Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халықты қызықтырған сұрақтардан біріңғай жиынтық төлемді төлеушілер (БЖТ) бойынша Сіздерге жауап берейік!

Жұма, 10 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 84 рет

«БЖТ-ны кім төлейді?»
– Біріңғай Жиынтық Төлем (БЖТ) төлеушілерге жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жұмыстарды орындайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін (мысалы, жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықты пайдаланудан алынған ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын) бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалар жатады.
«МӘМС-те БЖТ төлеушілерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?»
– БЖТ төлеушінің МӘМС жарналарын төлеудің қысқартылған мерзімдеріндегі артықшылықтары, оларда 3 төлем болуы тиіс, сонда ғана сақтандырылу мәртебесі беріледі. Бірақ, төлемдер алдыңғы үш айда қатарынан үзбей төленуі керек, өйткені кем дегенде бір кезеңді өткізіп алсаңыз, сақтандыру мәртебесі жоғалады
Өткен кезеңдер үшін БЖТ төлеуге болмайды, тек келесі кезең үшін төлей аласыз. Сондай-ақ, БЖТ төлеушілер үшін ағымдағы ай үшін төлемнің болуы міндетті, әйтпесе МӘМС мәртебесі сақтандырылмайды
«Егер БЖТ-ны уақытында төлмесеңіз не болады?»
– БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеушілер міндетті түрде оны төлеудің жүйелілігін сақтауы тиіс (алдыңғы үш ай + ағымдағы ай), өйткені ағымдағы ай үшін төленбеген болса, олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек ала алмайды. Мысалы, ағымдағы күнгі жағдай бойынша БЖТ төлеушіде төлем болмаса, онда МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы оған төлегеннен кейін, «сақтандырылған» мәртебесін берген сәттен бастап ағымдағы айдың соңына дейін (БЖТ төлемі кемінде алдыңғы үш ай бұрын болған жағдайда) туындайды.
МӘМС жүйесіне үздіксіз қатысу үшін келесі айда (алға) БЖТ төлеуді жүргізу ұсынылады «БЖТ төлеуші сақтандыру мәртебесін қай уақыттан кейін ала алады?»
– МӘМС жүйесінде «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесін алу үшін БЖТ соңғы 3 ай қатарынан төленуі тиіс, тек 3 айға ғана сақтандырылу мәртебесі беріледі. Сондай-ақ, БЖТ-ны ай сайын төлеу керек екенін білу керек, өйткені кем дегенде бір төлем болмаса, мәртебе «САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН» болып ауысады және мәртебені жаңарту үшін тағы 3 ай күту керек болады
«Шетелдіктер БЖТ-ны төлеуі керек пе ?»
– ҚР Салық Кодексі бойынша шетелдіктерге БЖТ төлеуге тыйым салынған (774-бап).
«БЖТ-ның мөлшері қандай?»
– БЖТ көлемі 1 АЕК-ті (3063 теңге) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары үшін және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін және ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін АЕК 0,5 мөлшерін (1531,5 теңге) қамтиды.
«Неліктен БЖТ (Бірыңғай жинақталған төлем) төлеу кезінде кейбір санаттарда сақтандырудың жеңілдік мәртебесі жойылады?»
Жауабы: БЖТ құрамдас бөліктерінің бірі зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар болғандықтан, «жұмыс істемейтін» деген белгісі бар жеңілдік санатына кіретін адамдар БЖТ төлеген кезде ақпараттық жүйе еңбек қызметі бар ретінде айқындалады және жеңілдікті санатынан алынып тасталады. Осылайша, егер адам жеңілдік санатын жоғалтқысы келмесе, онда БЖТ төлеудің қажеті жоқ .
«Жұмыс істемейтіндер» белгісі бар жеңілдік санатына қосу үшін адамның соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары болмауы керек.
«БЖТ қандай компоненттерден тұрады?»
– Бірыңғай жинақталған төлемнің (БТЖ) құрамдас бөліктері міндетті зейнетақы сақтандыруға аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), әлеуметтік аударымдар (ӘА) және табыс салығы (ТС) болып табылады. МӘМС-ке мемлекет төлейтін жарналарды азаматтардың жеңілдікті санатында жұмыс істемейтін немесе демалыста жүрген, балалары 3 жасқа толғанға дейін оларға күтім жасайтын адамдар кіреді. БЖТ төлеген кезде жүйе мұндай адамды жұмыс істейтін адам ретінде автоматты түрде таниды, өйткені зейнетақы және әлеуметтік төлемдер келіп түссе, оны жеңілдік санатынан алып тастайды. Жеңілдік санатына оралу үшін тұлғаның 2 ай ішінде МЗЖ, ӘА және ТС болмауы керек.
«Жүкті әйелдер БЖТ төлеуі керек пе және жеңілдік санатына кіре ме?»
– Жеңілдік мәртебесін беру үшін жұмыс істемейтін жүкті әйелге қарызын төлеудің қажеті жоқ.
Егер әйел жеңілдік мәртебесін алғаннан кейін БЖТ төлеген болса, онда ол жеңілдік мәртебесін жоғалтады және оны қалпына келтіру үшін қарызды төлеп, МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде төлеу керек (МЗЖ және ЖО төлемей) немесе жеңілдік мәртебесін беру үшін 2 ай күту керек. Бұл жағдайда МӘМС жүйесіндегі жеңілдік мәртебесі МЗЖ және ЖО төленген сәттен бастап 2 айдан кейін автоматты түрде беріледі.

Н.БАЙТЕМІРОВА,
«Қазығұрт аудандық ауруханасы»
МКК-нің МӘМС жүйесі бойынша менеджері.