МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАЙЛЫ, БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 102 рет

Қазіргі таңда, елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі әрі қарай /МӘМС/ жұмыс істеп келеді. Сіздерге, осы жүйе қалай жұмыс істейтіндігі жайлы қысқаша айтып өтсем.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз – қордың қаражаты есебінен тұтынушыларға берілетін медициналық қызмет болып табылады. Осы қызметті мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМС) атқарады. МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар (жарна немесе аударым төлегендер және осы төлемдерді төлеуден босатылғандар) МӘМС ұсынатын мынадай тегін медициналық көмекті ала алады:
а) медициналық байқап тексерулер;
ә) учаскелік дәрігердің нұсқауымен арнайы дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
б) тиісті тізімге сәйкес халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
в) диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
г) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
ғ) стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т.б.
Қорға төленуі тиіс төлемдер және жарналар өздеріңізге белгілі, қорға төленетін төлемдер аударымдардан және жарналардан тұрады. Аударымдар дегеніміз – әрбір жұмыс берушінің жұмыскерге төлеген шығынын айтсақ, ал жарна деп әрбір тұлға немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың (кәсіпкер, медиатор және т.б.) қорға төленетін төлемдері. Өзі атынан айтып тұрғандай қорға төленетін аударымдар және жарналар – міндетті төлемдер болып табылады.
Осы МӘМС бойынша қорға төленуі тиіс аударымдарды және жарналарды төлеуден төмендегі заңның 26-бабына сәйкес мыналар босатылған:
1) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
2) Бала 3 жасқа келгенше оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам;
3) Мүгедек балаға күтім жасайтын адам;
4) Жұмыс істемейтін қандастар;
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр аналар»;
6) Мүгедектер және т.б.
Кез келген салық төлеуші төлемдерді 2-деңгейлі банктерге барып, оның ішінде Қазпоштаға барып төлеуге немесе «Е-Салық Азамат» мобильді қосымшалары смартфон арқылы кез келген салықтар мен төлемдерді жүзеге асыруға болады.
Егер, сізде жалдамалы жұмысшыларыңыз болса, онда сіз төлемдері 01.07.2017 жылдан есептеулеріңіз тиіс. Оның мөлшері 01.01.2020 жылдан әрбір жұмысшы үшін жалақының 2%-ы, яғни, 42500 х 2% = 850 теңге. Яғни, жеке кәсіпкер өз жұмысшысының жалақысына қарай төлемді есептеулері тиіс! Ал өзіңізге тек 01.01.2020 жылдан бастап төлей аласыз. Жеке кәсіпкер өзі үшін және әрбір жұмысшысы үшін есепті айдың төлемін келесі айдың 25-іне дейін төлеулері тиіс екендігін жеткіземін.
Әрбір салық төлеуші тиісті әлеуметтік аударымдарды өздері есептей отырып, әр айдың 25-не тұрақты түрде төлем жасап отыруға міндетті, егер салық төлеуші өз мерзімінде төлемесе немесе кешіктіріп төлеген жағдайда, кірістер басқармасы заңға сәйкес хабарлама жіберіп, тиісті шараларды қолданады.
Құрметті салық төлеушілер! МӘМС бойынша туындаған сұрақтарыңыз болса, кірістер басқармасының жауапты қызметкерлерінен толық мағлұмат алуларыңызға болады.
Барлық салық төлеушілерді салық мәдениетін көтере отырып, заң аясында тиісті салықтар мен төлемдерді уақытылы төлеуге және уақытылы салық есептіліктерін табыс етіп отыруға шақырамыз.


Ү.САПАРОВ,
аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының
«Салықтық бақылау және өндіру» бөлімінің
бас маманы.