Сары аурудың алдын алыңыз

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00

Маман кеңесі

 

Сары ауру – дүние жүзінде кең тараған инфекциялардың бірі. Тарауы да әр жерде біркелкі емес. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесе 15-29 жастағылар ауырады. ВГА-ға маусымдық тән. Негізінен күз-қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі оушылар арасында көбінесе қыркүйек-қазан, 3-6 жастағы балаларда қараша-желтоқсан айларында, ал 3 жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен-саран оқиғалар түрінде кездеседі. ВГА жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикациямен бауыр әркеттерінің бұзылу әркетімен байқалатын фекальді – оральді жолмен тарайтын вирусты инфекция.

Вирус cыртқы ортаға төзімді.Нәжісте – 1, суда – 3-10 айға дейін сақталып, 100С температурада қайнатқанда 5 минут ішінде өледі, хлораминның 1г/л ерітіндісі үй температурасында вирус 15 минуттан кейін ғана ыдырайды.

Таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі болып, әр түрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Берілу механизмі 95% жағдайда фекальді – оральді.

Тарау жолдары

Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5% жағдайда парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін. Ана сүтінде вирус табылмаған. Жалпы планцентадан өте алмайды.

Клиникасы төмендегі кезеңдерге бөлінеді:

1. Инкубациялық; 2. Сарғаю алдындағы; 3. Сарғаю; 4. Реконволесценция (жазылу).

Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы – 35 күн. Сарғаю алдындағы кезең белгілер жинағы былай реттелінеді.

Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн. Сырқат жедел басталады, температурасы 38-390С, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінінің төмендеуі, 2-3 күн жүрек айну, құсу, кейде эпигастрий аймағында ауырсыну, жайсыздықты сезінеді. Сарғаю пайда болғаннан 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Тері қабатының және склераның сарғаюы жылдам арада жоғарылайды. Бірақ та, интенсивтілігі шамалы мөлшерде болады. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.

Алдын алуы

Жергілікті санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс – вакцинация. бір рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.

Н.ӘБЕН,

эпидемиологиялық қадағлау

бөлімінің бас маманы.

 

Құтыру – адамдар мен жануарлар ауыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Барлық жағдайларда науқастың орталық жүйке жүйесінің органдары зақымданып, тиісті құтыруға қарсы егу (вакцина) алмаған жағдайда өліммен аяқталады. Құтыру ауруы – адамға жануарлардың (ит, мысық, жылқы ірі, қара және уақ малдар және басқа жануарлар) сілекейі арқылы тістеп, тырнап алғанда жұғады.

Сол себептен өзіңізді немесе балаларыңызды жануарлар жарақаттап, тістеп, тырнап алса, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Қазіргі күнге құтыру ауруын емдеуге дәрі-дермектер болмағандықтан, оның алдын алудың бірден бір жолы профилактикалық егу болып табылады. Құтыруға қарсы егу жұмыстары аудандық ауруханалар мен емханаларда жарақаттанған науқастарға тәулік бойы тегін егу жұмыстары жүргізіледі. Жануарлардан жарақат алғандардың барлығына егу тағайындалады, олар міндетті түрде егуді толық және белгіленген күндері алу қажет.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабы негізінде ветеринария туралы заңдарды бұзғандығы үшін, жануарларды байлап ұстамағаны үшін иесіне әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Сол себептен, үй жануарларын күтіп ұстау ережелерін барлығымыз білуіміз және толық орындауымыз қажет. Құтырудың алдын алу жолдары: иесіз иттер мен мысықтарға қарсы күрес, үй жануарларын күтіп ұстау ережелерін орындау, оларды құтыруға қарсы егу, үй жануарларының, жабайы аңдардың шабуылынан қорғану, жарақат алған адамдардың дер кезінде толық егілуі.

2019-жылдың 5 айында Қазығұрт ауданы бойынша жануарлардан 328 адам зардап шегіп, медициналық көмек алды. Олардың барлығына құтырудың алдын-алуға егу жұмыстары жүргізілді. Егер, үй жағдайында жануарлардан тістеліп, тырналып, сілекейленіп жарақат алған жағдайда жарақат орнын 20 % сабынды су ерітіндісімен жуып, жарақат шеттерін спирт немесе йод ерітіндісімен сүртіп, матамен таныңыз және құтыруға қарсы егу алу үшін жергілікті емхана қызметіне жүгінгеніңіз абзал.Құтыруға қарсы антирабикалық вакцинасының адам ағзасына кері әсері жоқ.

