ЗАҢНАМАҒА ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Жұма, 25 Наурыз 2022 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 167 рет

sc10

Құрметті Қазығұрт ауданының тұрғындары! Сіздердің назарларыңызға ҚР еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты №6 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2021-жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарға тоқталып өткім келеді.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №6 медициналық-әлеуметтік сараптама (әрі қарай МӘС) бөлімі Қазығұрт ауданына қызмет етеді. Атап айтқанда, №6 МӘС бөлімінің негізгі көрсететін мемлекеттік қызметтің түрі – Медициналық әлеуметтік сараптаманы жүргізу, жалпы аурулар салдарынан болған мүгедектікті және еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, олардың себептерін, мерзімдерін, туындаған уақытын, ағза функцияларының бұзылуынан тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі негізінде 18 жасқа дейінгі балаларға және ересектерге мүгедектік тағайындау, жалпы және кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау, қажеттіліктеріне байланысты мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасын негізді, сапалы және уақытылы әзірлеу, әлеуметтік көмек көрсететін мекемелерде оңалту шараларын іске асырудың сапалы орындалуын, осы іс-шаралардың тиімділігін бақылау болып саналады.
Облыстық статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда Қазығұрт ауданындағы халық саны – 108 508.
Қазығұрт ауданы бойынша 2021-жылдың 12 айында алғашқы рет тағайындалған мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 287 құрады. Олардың 214 ересектер болса, қалған 73 бала 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жас өспірім­дер. Медициналық әлеуметтік сараптама­ны жүргізу тәртібі «Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015-жылғы 30-қаңтардағы №44 бұйрықпен реттелінеді.
Осы қағиданың талаптарына сай медициналық ұйымдар науқастарды, тыныс – тіршілігінің шектелуіне алып келетін ауруларға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза қызметтерінің тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін МӘС бөліміне куәландыруға жібереді.
Аталған заңнамалармен бекітілген тәртіптеріне сәйкес, 2021-жылдың 12 айында №6 МӘС бөлімі бойынша Қазығұрт ауданы бойынша 1194 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетті.
Мүгедектіктің себептеріне келсек, ауруы санаттарына (нозологиясына) бөлгенде, ересектер арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандардың арасында ең көбі қан айналымы жүйесінің аурулары, 2-ші орында қатерлі ісік аурулары, 3 орында жарақаттар орын алып отыр.
18 жасқа дейінгі балалар арасында келесі ауру түрлері алдыңғы үш орында алады. Бірінші орында – жүйке жүйесінің аурулары, екінші орында – дамудың туа біткен кемістіктері, үшінші орынды сүйек-бұлшық ет аурулары құрайды.
Әр бір куәландырудан өткен тұлғаға мүгедектік топ анықталған жағдайда қажеттілігіне байланысты жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлімдері әзірленеді.
Мүгедектерге оңалту іс-шараларын жүргізу. «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015-жылғы 22-қаңтардағы №26 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015-жылғы 26-наурыздағы №165 бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
Жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу, жоғарыда атап айтылған қолданыстағы заңнамаларда көрсетілген көрсеткіштер мен кері көрсеткіштерді ескере отырып медицина ұйымдарының 031 нысан қортындысына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мемлекет басшысының 2021-жылғы 12-қазан күні мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырудағы әл-ауқатын жақсарту мақсатында нормаларды қамтитын бірқатар жаңа заңға қол қоюы маңызды оқиға болды. Атап айтқанда, 24-қазан күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» заңы өз күшіне енді. Осы заңға сәйкес, қолданыстағы 2015-жылғы 30-қаңтарда
№44 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына 2021-жылдың 27-қазан күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №397 бұйрығы аясында өзгерістер және толықтырулар енгізілді. №397 бұйрық 7 жасқа дейін «мүгедек бала», 7 жастан 18 жасқа дейін тыныс-тіршілік ету қабілетінің шектелуіне, сырқаттарының асқынуларының ауырлығына байланысты бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаттарын реттейтін болады. Осы заңнамаға байланысты, құрметті оқырмандар егер сіздің үйде «мүгедек бала» санатындағы бала болса, баланың жасы 7 жасқа толған күннің ертеңіне өздеріңіздің медицина ұйымдарыңызға барып, 031 нысандағы қорытындысын жаздырып, МӘС бөліміне келулеріңізді сұранамыз.
Екінші айтатын жаңалығымыз, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997-жылғы 16-маусымындағы №126 заңына ағымдағы жылдың 12-қазанында №67 Заңмен I – топтағы барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қараушыларына арнаулы қосымша төлемдер жүргізіледі. Атап айтқанда, төлем мүгедектік себебіне қарамастан I – топтағы барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалып, төленеді. Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есесін, яғни, 48 023 теңгені құрайды. Күтім жасаушы қызметін рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет үйіне» өтініш беріп, төлем өтініш берген күннен бастап тағайындалады.

А.ПАПЕНОВ,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және
көші-қон комитетінің Түркістан
облысы бойынша департаменті
№6 МӘС бөлімінің бас маманы.