НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 85 рет

 218         Больница НАШАҚОРЛЫҚ

Нашақорлық әлемнің әлеуметтік проблемасы, миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан ауру, трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең, алайда ол шекараны танымайды, нәсіп, жыныс, жас талғамайды. Бұл жарияланбаған соғыс тұлғаның толық жойылуына әкеп соғады. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды: психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады, жаңа кәсіпті игере алмайды, ал бұрынғы біліктілігін ештеңе қалмайды, өзіне және жанындағыларына бақытсыздық алып келеді, ақырындап өзінің дене мүшелерін өлтіре бастайды. Ұзақ уақыт бойы нашақорлық мәселесі жабулы қазан күйінде қалып келді, ол туралы айтылмады.
Қазір барлығы ол туралы біледі, бірақ әлі бұл өткір тақырып болып қалуда. Нашақорлыққа қарсы күрес құралы – оны таратуға қарсы бүкіл адамзаттық жұмылу. Бұл «жұмылуды» кішкентай баладан бастап үйрету керек. Бұл – үлкендердің міндеті. Біздің ғасырымыздың басты дерті-нашақорлық екені баршаға аян. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп белшесінен батып жүрсе, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Есірткі таратып, байып жүрген адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Өсіп келе жатқан, еліміздің болашағы – жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? – деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткіге еліктейтіндер – негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, ал жастар қорықпайды. Нашақор үшін өлім жалған дүниемен бірдей. Осының зиянын біз өскелең ұрпаққа жеткізуіміз тиіс.

Әсем АҚЖОЛҚЫЗЫ,
аудандық аурухананың
нарколог дәрігері.