Жануарлар тістеген жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

     Өз өміріңіз – өз қолыңызда.

Слан НҰРСҰЛТАН,

Қазығұрт аудандық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасының

эпидемиологиялық қадағалау

бөлімінің жетекші маманы.

 

Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактерияды жедел инфекциялық ауру.

       Инфекция көзі

-            әртүрлі клиникалық түрлерімен науқастанған адамдар.

-            бактерия тасымалдаушылар.

Менингококктар алғашында мұрын жұтқыншақтың шырышты қабатында орналасып, онда жеткілікті қабыну процесін туғызады (клиникалық белгілерсіз) – “сау” тасымалдаушылық, назофарингит кезінде жергілікті өзгерістермен қатар, айқын токсинемия және бактеремия байқалады. Генерализацияланған түрінде қоздырғыш жергілікті тосқауылдардан өтіп, бактеремия туғызады. Бактеремия арнайы монополисахаридтердің әсеріне байланысты айқын токсинемиямен қатар өтеді (менингит, артрит, иридоциклит). Процестің жайылуында мына факторлар маңызы болуы мүмкін: қоздырғыштың инфицирлеуші дозасы, оның вируленттігі мен инвазивтілігі жастық фактор (балаларда ересектерге қарағанда жайылған түрі жиі кездеседі), ағзаның иммуногенетикалық ерекшеліктері (жергілікті иммунитеттің, иммунитеттің клеткалық звеносының фагоцитарлық жүйенің, комплемент жүйесінің т.б. жағдайы), менингококктардың басқа бактериялармен, вирустармен ассоциациясы. Токсиннің әсерінен (липополисахарид) гемостазды бұзатын бірқатар қиын процестер туындайды. Бұл тұрғыда липополисахаридтің концентрациясының маңызы бар (токсинемия дәрежесі) төмен концентрация арнайы және арнайы емес қорғаныс факторларын белсендірсе, ал жоғары керісінше тежейді, сондықтан, ауыр ағымда токсикалық-инфекциялық шокпен өтеді.

Сыртқы ортаның әртүрлі факторларына, антибиотиктерге өте сезімтал. Менингококктар қайнатқанда бірден, дезинфекциялаушы ерітінділер әсерінен бірнеше минутта жойылады. Менингококк инфекциясымен көбінесе балалар ауырады. Бұл аурудың 50-80 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі.

Клиникасы: басталуы жедел, аяқ астынан дене қызуының 39-40 градусқа дейінгі көтерілуі, қалтырау, қатты бас ауру, қайталап құсу, бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі. Мойынның шалқаюы, баланың өңі кірмейді, басы мен мойын артқа шалқайтып ұстайды. Бүкіл денесінде қызыл нүкте тәрізді бөрітпелер пайда болады.

Сақтану жолдары: Адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй жайларда өткізілетін мәдени көпшілік іс-шараларға баруды шектеу. Бөлмеге тұрақты ылғалды жуу жинау жұмыстарын жүргізу. Жиі желдету. Жеке бас гигиенасын сақтау. Дәретханаға барғаннан кейін және тамақтанардың алдында қолды мұқият сабынмен жуу.

Есіңізде болсын! Дер кезінде медициналық көмекке жүгіну өзіңіз және отбасыңыз үшін маңызды!

Ж.ТОЛЫҚБАЙ,

Қазығұрт аудандық орталық аурухана эпидемиолог дәрігері.

