
Банан қабығымен етті маринадтау
Етті қуырған кезде оған банан қабығын араластырса, етіңіз жұмсақ әрі дәмі тіл үйіретін тағам болып шығады.
Тісті ағартуға «таптырмас» құрал
Тісті ағарту үшін банан қабығының ішкі жағымен тісті ысқылау керек.
Қышыған жерді басады
Маса немесе бүрге шаққан жеріңіз қатты ашып қоймаса, банан қабығымен ысқыласаңыз, қояды.
Тікенге қарсы құрал
Тікен кірген жерге банан қабығын қойсаңыз, тікен терінің үстіңгі жағына қарай тартылады, артынан суырып тастайсыз.
Күйеге қарсы құрал
Киімнің жауы болып табылатын күйеден құтылғыңыз келсе, банан қабығын қойсаңыз, жеткілікті. Өйткені, банан қабығы күйені өзіне тартып алады.

Дайындаған: Г.ТІЛЛӘБЕКҚЫЗЫ.