ЖҰҚПАЛЫ ПАРАЗИТТІК ТЕРІ АУРУЫ – ҚОТЫР

Жұма, 25 Наурыз 2022 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 141 рет

12 lqwze9qenapgk2nh4cff

Науқас адаммен тікелей араласқанда (қол алысқанда, жанасқанда) немесе ол пайдаланған заттарды (төсек, іш және сырт киімдер, сүлгі, кір езгіш (мочалка), қолғап, ойыншықтар) қолдану арқылы жұғады. Сондай-ақ, ауру мысықтар, иттер арқылы да жұғады.
Клиникалық көрінісі: терінің қышуы, кешке қарай үдеп, түнде ұйқы бөлінеді. Тері үсті бөрітіп, қосарланған түйін, көпіршік пайда болып 3-10 мм шамасындағы қанды сұр сызықтар, пайда болады.
Бөртпелердің теріде орналасуы: саусақтар іш, бел, санның ішкі жақтарында, ер адамдарда – жыныс мүшесінің терісінде, балалардың табанында, алақанында, бетінде орналасады. Арасында, қолдың үстінде, білекте, кеуде тұсында орналасады.
Алдын алу шаралары: ауру белгілері біліне бастағаннан дәрігерге қаралу қажет.
Ауырған уақытта дәрігердің бақылауында болып, арнаулы дәрілермен емделген жөн.
– науқастың отбасы мүшелері медициналық қарап-тексеруден өтіп және бір күндік профилактикалық ем тағайындалу қажет.
– науқаспен ұйымдастырылған ұжымда байланыста болғандарды күнтізбелік қырық бес күн бойы медициналық қарап-тексеру (алғашқы күнтізбелік он күнде күн сайын, одан әрі – әр күнтізбелік он күнде бір рет бақылау қажет.
– үй жағдайында ауруды қотырдан емдеу кезінде залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарын жасау керек.
– іш киімдерді және төсек жабдықтарын соданың 1-2 пайыз ерітіндісінде немесе кез келген жуғыш ұнтақпен қайнаған сәтінен бастап он минут бойы қайнату арқылы зарарсыздандыру;
– үй-жайды күн сайын, ал балалар ұжымдарында 1-2 пайыздық сабын-содалы ыстық ерітіндімен күніне екі-үш рет ылғалды жинау;
– жинау материалын қолданылғаннан кейін қайнату немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салу;
– күнделікті қолды сабындап жуып, апта сайын суға түсіп, дене тазалығын сақтау қажет.

Нұрдәулет ӘБЕН,
Қазығұрт аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.