 

 

      

 

Түйнеме (Сібір жарасы) – зоонозды, аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, қызба және интоксикациямен, кейде, сепсис дамуымен сипатталатын жұқпалы аурудың түрі. "Сібір" атауы осы дерттің XIX ғасырда Сібір аймағында он мыңдаған мал мен мыңдаған адамдардың қырылуының себебі болған үлкен эпизоотия мен індеттің пайда болуына байланысты берілген. Қазақстан Республикасында, соның ішінде біздің облысымызда медицина қызметкерлерімен профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуіне байланысты бүгінде түйнемемен ауыру күрт төмендеді. Бұл аурудың қоздырғышы – микроб, "сібір жарасының таяқшасынан" шыққан. Ол ауру малдың қанында, зақымдалған барлық мүшелер мен тіндерде және ауру малдың дәреті мен нәжісінде кездеседі. Әсіресе, қоздырғыш малдың өлім алдында бөлінетін серозды сұйықтығында көп болады. Сібір жарасының таяқшасы – жайлау топырағына, ашық су қоймаларының суына түседі. Тасқын, ағынды және жер асты сулары мал зираттарынан оны жер бетіне алып шығуы мүмкін.

Ескі мал зираттарында споралардың өмір сүру бейімділігі малдарды көмгеннен кейін 30-40 және одан да көп жылдардан кейін байқалады. Спора – сиырдың, қойдың, жылқының, шошқаның, түйенің, есектің ағзасына түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, содан кейін көбейіп, қан арқылы тарап, 1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру жануарларда әдетте ауыр түрде өтеді және көбіне ішектің бұзылысымен басталады. Ішектің кебуі, қызудың көтерілуі байқалады. Зәр мен сүтте қан көрінеді. Екінші-үшінші күні мал өледі.

Адамның ауруға шалдығуы көбіне аурумен немесе өлген малмен жанасқанда, күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, көмгенде болады. Сонымен қатар ауру малдан алынған азық-түліктен жұқтыруы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі адамдарда бірнеше сағаттан 8 күнге дейін созылады, көбіне, қоздырғыштың теріге ену қақпасында кішкентай дақ пайда болғаннан кейін 2-3 күн. Аз ғана уақыттан кейін дақ безеуге, содан кейін бұлдыр қан аралас сұйықтығы бар көпіршікке айналады. Көпіршік жарылып, сұйықтық ағып кетеді, орнында қара қабықшамен – ноқатпен қапталған жара пайда болады. Осы сібір жарасының карбункулы болып табылады. Ауру жоғары температурамен, жалпы әлсіздікпен жүреді.

Түйнеменің алдын алудың басты бағыты – ауыл шаруашылық жануарларын иммунизациялау. Үйде жеке мал болса, әр малды түйнемеге қарсы егу керек. Егер, сіз жануарлардан аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу үйге ветеринар шақырыңыз. Малды сою – ветеринар қарап, жануардың денсаулығы туралы анықтама бергеннен кейін жүргізілу керек. Мал еті ветеринардан алдын ала тексеріліп, анықтама бергеннен кейін тек базарларда сатылуы керек.

Емдеу

Қазіргі таңда сібір жарасын емдеуге арналған күшті дәрі-дәрмектер (гамма-глобулин және антибиотиктер) бар, алайда, тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, жақын орналасқан емдеу-алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет.  Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады.

Алдын       алу   шаралары

Адамдар мен жануарлар арасында сібір жарасының алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі ауруды тез қабылдағыш әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды.

Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет.  

Құрметті шаруашылық иелері,  мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайды шұғыл арада ветеринарға хабарлауыңыз керек. Егер, жануар аурудан өліп қалса, ветеринар келгенше өздігіңізден оны союға кіріспеңіз. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау – адамдар мен жануарлардың дертке шалдығуына әкеледі. Бұған кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қаперіңізде сақтаңыз! Ет және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалардан алуға тыйым салынады!

Күлизат ҮСІПБЕКОВА,

Қазығұрт аудандық қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы.

Маман кеңесі

 

