Басты байлық – ұрпақ саулығы

Сәрсенбі, 20 Қырқүйек 2017 00:00

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, барлық қоғамды дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылуда.

IMG 8393

ТЫРЫСҚАҚ

Жұма, 04 Тамыз 2017 15:12

Тырысқақ (холера) – жедел ішек инфекциясы тобына жататын дерт. Ол адам ағзасының жалпы улануымен су, тұз алмасу процестерінің бұзылуымен, ағзаның сусыздануымен сипатталатын жұқпалы ауру болып табылады. Жедел ішек ауруларымен салыстырғанда, тырысқақ өте ауыр түрде және қысқа мерзімде үлкен аймаққа тарау қабілетіне байланысты аса қауіпті аурулар тобына жатады.
Тырысқақ қалай басталады?

Бірінші байлық – денсаулық

Сейсенбі, 01 Тамыз 2017 09:58

Қазығұрт аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының МУА капитан Б. Садықовтың бастамасымен ҚР ҚК қатарынан Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп қайтқан жастармен «Бірінші байлық – денсаулық» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге қабілет-дарынын дамытып шығармашылық деңгейге көтеріле алады.
Басқосу барысында пікірлер алмасып, түрлі сұрақтарға жауап ала білген өрендер өз бойларына рухани азық ала білді.
Спорт – денсаулық кепілі. Әрбір адам спортпен айналысуы керек. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу. Кездесуге келген азаматтар аудандағы орталық стадионда спорттың бірнеше түрінен сайыстар ұйымдастырылып, кіші футболдан ойын өткізілді.
Жиын соңында келген жастар көтеріңкі көңіл күймен, жақсы әсермен тарқады.

Б. САДЫҚОВ,
Қазығұрт аудандық
қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығының
МУА капитаны.

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар қарапайымдылар тудыратын жəне балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл əлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, əсіресе, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен, колиэнтеритпен жəне басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған бірде бір ел жоқ. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мəліметтері бойынша жылына ішек инфекцияларынан емізулі жастағы 3 миллионға жуық бала қайтыс болады. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып табылады. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы – жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нəжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дəрежеде болуынан, азық- түліктерден, мəселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.

Қазығұрт ауданы Конго-қырым қанды қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтардың қатарына кіреді. Бұл ауру көбінесе көктемгі, жазғы маусымдарда жиі кездеседі. Қоздырғышы «Bonyaviridae pog Nairovirus» тектес вирус болып табылады. Ауру қоздырғышының негізгі тасымалдаушылары «Hyaloma asiaticum» кенелері. Жануарлар (ірі қара мал, қойлар, ешкілер) вирустың уақытша қоймасы болып саналады. Ауру ошақтарының мекені шөлейт, жартылай шөлейт, далалық ландшафттар. Кене адамдардың және жануарлардың терісіне жабысып алып, қанын сору арқылы ауру таратады.

2017-жылы 1-шілдеден бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілді. Бұл жүйе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт Жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.

20170125184151

Сібір жарасы

Дүйсенбі, 31 Шілде 2017 10:28

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдарда кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Халық арасында күйдіргі, түйнеме деп те аталады. Ауру қоздырғышы күйдіргі бацилласы болып табылады. Сібір күйдіргісі бацилласының споралары суда, топырақ қойнауында ұзақ жылдар бойы сақталынып, өмір сүре береді. Олар дезинфекциялық заттарға өте төзімді келеді. Споралары тері иленгеннен кейін де, етті тұздаған соң да жойылмай тірі күйінде қала береді. Қой, ірі қара, жылқы – сібір жарасын ең жиі қабылдағыштар. Сондай-ақ, ешкі, есек, түйе, шошқа, сирек жағдайда ит, мысықта ауырады.

Жұмыс берушілер сақтандыру қорына 2017-жылдың 01-шілдесінен бастап, ал мемлекет 2018-жылдың 01 қаңтарынан бастап жарналарын аударатын болады. Сәйкес заң өз күшіне енді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Нұрсұлтан Назарбаев 2016-жылдың 22-желтоқсанында қол қойған болатын. Құжаттың мәтінін жариялаушы мемлекеттік БАҚ заңның 2017- жылдың 01-қаңтарынан бастап өз күшініне енетінін айтады.

09122016

Құтыру ауруынан сақтаныңыз!

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 11:26

Құтыру індеті – жедел вирусты аурулардың ең қатерлісінің бірі. Егер дер кезінде ем алмаған жағдайда, ауырған адам ми қабынуынан қайтыс болады. Індеттің басталу мерзімі 10 күннен 90 күнге дейін, кейде 1 жылдан артық уақытқа созылады. Бастапқы белгілері – тістеген жердің қышып, тартып және сыздап ауруы. Субфебрильді температура, жалпы әлсіздік, бас ауру жиі байқалады. Ауыздың құрғауы да мазалауы мүмкін. Науқастың тәбеті төмендейді, көру, есту тітіркенгіштігі, жоғары сезімталдығы байқалады, гиперестезия, жұтқыншақта және кеудеде қысылу сезіледі. Ұйқысы ерте бұзылады, қорқынышты түс көрулер болады, кейін ұйқысыздық мазалайды. Себепсіз қорқыныш, үрей, зарығу сезімі мен өлім туралы ойлар пайда болады. Жүрек айну, жиі құсу, тершеңдік, мидриаз қосылады.

Медициналық сақтандыру тұрғындарға медициналық көмектің максималды дәрежесін алуға ықпал етеді.

2lcl51dw336635Қол жетімді емдер;
Өз қалауыңыз бойынша кез келген жеке немесе мемлекеттік клиникаларда медициналық көмек ала аласыз.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде барлық қызметтер дәрігердің қабылдауынан бастап, терең сараптамадан өту мен қымбат оталар көрсетіледі. Бұларға кететін шығын Қор есебінен төленеді.
Сапалы медициналық көмек;
Қор барлық медициналық ұйымдардың қатаң іріктеуін жүргізеді. Әр клиника сізге жоғары дәрежеде медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады. Өйткені, Қор ауруханалар мен емханалар сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін қаржы төлейді және олардың көрсетілуін қатаң бақылауда ұстайды.
Тегін және қол жетімді дәрі-дәрмектер;
Сіз мемлекет белгілеген ауру түрлеріне байланысты тегін дәрі-дәрмектер алуға құқылысыз.
Сіз бұл дәрілерді еліміздің кез келген дәріханаларынан ала аласыз. Қор дәріханалардың қызмет ақысын төлеуді өз мойнына алады.
Сіздің мүдделеріңіздің қорғалуы;
Егер емдеуден бас тарту немесе сапасыз қызмет көрсету жағдайларына тап болсаңыз, Қор сіздің мүдделеріңз бен құқықтарыңызды қорғап, тексерулер жүргізіп, тиісті шаралар қабылдайды.
Өзіңіздің денсаулығыңыз бойынша толық ақпарат;
Денсаулық сақтау жаңа электронды жүйеге көшіріледі. Онда Сіздің емханаларда болғаныңыз жөнінде барлық ақпаратттар стационарлық емдеріңіз және сараптамалар нәтижелері, дәрігерлердің қорытындылары мен ұсыныстары толық көрсетіледі.
Сақтандырылған азаматтар үшін;
Амбулаториялық-емханалық көмек.
Емханаларда емделу.
Дәрігерлердің қабылдауы.
Лабораториялық қызметтер.
Диагностика және манипуляция қызмет етеді.

Дінмұхаммед ЕРЖАНОВ,
аудандық невропотолог дәрігер.