Қауіпті дерттерге қарсы екпе егу жұмыстары әлемдік тәжірибеге енген. Соған орай бала өмірге келген сәттен бастап белгілі мерзім ішінде түрлі аурулардың алдын алу, жұқпалы дерттерден сақтануды қамтамасыз ету үшін иммундау шаралары дәстүрлі түрде қолға алынды. Вакцина – микроорганизмдерден жасалады. Бүгінде республикамызда 21 инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жыл сайын вакцинацияға 30 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Дәрігерлерлік пайымдаулар мен ғылыми зерттеулерге сүйенсек, екпе алғаннан соң қауіпті дерттерге шалдыққандар саны азайған. Бірақ, ел арасында иммунизациялауға қарсылық танытатындар да бар. «Кезінде ата-бабамыз екпесіз де ұзақ өмір сүрген» деген пікірдің жетегінде кеткен кейбір ата-ана, баласына вакцина салдыруға қарсылық білдіруде. Себебі, оларда екпе салдырған соң бала жағдайы нашарлап, ауру болып қалады деген ұғым қалыптасқан. Қоғамда пайда болған сан қилы теріс пікірлерден соң кей ата-ана «Екпесіз де өмір сүруге болады» деген тоқтамға келеді. Бірақ, бұрынғымен бүгінгі ахуалды салыстыруға келмейтінін ескерсек, вакцинаның маңыздылығы жоғары екендігін ескеру қажет. Иммунизациялаудың қажеттілігі болмаса, ол қолданысқа енбес еді. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға қыруар қаржы бөліп, шығындалу мемлекет үшін де тиімсіз екенін ұмытпаған жөн. Кезінде әлем қауіпті дертке айналған табиғи оспа, обамен шешек аурулары, дертке қарсы салынған вакцинаның нәтижесінде жойылды. Елімізде иммундау шаралары баланың жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап, Қазақстан Республикасының ұлттық екпе егу күнтізбесіне сай мерзімінде жүргізіледі.

Ауданымызда халық арасында профилактикалық егуден бас тартқандар бойынша профилактикалық алдын ала егудің маңыздылығы және адам денсаулығына пайдасы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде, вакцинация бойынша теріс ойда жүрген тұрғындар арасында балаларына екпе егуге келісімін бергендер саны көбеюде. Сонымен қатар екпе егу бойынша кез-келген сұрақтармен 8 800 700 830 сенім телефонына тегін қоңырау шалу арқылы, білікті иммунолог, аллерголог, педиатр, эпидемиолог дәрігерлерінен кеңес алуға мүмкіндік бар.

Балаңыздың және болашақ ұрпағыңыздың денсаулығына алаңдаушылық білдірсеңіз екпе егуге шақырамыз!

 

Нұрлыбахыт ТАСБАЛТА,

Қазығұрт аудандық

қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының бөлім басшысы.

Сау болу сәнді

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00

7-сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

 

     Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Қазығұрт ауданының орталық алаңында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының аудандық бөлімшесі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Сау болу сәнді"атты ұранымен футболдан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты жақсарту, дене қимылын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің, жастар ресурстық орталығының, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маман қызметкерлері, аудандық аурухана дәрігерлері, "Қызылту" ауруханасының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қатысты. Жеңімпаздарға марапат құттықтаулары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

   Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар арасында Дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты ұлт саулығы елдің болашағы атты іс-шара өткізілді. Шараға барша ұстаздар мен оқушылар белсене қатысты. Солардың ішінде оқу ісінің меңгерушісі Г.Мадиярова бастаған ұстаздар А.Тұрсынбаева, А.Ташқараева, Д.Талипова, С.Якуповалар үлкен үлес қосты.

Диларам МОЛДЫБАЕВА,

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Дәрігер кеңесі

 

Күнжылынғанмезгілдедалағанемесетауғадемалысқабаратынотбасыларменжастарсаныартатындығыбелгілі. Осы мезгілде қыс бойы ашыққан кенелер күн жылына қорек іздеп, зияны тек жануарларға ғана емес, адамға да зор қауіп төндіреді. Негізінен кенелердің қауіп төндіру кезеңдері жыл мезгілінің көктем айларынан бастап жаздың соңғы айларына дейін ұласады.

Кененің негізгі қорегі – қан. Теріге орнығып алған кенені арнайы әрекет жасамай бірден түсіре қою оңай емес. Оның өзі теріден ажырап шығып кету үшін қарын толыққанды тоюы керек.

Кене – кенелік энцефалиттің табиғи резервуары болып табылады. Кенелік энцефалит – орталық жүйке жүйесінің жедел вирусты ауруы, эндемиялық табиғи ошақтарда трансмиссивті (кененің шағуы) немесе алиментарлы жолмен (инфекцияланған сүт) арқылы жұғады.

Кенелік энцефалитті таратушы иксодтық кенелер, ал, кенелік энцефалиттің қоздырғышы вирус. Оның көлемі 20-30 нм. Ауруды жұқтыру кененің қан сору кезінде басталады.  Трансмиссивті түрінде вирустың кіру жолдары терінің беткі қабаттарындағы қан тамырларында вирустың тез көбеюіне байланысты оның депосы пайда болады. Гематогенді жол арқылы вирус бас миына жетеді де, сол жерде ошақ түзеді.

Аурудың белгілері жедел түрде дене қалтырауы және дене қызудың 37-39 ºС дейін  көтерілуімен қатар, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, бұлшық ет пен буындардағы ауру, жарықтан қорқу (жарық бас ауруына және жалпы жағдайының төмендеуіне алып келеді) сезімімен байқалады.

Бұл кезде безгектік көріністер 4-5 тәулік ұсталып, кейін уақытша жоғалады. Екі аптадан соң қайта өрбиді. Мойын бұлшық еттері қатайып, құлақтың есту қабілеті төмендеп, есінен танулары байқалады. Жиі иық аумағы мен көзішілік қанталауы байқалады.

Ауруларда енжарлық, ұйқышылдық, қажулар және тәбеттің төмендеуі аңғарылады. Кейбір адамдарда ауру жедел қозу немесе тырысу, есінен тану белгілерімен көрінеді. Кене энцефалиті адамнан адамға жұқпайды, кене энцефалитімен ауырған адам қоршаған ортаға қауіпті емес. Аурудың асқынуы кезінде адамның қол-аяғы салданып, мүгедектікке әкеледі.

Кенелер адамдар мен жануарларға қан сору мақсатында ғана шабуылдайды, сондықтан, оларды дер кезінде табу және теріден дұрыс тұмсығымен қоса алып тастау адам денсаулығы мен өмірі үшін маңызды болып табылады. Кене энцефалитінен абай болу үшін кенелерден қорғану жолдарын есте сақтауымыз қажет. Ең алдымен адам тауға немесе далаға шыққанда мынадай сақтық шараларын ұстануы қажет:

        киген киімі ашық түсті, ұзын жеңді, жағасы мен етегі денеге тиіп тұруы қажет.

Шалбары міндетті түрде етік ішіне салынған, басына міндетті түрде бас киім немесе орамал тағып, ұзын шаштарын бас киім ішіне жасырғаны жөн;

        кенелер мен шіркейлерге қарсы аэрозольдар мен жақпа майлар пайдалану;

кенелер ашық ағаштар мен қалың шөптер арасында жасырынатындықтан, өзіңізді ол жерлерден аулақ ұстауға тырысыңыз;

        ормандық жерлерде, жол торабындағы ағаштар мен шөптерді жұлмаңыз,

себебі, кенелерді өз үстіңізге сілкіп аласыз; серуеннен қайтып келген соң, денеңізді мұқият қарап шығыңыз (шаш арасын, қолтық және шап аймағын), шашыңызды тарақпен тараңыз;

        денені қарау кезінде киімдеріңізді қарап шығуды ұмытпаңыз. Кене адам

терісіне отырған соң жарты сағаттай шағатын орын іздейді, сондықтан мұқият болсаңыз кене шағудың алдын алуға болады;

        шөп жинау кезінде кенелердің шөп арасында қыстайтынын есте сақтаңыз; ешкі

және сиыр сүтін міндетті түрде қайнату керек, себебі, сүт қоздырғышпен залалдануы мүмкін.

Далада немесе тауда кене шақса, мынандай әрекеттерді жасаңыз: қан сорып жатқан кенені тұмсық астынан асықпай, жұлқымай, кене мұртшаларын толық шығарғанша ақырын тарту керек. Егер кененің басы толық шықпай, теріде қара дақ түрінде қалып қойса, өздігінен шығуын бақылау (егер далалық жағдай болса) немесе емхана хирург дәрігеріне қаралу керек (елді мекенге жақын тұрсаңыз). Кенені жұлған соң қолды мұқият жуып, йод немесе спиртпен өңдеу керек. Өйткені, кейбір жағдайларда кенелер қан сору кезінде теріге патогенді вирустар жұқтырылған зәрін қалдыруы мүмкін.

Теріден алынған кенелерді қоздырғыштың бар жоғын анықтау үшін зертханаларға жеткізу қажет.

Есте сақтайтын қағидалар: ешқашан терідегі кенені сықпаңыз, өйткені кене ішінде вирустар мен патогенді организмдер бар. Тіпті, қолдың ашық жаралары немесе сәл тыртықтар арқылы жұқтыруға болады; кенені жұлмаңыз, өйткені, жұлу кезінде кене басы теріде қалып кетеді де, улы сөлі адам ағзасына тарала береді; кенені тіспен жұлуға болмайды, қоздырғышты жұқтыру қаупі жоғары.

Кенені алып тастағаннан кейін 3 апта бойына өз денсаулығыңызға ұқыппен қарауыңыз керек, егер ауру белгілері біліне қалған жағдайда, мысалға, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және әлсіздік байқалса, дәрігерге қаралуыңыз қажет.

К.УСИПБЕКОВА,

Қазығұрт аудандық ҚДСБ басшысы.

Н.СЛАН,

жетекші маманы.

 

Жуырда аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған ауыл әкімдері, ветеринар мамандар мен осы салада қызмет ететін бөлім, мекеме басшылары, олардың жауапты мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов төрағалық етті.

Үйлестіру кеңесінің күн тәртібіне екі мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе, аудандық ветеринария бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттер туралы және эпизотиялық және эпизотиялық іс-шаралардың орындалу барысы жөнінде аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ә.Ертаев, екінші мәселе бойынша «Ауданда аса қауіпті аурулармен сырқаттанушылық жағдайы және оны төмендету бойынша алдын-алу іс-шаралары туралы» аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.Үсіпбекова баяндама жасады.

Баяндамашылардың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, аудан көлемінде бірқатар жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы эпизотиялық ауруларға қарсы, яғни, егу, қан сынамаларын алуға жыл бойына 201978,0 мың теңге қаржы қаралған болса, өткен үш айда жоспарға сәйкес 34301,0 мың теңге қаржы игерілген. Аудан бойынша 16628 бас ірі қара, 57791 бас уақ малдан қан сынамалары алынып, 1 бас ірі қара, 5 бас уақ мал «оң» нәтиже көрсетіп, санитарлық сою бекетіне жіберілген.

Құтыруға, сібір жарасына, аусылға қарсы жұмыстар өз деңгейінде жүргізілген. Оларға қатысты вакциналар толық жеткізілген.

Эпизотиялық ауруларға қарсы «Ауыл» МКК-ны техникалық, құрал-саймандармен, арнайы қорғаныс киімдерімен жабдықталған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы бірде-бір адам бруцеллез ауруымен тіркелмеген.

Жануарлардан жарақат алғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда едәуір азайған.

Дегенмен, үйлестіру кеңесінде малдан жұғатын аурулардың алдын-алуда әлі де болса кешенді жұмыстар атқарылу керектігі айтылды. Үй-жайларды, қора-қопсыларды тазалап, дәрілеуді, әсіресе, кенеге қарсы, құтыруға қарсы күресті күшейту керек. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың көзін жою, ауыл тұрғындары арасында үгіт-түсінік жұмыстарын кең көлемде жүргізу – ауыл әкімдері мен сала мамандарының басты міндеттері екендігі ескертілді.

Отырыс барысында малдан адамға жұғатын аурулардың алдын-алу жөнінде оңды ұсыныстар да айтылып, іс-жүзіне асырылатын болды.

Кеңес отырысын қорытындылаған С.Тұрсынқұлов ірі қараны шомылдыру, уақ малдарды тоғытуда тоғыту бекеттерінің ауыл тұрғындарының көңілінен шықпайтындығын, оның сапасыздығын, олардың талапқа сай жұмыс істеуін ауыл әкімдеріне, ветеринар мамандарына   арнайы тапсырды.

Сондай-ақ, күн ысып келеді. Шыбын-шіркей де көбейе түседі. Олармен кешенді жұмыс жүргізу керектігін тиісті сала басшыларының назарына салды.

Ж.МАХАНҰЛЫ,

Қазығұрт ауылы.

Ботулизмнің алдын алу!

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00

       

увавава

Сібір жарасы туралы не білесіз?

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00

Оқырман назарына!

 

                           

Түйнеме (Сібір жарасы) – зоонозды, аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, қызба және интоксикациямен, кейде сепсис дамуымен сипатталатын жұқпалы аурудың түрі. "Сібір" атауы осы дерттің XIX ғасырда Сібір аймағында он мыңдаған мал мен мыңдаған адамдардың қырылуының себебі болған үлкен эпизоотия мен індеттің пайда болуына байланысты берілген. Қазақстан Республикасында, соның ішінде біздің облысымызда медициналық қызметкерлерімен профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуіне байланысты бүгінде түйнемемен ауыру күрт төмендеді.

     Бұл аурудың қоздырғышы – микроб, "сібір жарасының таяқшасынан" шыққан. Ол ауру малдың қанында, зақымдалған барлық мүшелер мен тіндерде және ауру малдың дәреті мен нәжісінде кездеседі. Әсіресе, қоздырғыш малдың өлім алдында бөлінетін серозды сұйықтығында көп болады. Сібір жарасының таяқшасы жайлау топырағына, ашық су қоймаларының суына түседі. Тасқын, ағынды және жер асты сулары мал зираттарынан оны жер бетіне алып шығуы мүмкін.

   Ескі мал зираттарында споралардың өмір сүру бейімділігі малдарды көмгеннен кейін 30-40 және одан да көп жылдардан кейін байқалады. Спора сиырдың, қойдың, жылқының, шошқаның, түйенің, есектің ағзасына түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, содан кейін көбейіп, қан арқылы тарап, 1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру жануарларда әдетте ауыр түрде өтеді және көбіне ішектің бұзылысымен басталады. Ішектің кебуі, қызудың көтерілуі байқалады. Зәр мен сүтте қан көрінеді. Екінші-үшінші күні мал өледі.

   Адамның ауруға шалдығуы көбіне аурумен немесе өлген малмен жанасқанда, күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, көмгенде болады. Сонымен қатар, ауру малдан алынған азық-түліктен жұқтыруы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі адамдарда бірнеше сағаттан 8 күнге дейін созылады, көбіне қоздырғыштың теріге ену қақпасында кішкентай дақ пайда болғаннан кейін 2-3 күн. Аз ғана уақыттан кейін дақ безеуге, содан кейін бұлдыр қан аралас сұйықтығы бар көпіршікке айналады. Көпіршік жарылып, сұйықтық ағып кетеді, орнында қара қабықшамен – ноқатпен қапталған жара пайда болады. Осы сібір жарасының карбункулы болып табылады. Ауру жоғары температурамен, жалпы әлсіздікпен жүреді.

   Түйнеменің алдын алудың басты бағыты – ауыл шаруашылық жануарларын иммунизациялау. Үйде жеке мал болса, әр малды түйнемеге қарсы егу керек. Егер сіз жануарлардан аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу үйге ветеринар шақырыңыз. Малды сою ветеринар қарап, жануардың денсаулығы туралы анықтама бергеннен кейін жүргізілу керек. Мал еті ветеринардан алдын ала тексеріліп, анықтама бергеннен кейін тек базарларда сатылуы керек. Азық дайындау үшін ауыл шаруашылық малдарының етін тек қаланың базарларынан алу керек.

Емдеу 

   Қазіргі таңда сібір жарасын емдеуге арналған күшті дәрі-дәрмектер (гамма-глобулин және антибиотиктер) бар, алайда, тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, жақын орналасқан емдеу-алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет.  Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады.

Алдын       алу   шаралары 

   Адамдар мен жануарлар арасында сібір жарасының алдын алу шарасы –  жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі ауруды тез қабылдағыш әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды.

     Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет.  

   Құрметті шаруашылық иелері!  Мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайды шұғыл арада ветеринарға хабарлауыңыз керек. Егер жануар аурудан өліп қалса, ветеринар келгенше өздігіңізден оны союға кіріспеңіз. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау – адамдар мен жануарлардың дертке шалдығуына әкеледі. Бұған кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қаперіңізде сақтаңыз! Ет және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалардан алуға тыйым салынады.

Н.Тасбалта,

Қазығұрт аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының бөлім.